
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «т. Рысқұлов ат. Қазақ экономикалық университеті» ақ
- •Әдістемелік нұсқау
- •Курстық жұмыстың мақсаты мен тапсырмалары
- •2 Курстық жұмысты орындауды ұйымдастыру және оның құрылымы
- •Курстық жұмысты рәсімдеу талаптары
- •3.1 Рәсімдеуге байланысты жалпы талаптар
- •1 Экскурсия қызметінің теориялық аспектілері
- •1.1 Экскурсия қызметінің қр дамуы
- •3.2. Алынған көздерге сілтемелер
- •Курстық жұмысты дайындауда қолданылған кітаптар мен ғылыми жұмыстардың библиографиялық сипаттамасы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Курстық жұмыстың тақырыбы
- •Курстық жұмысты қорғау
- •1 Қосымша қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «т. Рысқұлов ат. Қазақ экономикалық университеті» ақ
- •Курстық жұмыс
- •2 Қосымша
- •Мазмұны
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «т. Рысқұлов ат. Қазақ экономикалық университеті» ақ
«Әлеуметтік қызмет және бизнес» факультеті
«Туризм» кафедрасы
«Туризм» мамандығының
Күндізгі және сыртқы оқу бөлімінің студенті
«Экскурсиятану» пәні бойынша
Курстық жұмысты орындауға арналған
Әдістемелік нұсқау
Алматы, 2012
Кіріспе
«Туризм» мамандығының СӨЖ шегінде оқу жоспарымен «Экскурсиятану» пәні бойынша курстық жұмыс жазу көзделген. Аталған жұмыс теориялық білімді бекітуге, студенттердің пәнді өздігінен оқу тәсілдерін нығайтуға көмек береді. Курстық жұмыс – бұл сауатты жазылған әмбебап, оқу-ғылыми зерттеу. Ол студенттің курстық жұмыс мазмұнын жасақтау кезінде, студент оқу барысында алынған білімдерін тереңдете, бекіте түседі. Курстық жұмысты орындау мыналарға бағытталған:
пәнді тереңдете қабылдауға;
өзіндік сараптау элементтерін дамытуға;
студенттің энциклопедиямен, оқу әдебиеттерімен, статистикалық мәліметтермен, БАҚ мәліметтерімен өзіндік жұмыс тәсілдерін үйретуге;
зерттелген мәліметтерді жалпылауға;
студенттердің өзінің ойларын жазбаша түрде сауатты, әрі нақты жазуға.
Курстық жұмыстың мақсаты мен тапсырмалары
Курстық жұмыстың мақсаты оқу процесі кезінде алынған білімді жүйелеп, бекіту.
Курстық жұмыс тапсырмалары студенттердің теориялық және практикалық мәліметтерді қолдана отырып, белсенді туризмнің құжаттарын дайындап, сәйкес қорытындыларды жасау болып табылады.
2 Курстық жұмысты орындауды ұйымдастыру және оның құрылымы
Курстық жұмыс келесі элементтерден тұрады:
титулдық бет (1 қосымша);
мазмұны;
кіріспе;
негізгі мәтін;
қорытынды;
қолданылған әдебиеттер тізімі;
қосымша
Титулдық бетте келесі мәліметтер болады:
министрліктер туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі; «Т. Рысқұлов ат. Қазақ Экономикалық университеті»);
факультет туралы ;
аталған пәнді оқытушының кафедрасы туралы (Туризм);
тақырыптың аты туралы;
ғылыми басқарушы мен студент туралы мәліметтерден;
ЖОО-ның орналасқан орны (Алматы қ.) мен жұмыстың орындалған жылы туралы.
Титулдық бет курстық жұмыстың бірінші бетінде орналасады және нөмірленеді, бірақ ол бетке нөмір қойылмайды. Титулдық бетте сөзді тасымалдауға болмайды.
Титулдық бетті рәсімдеу үлгісі 1 қосымшада көрсетілген.
Курстық жұмыс мазмұны (жұмыс жоспары) – бұл курстық жұмыста көрсетілгендей белгілі бір ретпен құрастырылған бөлімдер мен тараулар жиынтығы. Мазмұнда тараудың бастапқы бетінің нөмірі көрсетіледі.
«Мазмұны» бетінде барлық бөлімдердің (1,2,3), бөлімшелердің (1.1, 1.2, 2.1, 2.2, т.б.) атаулары, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар көрсетіледі.
Мазмұны (жұмыс жоспары) курстық жұмыстың басында орналасады, ол курстық жұмыстың құрылымын көруге мүмкіндік береді.
Мазмұны(жұмыс жоспары) бір парақта орналасады.
«Кіріспеде» жұмыстың ең өзекті мәселелерін, мақсаты мен міндеттерін көрсету қажет. Кіріспе мен қорытынды – бұл дипломдық жұмыстың ең маңызды тараулары, өйткені осы тарауларды оқыған кезде жазылған жұмыстың сапасы туралы алғашқы ой-пікір қалыптасады.
Негізгі бөлім. Курстық жұмыстың бұл бөлімінде студенттің экскурсияларының технологиялық құжаттарын дайындау мүмкіндіктері ашылады.
Бұл бөлімде мазмұндау тәртібі таңдалған тақырыпқа байланысты болуы тиіс.
Курстық жұмыс мазмұны таңдалған тақырыпқа сәйкес болуы керек және жұмыс жоспарында көрсетілген мәселелерді шешуді талап етеді. Тақырып қайталанбауы тиіс. Курстық жұмысты орындау алынған тақырыпқа сәйкес энциклопедиялық әдебиеттер сараптамаларына, баспа мәліметтеріне, статистикалық деректерге, Интернеттен алынған ақпаратқа негізделуі тиіс.
Пайдалынған әдебиеттер тізімі курстық жұмысты жазуда қолданылған әдебиеттер туралы ақпараттарды көрсетіп, осы Ереже талаптарына сай рәсімделуі керек және олардың саны 15-тен кем болмауы керек.
Қосымшаларда жанама маңызды және аралық формулалар мен есептер, кестелер, ережелер, әдістемелер, есепті шешу алгоритмдерін сипаттау, статистикалық, салық есептемелерінен және т.б. тұратын мәліметтер келтіріледі, жұмыстың мәтіні барысында оларға сілтемелер беріледі.