Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АҚША-НЕСИЕ САЯСАТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
344.06 Кб
Скачать

1.3 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі  Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Ұлттық Банктің міндеттері, қызметінің қағидаттары, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері бойынша реттеуді және қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады.

Ұлттық Банктің банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының тұрақтылығын ұстап тұруға, банктер кредиторларының, олардың салымшыларының және клиенттерінің мүддесін қорғауға бағытталған.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Орталық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

- мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

- төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:

- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi;

- Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;

- банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;

- Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;

- төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;

- Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

- Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;

- қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады.

Ұлттық Банк мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзу мақсатында:

- ақша нарығының жалпы жай-күйіне, заемдар бойынша сұраныстар мен ұсыныстарға, инфляция деңгейіне және инфляциялық күтулерге байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілейді;

- жүзеге асырылатын ақша-несие саясаты шеңберінде қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейін белгілейді;

- ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілейді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

- инфляциялық процестердi ақша-несиелiк реттеудiң жанама әдiстерiмен тоқтату мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, Ұлттық Банк жекелеген салаларды ынталандыру және олардың дамуын ұстап тұру мақсатында несиелеудің лимиттерін белгілеу, олар бойынша сыйақы ставкаларын тоқтатып қою, операциялардың жекелеген түрлері мен мәмілелер бойынша ең жоғарғы ставкаларды белгілеу және несиенің нақты түрлерін тікелей реттеу арқылы операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тiкелей сандық шектеу қоюға құқылы;

- ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердің Ұлттық Банктен қарыз алуының жалпы көлемін реттейді, сондай-ақ банктерге берілген заемдарды тартудың және өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;

- депозиттерді қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Ұлттық Банкте депозиттер берудің және өтеудің тәртібін, талаптарын, тартудың түрлерін, мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;

- валюта нарығындағы басымдықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың көздерін бағалауды және талдауы жүзеге асырады;

- мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын, меншікті бағалы қағаздар - Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығаруды жүзеге асырады, сондай-ақ қысқа мерзімді ноталарды шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің тәртібін, талаптарын айқындайды;

- жүзеге асырылатын ақша-несие саясаты шеңберінде мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

- ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу тәртібін және коммерциялық вексельдерді Ұлттық Банктің қайта есепке алуы үшін ұсынылатын талаптарды белгілейді.

Ұлттық Банк 2002 жылдан бастап ақша-несие саясатының бағдарларын жыл сайын нақтылай отырып үш жыл бұрын айқындайды, бұл экономикадағы және қаржы нарықтарындағы ахуалды ескере отырып неғұрлым ұзақ кезеңге арналған болжамдарды және стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, елдегі салыстырмалы макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге байланысты. Мақсаттық көрсеткіштер тұтыну бағаларының индексін пайдаланумен белгіленеді. Олармен қатар ішкі талдау үшін 2004 жылдан бастап «базалық инфляция» индексі пайдаланылады, ол монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне күйрете әсер етуді жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдан бастап тоқсан сайынғы есеп - Инфляцияға шолу жасалды.

2006 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006-2008 жылдарға арналған Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары қабылданды. Ұлттық Банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-несие саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты ретінде айқындайды. Тиісінше, инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу бойынша жұмыс жалғасады. Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларға сүйене отырып ақша-несие саясатының негізгі өлшемдерінің болжамын құруды жобалайды.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер 2006 жылы іске асыру белгіленген шараларды нақтылаумен үш жылға (2006-2008) ұсынылған, бұл осы құжаттың орта мерзімдік бағытын атап көрсетеді. Кейінгі жылдардың көрсеткіштері ағымдағы жылдың соңында нақтыланады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің басқару құрылымы төмендегі 1- суретте көрсетілген және Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

  • 11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан  және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат;

  • 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы;

  • Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі;

  • 4 есеп беретін ұйым:

  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

  • Ұлттық Банк:

  • «Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры»;

  • «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»;

  • «Қазақстанның ипотекалық несиеге кепілдік беру қоры»;

  • «Қазақстан Актуалдық орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.

Ұлттық Банк сондай-ақ «Ұлттық процессинг орталығы» акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі болып табылады.

Сурет 1 – ҚР Ұлттық Банктің басқару құрылымы

Ұлттық Банк «МЖЗҚ» Акционерлік Қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі инфляциялық процестерді жанама ақша-несиелік реттеу әдістерімен тоқтату болмаған жағдайда тікелей сандық шектеулер қолдануға құқылы болып табылады.

Қорытындылай келсек, Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктерінің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган ретінде ақша-несие саясатын келесі құралдарының көмегімен реттейді:

- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;

- ҚҰБ-те жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

- банктерге және үкіметке несие беру;

- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі;

- валюталық нарықты интервенциялау;

- кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.

Ақша құралдарының көмегімен мемлекетті реттеудің маңызы - бұл бос ақшалардың сандық өзгеруі немесе "несие бағасының" өзгеруі - пайыздық, яғни қарыз капиталының сұранымын анықтау болып табылады.

Басқа сөзбен айтқанда , ақша-несиелік құралдардың көмегімен ссудалық капиталмен ұсынылған бағасы (пайыз ставкасы) мен санына әсер ету. Өйткені, мемлекеттің экономикалық саясатының мақсаттарымен сәйкес келетін, халық шаруашылығындағы несиелерді қолдану механизмі мен сұранымына ықпал ету.

Ақша эмиссиясының функциясы және оның ерекшеліктері 1- кестеде көрсетілген.

Кесте 1- Ақша эмиссиясының функциялары

Функцияның аты

Ерекшеліктері

1.

Экономиканың айналым әдістерімен, төлеммен, жинақпен, әлемдік ақшамен қамтамассыздандыру

-функциялардың негізгісі болып табылды және халық шаруашылығына қажетті ақша санын, ақша айналымы мен тауарлар және қызметтердің белгілі кезеңі арқылы барлық өндірістік құндылықтарының соммасын есептеп шығарады.

2.

Тапшылықты жабу

Тапшылықты жабу басқа қайнар көздері болмағанда, дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу керек. Ақшаны көп шығарудың зардаптары - инфляцияға, өзіндік ұдайы өндіріске оңай көшетін инфляцияға, баға өсіміне, әлеуметтік шиеленісушілікке әкеледі. Айналымдағы Ақша санының артық шығарылуы жалғыз емес, дегенмен инфляцияның пайда болуына жол ашатын себептердің бірі.

3

Мемлекет шегіндегі ақша эмиссиясын жоғарылату

Мемлекет шегіндегі ақша эмиссиясын жоғарылату немесе төмендету жолымен экономиканың жаңдануына жағдай жасайды, яғни коньюктураның тежелуін, бағаның өсуімен күресуін - бұл функция реттеп отырады.

Қазақстандағы Ұлттық Банктің өкілеттілігі, функциялары мен міндеттері. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттердің нарықтық экономикасымен үкіметке тәуелді емес үлкен немесе кіші деңгейдегі мемлекеттің экономикалық саясатының субъектілері жүзеге асырылады. Ал конституция бойынша - толық тәуелді емес. Тек монопольдық құқығы бар Орталық банк қана ақша эмиссиясын жүзеге асырады. Орталық банк экономиканы мемкеттек реттеу құралдарының несиесін қолданатын басты инстанция болып табылады.

"ҚР Ұлттық банкісі туралы" ҚР Президентінің Жарғысына сәйкес біздің мемлекет екі деңгейлі бантердің жүйесіне ие. ҚР Ұлттық банкісі ҚР-ның орталық банкісі болып табылады және ҚР - ның банктік жүйелерінің жоғарғы деңгейін құрайды. Қазақстанның Ұлттық банкісі ҚР-ның орталық банктермен және де түрлі басқа мемлекеттердің банкілерімен, халықаралық банктерде, қаржы - несиелік несиелік ұйымдардың қарым - қатынасының қызығушылықтарын қамтиды.

Қазақстанның Ұлттық банкісінің негізі міндетті болып ҚР -ның ұлттық валютасынық ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету табылады.

Есептік ставканың өзгеруінің экономикаға әсері. Қазақстанның Ұлттық банкісі қайта қаржыландырудың пайыздық ставкасын ресми түрде құрайды. Яғни, ерекше операцияларға байланысты жоғарғы бір немесе бірнеше ставкаларды қосуына болады. Сонымен қатар, жалпы ақша нарығына тәуелді қайта қаржыландырудың ресми пайыздық ставкасы арқылы және несие бойынша ұсыным мен сұраным, инфляция деңгейі мен инфляциялық күтулер бекітіледі.

Минималды резервтердің міндеттерінің маңызы - кез-келген мемлекет орталық банктердің шотындағы амалдарды меншіктеу мен депонирлеу кезіндегі банктік мекемелердің белгілі бір бөлігін ұстауға міндеттеледі. Орталық банк экономиканы мемкеттек реттеудің мақсаттары мен конюктура жағдайына тәуелді минималды резервтердің нормаларын периодикалық түрде өзгерте алады.