Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АҚША-НЕСИЕ САЯСАТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
344.06 Кб
Скачать

2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатын және қр екінші денгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау («алматы сауда-қаржы банкі» акционерлік қоғамы негізінде)

2.1 «Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамының жалпы сипаттамасы және ұйымдық құрылымы

«Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамы (бұдан кейін - Банк) - өз клиенттерінің игілігі үшін 15 жыл уақыт табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.

«Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамының филиалдарындағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу жобаларындағы несиені құру және өтеу тәсілдері Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңде жүргізіліп отырған заңнамасымен және Банктің ішкі құжаттарымен сәйкестендіріліп жүзеге асырылуы қажет.

Филиал -«Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамының бөлімшесі болып табылады және жеке кәсіпорындар мен әр түрлі ұйымдардың қаржылық ресурстарын дұрыс пайдалануға, аймақтың жеке және заңды тұлғаларының қаржылық жағдайдағы сұраныстарын толық қанағаттандыруға мүдделі болып табылады. Филиал Орталық кеңсе және қашықтағы кеңселерге (филиал, банкттік қызмет көрсету орталығы) бөлінеді.

«Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамы бөлімшелерінде қолданылатын негізгі шарттардың мақсаттары мыналар болып табылады:

- Банктің филиалдарындағы несиелік операциялардың құрылуын және өтелуін тәртіппен жүргізу;

- Шағын және орта кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша филиалдың қызметкерлері несиелік қаражатты өтеу және құру технологиясын қадағалау;

- Екінші ретті банктердің несиелік құжат айналымының сапасы ҚР Ұлттық Банкінің Басшылығымен бекітілген 1999 жылдың 16 тамызындағы № 276 және Банктің ішкі құжат айналымымен сәйкес келуі қажет.

Негізгі шарттар «Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамының Жалпы несиелік шартының бөлінбейтін бөлшегі. Шартқа кіретін өзгертулер мен толықтырулар Банктің Басқармасымен бекітіледі.

«Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамы Ақтау қаласы филиялының құрылымымен танысу.

«Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамы жалпы ережесі. «Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамы филиалдарындағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу жобаларындағы несиені құру және өтеу тәсілдері Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңде жүргізіліп отырған заңнамасымен және Банктің ішкі құжаттарымен сәйкестендіріліп жүзеге асырылуы қажет.

Шарттар «Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамы филиалдарындағы Несиемен қамсыздандыру әкімшілігі бөлімінің жұмыстарын ұйымдастырудағы тәртібін қадағалауда, банктік тәуекелді минимизациалауда, құжат айналымын бақылау және филиалдың басқа бөлімшелерімен, Бас Банкпен қарым- қатынасын жүргізу мақсаттарында құрылған.

Банктік қызмет көрсету орталығы – жүргізілген жұмыстардың бекітілуіне байланысты жеке және заңды тұлғаларға банкттік қызмет көрсетуді ұсынатын және басқа пошталық мекен – жай бойынша орналасқан филиалдың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Шарттарды қадағалау жауапкершілігі филиалдың Несиемен қамсыздандыру әкімшілігі бөлімінің мамандары мен жетекшілеріне, Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің жетекшілеріне және филиалдың Басшыларына жүктеледі. Егер бұл шарттарды бұзған жағдайда кінәлі тұлғалар еңбек заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Филиалдың Несиелеу әкімшілік бөлімі –филиалдың құрылымдық бөлімі, сонымен қатар несиелік және кепілдікке алу әкімшілігі болып табылады.

«Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамының ұйымдық құрылымы күрделеніп келген және иерархиялық, яғни жоғарыдан төмен басқару болып табылады. Жалпы құрылымын атап кететін болсақ, Директор - жоғарғы басшы, оның екі орынбасары бар. Бірі тұтыну несиелеуін басқарады, екіншісі шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеуді басқарады. Сонымен қатар филиалда тәуекел менеджері болады. Ол тек қана Бас Банкке тәуелді.

Банктің филиалы бірнеше ірі басқармаларға бөлінеді:

- Бухгалтерлік есеп басқармасы;

- Несиемен қамсыздандыру басқармасы;

- Валюта басқармасы.

Сонымен қатар, Банктің филиалы бірнеше бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді:

- Төлем және бақылау бөлімі;

- Есеп бөлімі;

- Заңды тұлғаларды несиелендіру бөлімі;

- Жеке тұлғаларды несиелендіру бөлімі;

- Құжаттар айналым операциялық бөлімі;

- Қаржылық төлем және бақылау бөлімі;

- Валюта айырбастау бөлімі;

- Сервис – менеджер қызметі бөлімшесі;

- VIP – орталығы бөлімшесі;

- Тұтыну несиесін бөлімшесі;

- Ақпараттық – технологиялық бөлімшесі;

- Шаруашылық - әкімшілік бөлімшесі;

- Маркетингтік бөлімшесі;

- Қауіпсіздік бөлімшесі;

- Инкассация қызмет бөлімшесі.

Филиалдың Несиемен қамсыздандыру әкімшілігі бөлімі – Банктің құрылымдық бөлімі болып табылады, бұл бөлім банктік несие беру келісім шартының және кепілдікке алу келісім шартының дайындығына, оған басшылардың қол қоюларына, келісім берулеріне және несиенің уақытылы өтелуіне жауапты болып табылады. Несие алушының несие ақпаратының толық дайын болуын және оның Банктің ішкі құжаттарына сәйкес келуін қадағалайды.

Филиалдың Несие бөлімі – Банктің ішкі құжаттарына сәйкес несие алушымен несие жөнінде жұмыс жасайды. Несие бөлімі қарамағына шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу бөлімі жатады.

Филиалдың несиелеу эксперті – шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу жұмыстарына жауапты, несие алушымен жұмыстанатын, несиелеу жобасының банктік экспертизасын дайындайтын, Өкілетті органның жоба ережесін қарастыруды дайындау және шешім қабылдау, жобаның орындалуына, несие алушының қаржылық жағдайын, несие қаражатының мақсатты пайдаланылуын, негізгі қарыздың және сыйақының өтелуін бақылау жұмыстарына жауапты.

Филиалдың кепілдікке алу қызметінің маманы - филиалдың Несиемен қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімінің мамандары.

Филиалдың Заң қызметі - Қазақстан Республикасының заң намасына сәйкес жобалардың типтік емес келісім шарттарына келісім беру және қосымша келісім шарттардың дұрыс орындалуын бақылайтын филиалдың құрылымдық бөлімі болып табылады.

Филиалдың Операциялық басқару бөлімі - несиелеу әкімшілігі бөлімінің тапсырысымен несиелік төлемдердің берілуіне және өтелуіне, сыйақылардың, коммисиялардың, пениялардың және штрафтық санкциялардың төленуін бақылайтын құрылымдық бөлімі болып табылады.

Филиалдың Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі - несиелеу әкімшілігі бөлімінің тапсырысымен операциялық көрсетілім бойынша несиелік қарыз және басқада несиелік тауарларды берумен байланысты бухгалтерлік жазбаларды орындайтын филиалдың бөлімі.

Өкілетті орган - банктық несие беру, банктік қызмет көрсету және басқа қаржылық тауарларды беру жөніндегі, оның өкілетіне жататын несие беруге жағдай жасауды және олардың жалпы параметрлерін анықтайтын банктің тұрақты қызмет ететін әріптестік орган болып табылады. Өкілетті орган Директорлар Кеңесі, Банкті басқару, Банктің несие комитеті т.б. бола алады.

Өкілетті тұлға – оның өкілетіне жататын Банктің құрылымдық бөлімін басқаратын, жетекшілік етуші қызметкер.

Директор/Филиал Директорының орынбасары/ - филиалдың ережесіне байланысты және оған сеніп тапсырылған өкілетті филиалдың жетекшісі.

АБИС «Несиелік Модулі» - Банкке қатысты несиелік операциялардың статистикалық есеп беруін, басқарушылық құрылымының кепілдікке алудың қамтамасыз етілуін орындайтын Банктің бағдарламалық қамтамасыз етуілуі.

«Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамының есеп саясаты. «Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамының қазіргі Есеп саясаты Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңына және басқа да Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актлеріне, және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Банктің сұранымына және негізгі қызметіне байланысты Банктің қазіргі Есеп саясаты ҚР-ң «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңына, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына, және ҚР-ң екінші ретті банктерінің бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарына, ҚР-ң Ұлттық Банк Басқармасының 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 бекіткен жарғысының талаптарына сәйкес Банктің бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің принциптерін, негіздерін, жағдайларын, тәртібін және тәжірибесін құрады.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты болып Банктің қаржылық жағдайының өзгеруі және қызметтерінің нәтижелері жөнінде, қаржылық жағдайы туралы қызығушылық білдірген тұлғаларды толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Жылдың қаржылық (операциялық) жалғасуы жылдың күнтізбелік арлығына сәйкес келуі қажет, яғни 1- қаңтардан 31- желтоқсанға дейін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес Банктің бекітуімен тәртіп және уақыт бойынша айналымның аяқталуы жылдық есеп беруде жүзеге асырылады.

Қаржылық есеп беру Банктің негізгі қаржылық ақпаратын қолданушыларға қызмет етеді. Бухгалтерлік есеп беру және қаржылық есеп беруді дайындап құрған кезде Банк бухгалтерлік есеп принциптеріне жетекшілік етеді. Тіркеу принципі ақша қаражаттарының төленуі кезінде көрсетілмейді, ол Банктің табыстары мен шығындарының табысталуы уақыты аралығында көрініске ие болады.

Үздіксіздік принципі Банктің қызмет етуін және болашақта ары қарай қызметін жүргізуін болжайды, және өз қызмет масштабын қысқартуды болжам жасай алмайды.

Қаржылық есеп беруді құрған кезде Банк қаржылық есеп берудің негізгі сапалы мінездемесі келесі жетістіктермен қамтамасыз етеді:

1. Түсініктілігі. Банктің қаржылық есеп беруіндегі ақпарат қаржылық есеп беруді қолданатын әрбір пайдаланушының түсінуіне тиімді болу қажет.

2. Анықтылық. Банктің қаржылық есеп беруіндегі ақпарат қаржылық есеп беруді қолданатын әрбір пайдаланушының шешім қабылдауына анық болу керек.

3. Сенімді.Банктің қаржылық есеп беруіндегі ақпарат анық қателерді ұстанбайды, операциялар мен басқа жаналықтарды дұрыс ұсынады.

Банктің қаржылық есеп беруі озіне мыналарды қосады:

- бухгалтерлік есеп;

- пайда және шығындар туралы есеп;

- ақша қозғалысы туралы есеп;

- өз капиталындағы өзгерістер туралы есеп;

- түсініктеме туралы хат;

- Банктің қаржылық жағдайын ашатын басқа да есептер.

Банк міндеттер мен активтерді бағалаудың келесі әдістерін қолданады:

1. Тұтынуға алудың нақты құны. Активтер тұтынуға алынған уақыттан бастап оларға төленген ақшалай соммасы немесе негізгі құны арқылы есептелінеді. Міндеттемелер түсім соммасы бойынша көрсетіледі.

2. Қайта құру құны.

3. Сатудың мүмкін болатын бағасы.

4. Дисконтталған құн.

Активтері мен меншікті капиталының көлемі жағынан банкі Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі ірі банктердің үштігіне кіреді. 2006 жылғы жағдай бойынша Банктің активтері 1,01 трлн. теңге, міндеттемелері – 888 млрд. теңге, меншік капиталы (баланстық) – 126 млрд теңге, жарғылық капиталы 66 млрд.теңгені құрады.

2001 жылы жүргізілген банкінің жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді. Банк VISA International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар рыногының тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің айналымдағы карточкаларының жалпы саны 2,8 млн. бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 50 пайыздан асады.

Банктің миссиясы:

- Еліміздің барлық аумағында халықаралық стандарттарға сай кең ауқымды банк қызметтерін көрсетеді.

- Халықтың барлық тобымен, меншік нысаны әр түрлі кәсіпорындармен және мемлекеттік мекемелермен ынтымақтаса жұмыс істейді.

- Клиенттер мен акционерлер қаржысының сенімді сақталуын, тиімді орналастырылуын әрі көбейтілуін қамтамасыз етеді.

Банктің 2007-2009 жылдардағы даму стратегиясының негізгі міндеті - Қазақстанда және онымен шектесіп жатқан көрші елдердегі қаржы рыногының барлық сегменттерінде: банк, зейнетақы, сақтандыру, бағалы қағаздар және лизинг саласында қызмет көрсететін әрі клиенттер мүддесін көздеуге бағытталған қаржылық топ құру болып табылады.

1. Өнімдер мен қызметтер ауқымы банкі мен оның еншілес компанияларының тобы еуропалық стандарттарға сәйкес жұмыс істеуге талпыныс жасайтын болады әрі Банктің филиалдар желісі арқылы өз клиенттеріне қаржылық өнімнің неғұрлым кең ауқымын ұсынуға ұмтылады. Қаржылық топ өнімдер мен қызметтердің жаңа түрін енгізетін болады және өңірдегі қаржылық инновациялар саласында көш бастаушы болуды көздейді.

2. Қызмет ету географиясы қаржы тобы Қазақстанның, Ресейдің, Орталық Азия мен ТМД елдерінің және Қытайдың қаржы нарықтарында жұмыс істейтін болады. Клиенттер мүддесі талап ететін жағдайда топ дербес түрде немесе стратегиялық серіктестері арқылы басқа елдердің қаржы нарықтарына да шыға алады.

3. Клиенттері Қаржы тобы өз қызметтерін заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға да ұсынатын болады. Қолда бар клиенттерге ұсынылатын қызметтер сапасын барынша арттыру арқылы әрі қызмет түрін барынша кеңейте отырып, топ жаңа клиенттерді тарта алады және бұлар негізінен орта бизнес, жобалық қаржыландыру өкілдері мен жастар және орташа класқа басым көңіл бөлетін болады.

4. Сату арналары Топтың Қазақстандағы негізгі сату арнасы Банкі филиалдары болып табылады. Басқа елдердің нарықтарында еншілес компаниялармен қатар топтың стратегиялық серіктестерінің арналары да пайдаланылатын болады.

5. Стандарттар Стратегиялық серіктестерімен бірлесе отырып, топ 2006 жылы тәуекелдерді басқару, ақпараттық технологиялар және корпоративтік басқару салаларында Еуроодақ (ЕО) стандарттарына толық сәйкес келуді көздеді.

2007-2009 жылдар ішінде бизнесті дамытудың негізгі міндеттері: 1. Халыққа бөлшек бизнес қызметін көрсету нарығында жетекші банк атану. Ең бастысы - сатулар жүйесін құру, оның арқасында Банктің кеңінен таралған филиалдар желісінде тұрғындарға қаржылық қызметтің толық жиынтығы ұсынылады.

2. Активтерді басқару нарықтарында өз айқындамасын күшейту (кең мағынада алғанда, оның ішінде зейнетақы қорын, өмірді сақтандыру компаниясын, брокерлік компанияны, активтерді тікелей басқару жөніндегі бөлімшелерді қоса алғанда).

3. Жалпы сақтандыру нарығында табанды да берік айқындама ұстануға қол жеткізу. 4. Нарықтың барлық негізгі сегменттері бойынша кемінде 25 пайыздық үлесті иемдену.

5. Шағын және орта кәсіпкерлерге несие беру нарығында жетекші банктің бірі болу.

6. Ірі экспорттық кәсіпорындарға қызмет көрсетуде мығым айқындама жасау; 7. Бәсеке қабілеті жоғары, ең алдымен клиенттердің құрал-жабдық сатып алу мұқтаждығын қамтамасыз ете алатын лизинг компаниясын құру. 8. Қазақстан мен оған шектес өңірде қаржы тобының шеңберіндегі құрылымдық өнімдер бойынша бизнес ашу.

9. Стратегиялық серіктеспен бірлесіп Қазақстан аумағынан тыс жерлерде бизнесті қолға алу және 5 жылдың ішінде шетелдік бизнестің жалпы өнім көлеміндегі үлесін 30 пайызға жеткізу. Ресеймен саудалық қарым-қатынасқа оның ішінде шекаралық саудаға (саудалық қаржыландыру) қызмет көрсету бизнесін құру.

10. Қорландыру мерзімін ұзарта отырып, қор базасын сараландыруды жалғастыру.

Банктің Қаржы тобының құндылықтарын төмендегі 2- кестеде көруге болады.

Кесте 2 - «Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамы Қаржы тобының құндылықтары

Клиентке бет бұру

Банк клиенттерінің қол жеткізген табысы - бұл үлкен жетістік. Клиенттердің нақты мұқтаждығын барынша ұғынуға тырысады және олардың алдына қойған мақсатына қол жеткізу, кейде тіпті одан да биік асуларға жетуі үшін ең тиімді деген ұсыныс жасау бағытына күш салуға міндеттенеді.

Сенімділік

Халықаралық құқық нормалары мен жалпылама мойындалған қағидаларды, Қазақстан Республикасының заңнамасын, қаржы тобы өз бизнесін жүргізетін басқа елдердің заңнамасын, сондай-ақ қаржы тобының ішкі қағидалары мен ережелерін де бұлжытпай орындайды. Корпоративтік басқарудың еуропалық стандарттарына сүйенуге талпынады және акционерлер үшін де, клиенттер мен іскерлік серіктестер, мемлекеттік билік органдары және қызметкерлер үшін де барынша ашық әрі бүркемесіз жүргізу саясатын ұстанады. Сенімділік - қаржы тобының іскерлік беделін сақтаудың басты кілті болып табылады.

Жетекшілік

Қатысатын рынок сегменттерінің барлығында да клиенттерге қызмет көрсетуде жетекші орыннан көрінуге ұмтылады. Ұйымдық деңгейдегі біздің барлық басшыларымыз өз ісіне шынайы берілген, қажырлы да табанды энтузиазм үлгісін көрсетуде. Басқаратын ұйымды қаржы тобының миссиясын орындауға бағыттайды, рухтандырады, инновацияларға құптарлықпен қарайды.

Әлеуметтік жауапкершілік

Қаржы тобы қызметінің негізгі қағидаларының бірі - халықтың барлық тобының қажеттілігі мен мүддесін қамтамасыз етуді бағдарлау. Қоғамды одан әрі дамыту үшін ат салысуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді үлес қосуға әрі жауапкершілік сезімі жоғары корпоративтік азамат тұрғысынан көрінуге ұмтылады.

Әділеттік

Әріптестерімен ара-қатынастары өзара көмек, құрмет, ынтымақтастық, сенім және корпоративтік бірлік қағидаттарына сүйене отырып құрайды. Қаржы тобының барлық құрылымдары арасында еркін пікір алмасуды ғана емес, білім мен тәжірибе алмасуды да құптаймыз және командалық жұмысқа негізделген тиімді қызметті қолдайды. Өз қызметкерлерін кәсіби деңгейін арттыруға, олардың әлеуметтік тұрғыдан нақты қорғалуына барынша көңіл бөледі. Қызметкерлерге көтерме сыйақы төлеу, олардың еңбегін мойындау әрі лауазымдық жағынан өсіру бізде әділеттік қағидатына негізделген және әр қызметкердің қаржы тобы жетістіктеріне қосқан жеке үлесінің нәтижесімен тікелей байланысты.

Кәсібилік

Кәсіби қызметтің неғұрлым жоғары стандарттарына қол жеткізуге ұмтылады, қашан да инновациялар мен жаңа ой-пікірлер үшін ашық, батыл әрі дәйекті түрде әрекет етуге әзір. Клиенттерге қызмет көрсету операцияларын адал ниетпен, уақытылы әрі сапалы түрде іске асырады, ал бұл өз кезегінде клиенттермен ара-қатынасымыздың берік әрі ұзақ мерзімді болуын қамтамасыз етеді.

Банктің қаржылық тобын дамыту стратегиясы:

1. Кең таралған филиалдар желісін, «Алматы Сауда-қаржы банкі» Акционерлік Қоғамы деген танымал атауы мен имиджін пайдалана отырып, банкі өзінің еншілес компанияларымен бірге қаржылық топқа айналуға және жеке тұлғалармен жұмыс істейтін жетекші ірі банк ретінде айқындалуға тиіс. Бұл үшін:

- қаржы тобы артықшылығы нақты айқындалған сегменттерде (төлем карточкалары, төлемдер мен аударымдар) өз күшін басым түрде шоғырландырып, сол салада жаңа өнімдер - телефондық банкинг, супер банкоматтар, т.б. енгізуге көңіл бөлуі қажет;

- бір-біріне сәйкес келетін, түйіспелі кешенді қаржылық қызметтің тиімді жүйесін жасау, сөйтіп Банктің филиал желісі арқылы «one stop shopping» тұжырымдамасымен бір клиентке орташа алғанда кемінде 4 түрлі өнім: төлем карточкаларын, депозиттер, тұтыну немесе тұрғын үй несиесін, сақтандыру (жалпы) қызметін, зейнетақы қорының өнімдерін сату, ал болашақта - бағалы қағаздармен жасалатын операциялар, сондай-ақ орташа кластың жоғары тобына кіретіндердің активтері мен өмірін қорғау қызметін ұсыну керек;

- қазіргі уақытта нақты бәсекелестерде жоқ жаңа өнімдер түрін енгізу және Қазақстанда ыңғайлы да икемді қаржылық супермаркет сервисінің жоқтығынан қаржылық қызметтерді жеткілікті пайдалана алмайтын клиенттерді түйіспелік сатулар қызметі есебінен тартып отыру қажет.

2. Корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету тұрғысынан алғанда корпоративтік және инвестициялық банкингтегі айқындамаларды нығайту қажет. Мақсатты клиенттік база мыналар болуға тиіс:

- аса ірі клиенттер, экспортер-кәсіпорындар, оларға жергілікті және шетелдік жетекші банктердің ұсынатын қызметтерімен салыстыруға келетін қызметтер түрін көрсететін жағдай жасау. Мұндай клиенттерге жоғары деңгейдегі сапалы қызмет пен кешенді банктік және қаржылық қызмет ұсынылуға тиіс;

- сонымен қатар қазіргі уақытта несиені қажет етпейтін клиенттерге де көңіл бөлінгені жөн және оларға қаржы тобының банктік емес, пайызы жоқ өнімдерін ұсыну қажет;

- шағын және орта бизнес саласындағы клиенттер базасын бөлшек банкинг секторындағы секілді «one stop shopping» арқылы және түйіспелі сатулар есебінен жетілдіру керек.

3. Қаржы секторындағы өтімділіктің артуы және жоғары класс пен орта класс өкілдері әл-ауқатының өсуі бізде активтерді басқару қызметіне сұраныс туғызады (asset management және private banking). Бұл ретте серпіліс жасап, неғұрлым алға дамуға, еншілес зейнетақы қорының жетекшілік рөлін барынша пайдалануға ұмтылған жөн болады. Активтерді басқару арқылы қаржылық топ ұсынып отырған қолда бар қызметтер спектрін толықтыруға болады, бұл сондай-ақ жеке адам өмірін сақтандыру компаниясын құруға мүмкіндік береді. Аталған компанияның табысты қызмет істеуін қамтамасыз ету үшін активтерді басқаруға дағдылану, машықтану қажет. Қаржылық топ ішінде жүретін процестерді басқарудың негізгі міндеттері:

1. Қаржы тобының стратегиялық серіктесі ретінде еуропалық қаржы институтын тарту қажет.

Филиалдар желісі арқылы сатуларды кеңейтуге, бір орталықтан есепке алуға мүмкіндік беретін және тәуекелдерді басқару жүйесіне қолдау көрсететін ІТ жүйесін іске қосу керек.

Стратегиялық серіктеспен бірлесіп, еуропалық стандарттарға толық сәйкес келетін тәуекелдерді басқару жүйесін құру қажет.

Клиенттерге филиалдар желісі арқылы жоғары сапалы қызмет көрсетуді және толық өнім жиынтығын ұсынуды қамтамасыз ететін қызметкерлер құрамын оқытып-үйрету жүйесін құру керек.

Қаржы тобы шығаратын шешімдердің бүркемесіз, ашық болуын және акционерлер құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін корпоративтік басқару жүйесін құру қажет.

Банкте клиенттермен қарым-қатынасты басқару жүйесін енгізу керек. «Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамы 3 - кестеде келтірілген қызметтерінің 2004-2006 жылдардағы негізгі көрсеткіштерін талдап кетейік:

Банктің жарғылық қоры үш жыл ішінде шамамен 2 есеге артты, соңғы 2011 жылы 1,7 пайызға өсіп, 6 995 млрд. теңгені құрады. Ал Банктің меншікті капиталы 2009 жылы 57306,7 млрд. теңге болса, үш жылда 4,6 есеге өсіп, осылайша 263926 млн. теңгеге жетті, соңғы жылы оның өсімі 66,55 пайызды құрады.

Кесте 3- «Алматы Сауда-Қаржы Банкі» Акционерлік Қоғамы қызметінің 2009-2011 жж. негізгі көрсеткіштері (млн. тенге)

Көрсеткіш

2009ж

2010ж

2011ж

Жарғылық қор

4197,2

4996,0

6995,0

Меншікті капитал

57306,7

88271,0

263926,0

Активтер

704056,6

1194869,0

2444302,0

Қарыздық портфель

494930,6

743411,0

1678840,0

Клиенттердің депозиттері

197827,3

303437,0

675800,0

Таза пайда

8689,3

19815,0

29586,0

3 – кестеден көріп отырғанымыздай, Банктің активтері 2009 жылы 704056,6 млн. теңгені құраса, 2011 жылы 2444302 млн. теңгеге дейін, яғни шамамен 3,5 есеге өсті. Активтердің өсуі негізінен Банктің ағымдық жылдағы евробондтарды орналастыруына байланысты қаражаттың келіп құйылуның әсерінен болды.

Банктің қарыздық портфелі 3 жыл ішінде 3,5 есеге өссе, 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 2 есеге өсіп, 1678840 млн. теңгеге жетті. Депозиттер өсімі соңғы жылы 44,9 пайызды құрады.

2010 жылы Банктің таза пайдасы 2009жылмен салыстырғанда 11125,7 млн. теңгеге өсті, 2011 жылы 29586 млн. теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда шамамен 12 пайызға өсті.

Қаржылық жағдайды талдаудағы басты көздердің бірі банктің бухгалтерлік балансы болып табылады. Қаржылық талдауды баланстың активінен бастайық. Баланстың активіның бірінші бөлімі ұлттық (орталық) банктердегі ақша қаражаты және касса. Бұл бөлім жиынтық активтердің көп бөлігін қамтиды. 2010-2011 жылдарда қаражат көлемі күр өсіп, 209005 млн. теңгеге жетті. Банктерге берілген қарыздар көлемі азайды, 2005 жылы бұл сома 254287 млн. теңгеге жетсе, 2010 жылы 197191 млн. теңге көлемінде болды. Клиенттерге берілген қарыз баланс валютасының негізгі бөлігін алады, оның көлемі 1678840 млн. теңгеге, яғни 2010 жылмен салыстырғанда шамамен 2,5 есеге өсуі клиенттер санының күрт өсуін көрсетеді. Баланс активінің басқа бөлімдері аса үлкен орын алмаса да, олардың әрқайсысы бойынша көрсеткіштердің абсолютті өсімін байқауға болады. Сонымен, 2011жылы Банктің активтер сомасы 2444302 млн. теңгеге жетті.

Міндеттерді талдайтын болсақ, басқа банктерден алынған қарыздар 2010 жылы 379206 млн.теңгені құраса, 2011 жылы 884301 млн.теңге көлемінде болды. Бұдан Банктің қарызының 2,3 есеге өскенін көреміз. Клиеттердің қаражаты 2010 жылы 303437 млн. теңге көлемінде болса, 2011 жылы 687806 млн. теңгеге жетті, яғни Банкке қаражат орналастырудың тиімді шарттарына байланысты 2011 жылы бұл сома 2,3 есеге өсіп отыр. Сонымен қатар, Банк 2011 жылы 424162 млн. теңге сомасында қарыздық міндеттемелер шығарды, бұл 2010 жылғымен салыстырғанда 121029 млн. теңгеге артық.

Сонымен, 2011 жылдың баланстық есеп бойынша нәтижесін қорытындылайтын болсақ, 2011 жылдың 31 желтоқсанында акционерлік капитал 263926 млн теңгені құрады.

2010-2011 жылдарды қорытындылағанда баланстың актив және пассив бөлімдеріндегі өсімді анық көруге болады.

Табыс пен шығыс бойынша талдау банк қызметін зерттеудің басты элементтерінің бірі. Пайда банктің барлық қызметін сипаттайтын соңғы қаржылық нәтиже болып табыла отырып, банктің экономикалық дамуының негізін құрайды. Пайданың өсуі банк қызметінің өзін өзі қаржыландыруға қаржылық негіз болады, банктік қызметтер мен операциялардың шекараларын көбейтуге мүмкіндік береді. Оның есебінен клиенттердің, бюджеттің, банктер мен кәсіпорындардың алдындағы міндеттерді орындайды. Осылайша пайда банктің қаржылық қызметін талдаудың негізгі элементі болады.