
- •2011-2012 ҚазБсқа Философия Жамалов к..
- •Орта ғасырлық араб (мұсылман) философиясы
- •Орта ғасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жағдайлары.
- •Шығыс перипатетизмі, «таза ағайындалар ілімі», мұсылман философиясы, сопылық,.
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. “Философия” д.Кішібеков, ұ.Сыдықов – Алматы 2007.
- •2. «Философия» Серік Мырзалы Философия. Оқулық, Алматы, 2008
2011-2012 ҚазБсқа Философия Жамалов к..
Казақ Басқару сәулет-құрылыс академиясы Жалпы гуманитарлық дайындық факультеті Активті үлестірмелі материал «Философия » ЖГПФ барлық мамандықтарға 3 кредит 4 семестр Лекция № 4 «Орта ғасырлық араб (мұсылман) философиясы» 2011-12 оқу жылы Ассоц. профессор Жамалов К.Ж. |
Орта ғасырлық араб (мұсылман) философиясы
Орта ғасырдағы мұсылман философиясының қалыптасу жағдайлары.
Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн- Сина, Ибн-Рошд, Ибн-Халдун.
Шығыс перипатетизмі, «таза ағайындалар ілімі», мұсылман философиясы, сопылық,.
Орта ғасырлық мұсылман философиясы.
Мұсылмандық Шығыс философиясы араб және түркі тілді болып бөлінеді. Араб тілді философияның қалыптасуына әсер еткен ислам діні. Араб тілінде философия “фалсафа” деп аталды.
Тарихи дәуірде ертедегі грек философиясын аударумен айналысқан, түсіндірмелер жазып дамытқан шығыстың философ ойшылдарының, жалпы арабтілдес халықтардың философиясы өз дамуында жоғары жетістіктерге жетті. «Араб философиясы» атауы салыстырмалы түсінік. Орта ғасырда араб жаулап алуы нәтижесінде, араб ықпалы тараған аймақтардың бәрі осы философияның дамуына үлкен үлес қосты. Сондықтан шығыс халықтарының ортағасырлық философиясын шартты түрде, арабтілдес халықтар философиясы деген атау қабылданған.
X-XIII ғасырлардағы бұл философия келесі ағымдарымен көзге түседі:
а) Шығыс перипатетизмі (Аристотельшілдік); в) «Таза ағайындылар» ілімі; с) мұсылман философиясы; д) сопылық.
IX-XI ғасырлар аралығында пайда болып, дамыған шығыс аристотельшілдігі өз мазмұны жағынан маңызды құбылыс болды. Бұған алғаш жол ашқан әл-Кинди (800-879 ж.ж.) болғанын деректер көрсетеді. Заманының жан-жақты білім алған адамы ретінде, оның 200-ден артық еңбек жазғаны туралы деректер болғанымен, көбі осы кезге дейін жетпеген. Негізгі шығармалары: «Аристотельдің кітаптарының саны және философияны ұғу үшін не керек?», «Бірінші философия жөнінде», «Бес мән-мағына жөніндегі кітап». Өзінің философиялық еңбектерінде Аристотель шығармаларына түсініктеме бере отырып, логика мен таным мәселелерін қарастырған, жетілдірген әл-Кинди табиғат және қоғамдық құбылыстардың өзіндік себептері мен заңдылықтары болатыны туралы пікір білдіреді. Құдайды барлық құбылыстардың «Алшақтаған себебі» деп мойындады. «Әлемдік денені» шектеулі, әрі Құдай жаратты деп есептеп, оны қисындық ой-пікірлермен дәлелдеуге тырысады. Оның танымның үш сатысының үлгісі туралы ұстанымы үлкен маңызға ие болды. Бірінші таным сатысы – логика мен математикаға, екіншісі – жаратылыстану ғылымдарына, үшіншісі философиялық мәселелерге әкеледі.
Әл-Фараби (870-950 ж.ж.). Біздің заманымызға негізгі шығармалары ғана келіп жеткен, Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған, ислам әлемінің ең көрнекті, атағы әлемге мәлім ғұлама философы. Әбу Насыр әл-Фараби қазақ топырағында, ежелгі Отырар (арабтар Барба-Фарап деп атаған) қаласында дүниеге келген. Ол Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып, ілімдеріне бас игенімен, Аристотель ілімінің формальдық жағымен ғана шектелмей, диалектика элементтеріне де көңіл аударады. Көптеген тілдерді жетік білген ол, арабтілдес елдерде дұрыс тәржімаланбаған, кейбір құнды ойлары бұрмаланып жүрген гректің ұлы философы Аристотельдің шығармаларына түсіндірме жазады. Сондықтан Шығыс халықтарына ұлы философтың ғылыми еңбектерін танытып, мұраларын дұрыс түсіндіргені үшін, әл-Фараби «Ал муаллим ас-сани» –Екінші ұстаз деген атаққа ие болған.
Әл-Фараби Аристотель еңбектеріне түсіндірме беруімен қатар, өзі де көптеген ғылыми философиялық еңбектер жазған. Оның метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т.б. ғылымдар саласы бойынша жазған еңбектері құнды. Ғұламаның мағынасы терең пікір айтпаған, жете зерттелмеген, батыл болжам жасамаған бірде-бір ғылым саласы жоқ десек қателеспейміз.
Әл-Кинди мен әл-Фарабидің ілімдерін одан әрі жалғастырушы Әбу-Әли Ибн-Сина (980-1037 ж.ж.) аристотельшілдік бағыттың басты өкілдерінің бірі болды. Еуропалықтарға Авицена деген атпен белгілі болған философ, дәрігер, ақын, әрі саяси қайраткер. Арабтар әлемінде «Философтар патшасы», «дәрігерлер атасы» деген дәріптеулерге ие болған ол Орта Азияда, Бұхара қаласының маңында дүниеге келді. Жүздеген ғылыми еңбектер жазған оны, әлемге танымал қылған Шығыс пен Батыста талай ғасыр баға жетпес білім көзіне айналған «Сауығу кітабы» деп аталатын медицина жайлы философиялық шығармасы еді. Ол әр түрлі ауруларға арналған, шөптер құрамынан тұратын көптеген дәрілер мен дәрігерлік кеңестер қалдырған. Он сегіз бөлімнен тұратын «Сауығу кітабында» логика, физика, математика және философия проблемаларын қамтыған. Негізгі еңбектері ішінен «Логика», «Поэтика», «Риторика», «Метафизика» еңбектерін атауға болады.
Шығыс философиясының келесі ұлы тұлғасы - Ибн-Рошд (Латынша аты – Аверроэс) (1126-1198 жж.). Испанияның Кордова қаласында өмірге келеді. Мұсылман құқы, араб әдебиеті мен поэзиясы, соңынан дәрігерлік ғылымды, математика мен физиканы меңгереді, философиямен айналысады. Севилья мен Кордовада қадилық (сот) қызмет атқарады, дүниетанымдық көзқарастарына ббайланысты діни қуғындауға ұшырайды. Оқымыстының Аристотельдің шығармаларына түсініктемелер жасаған негізгі еңбектері: «Алғашқы қозғаушы жөнінде», «Аспандағы денелердің қозғалысы жөнінде», «Терістеуді теріске шығару», «Жан-дүние ғылымы жөнінде» т.с.с.
Ибн-Халдун (1332-1406жж.) - тарихшы, мемлекет қайраткері, шығыс философиясы жұлдыздарының бірі. Солтүстік Африкада біршама елбасы құзыр иелерін тәрбиелеп, сол елдерде мемлекет тарабында жұмыс істеген. Ибн-Халдун философ-елбасы басшылығымен «әділетті қоғам» орнату жоспарларын жасаған, бірақ сәтсіздікке ұшыраған.
Негізгі еңбегі - көптомды «Араб, парсы, берберлердің тарихынан алынған өнеге болатын мысалдар кітабы». Ғұлама қоғамға деген әлеуметтік философиялық көзқарастарын көрсетіп, бұл еңбегіне арнайы «Кіріспе» (Аль-Муккадима) де жазады.
Енді Ибн-Халдун философиялық көзқарастарында: «Дүние ретке келтірілген, жетілген, бір-бірімен үйлесімге келген заттардан тұрады. Ибн-Халдун философ ретінде өз алдына адам және қоғам мәселесін шешуді мақсат қылып қояды. Оның ойынша, адамдар ең алдымен азық-түлік табу үшін бірігеді. Екіншіден, бұл бірігуге қоршаған ортадағы қауіпсіздікті сақтау қажеттігі себеп болады. Ғұлама пікірінше адамға екі түрлі қауіп төнеді: бірінші, тағы жыртқыштан, екінші, адамның өздерінен. Егер бірінші қауіптен адамдар бірігу арқылы, неше түрлі құрал, саймандарды жасап, пайдалануы арқылы қорғанса, екінші қауіпті жеңу үшін әлеуметтік ұйымдарға бірігіп, қоғамдық өмірде тәртіп орнатуға мәжбүр болады. Демек, адам табиғаттан шыққанымен уақыт өте, оның шеңберінен шығып, әлеуметтікке көтеріледі, бірақ, «табиғаттың туғызған пендесі» ретінде қоршаған ортадан толық тәуелсіз бола алмайды.
Табиғаттың ауа райын (ик-лим) қоғамға әсерін тигізетін негіз ретінде қарастырған ғұлама, жер бетін ауа райына байланысты 7 аймаққа бөледі. Ең суық және ең ыстық аймақ тұрғындарының мінез-құлқында шеттен шығулар болады, өйткені тіршілікке қиын ортада өмір сүреді. Олардың дене құрылысы мен түсі де осыған байланысты. Африка адамының қаралығы ыстықпен, солтүстікі адамының ақтығы, суықпен байланысты деген пікірге келеді. Қазіргі қолданылатын ұғыммен айтқанда, мұндай көзқарас «Географиялық себептік» (детерминизм) деп аталады. Ибн-Халдун қоғамдағы барлық жағдайдың табиғатқа байланысты еместігін пайымдайды. Ауа райы бірдей аймақта өмір сүріп жатқан әртүрлі халықтардың өмір деңгейлері жақын емес, бірі бай, екіншісі - кедей. Өмір сұраныстары жолында адамдар бірігіп, қоршаған ортаны, табиғатты өзгерте бастайды, мәдениет пайда болады, соның негізінде өздері де ғасырдан - ғасырға жетіле береді.
Ибн-Халдун қоғам дамуының негізгі екі сатысын көрсетіп, келесі ұғымдар арқылы береді: біріншісі - «Бидави», екіншісі - «Хидари». Бұл сөздердің этимологиясы (алғашқы берілген мағынасы) бойынша: Бидави көшіп-қону, ауылдық, алғашқы деген мағына білдірсе, Хидари - қалалык, астаналық деген мағнада қолданылады.
Егер бидави сатысында адамдар мал бағу және егін егумен айналысса, хидари сатысында оларға қолөнерлік, сауда, ғылым мен өнер ұсынылады. Алғашқы бидави сатысынан хидари (өркениеттік) сатысына өтудің негізгі себебі - өндірістің дамып, қажеттіліктен артық заттардың пайда болумен байланысты.
Х ғасырдың екінші жартысында Басра қаласында «Таза ағайындылар» құпия діни философиялық қоғамы пайда болады. Олар дін, философия және жаратылыстану ғылымдары туралы елуге тарта еңбек жазып, ислам дінін эллин философиясымен қосуға ұмтылды. Бұл жерде «әлем Құдайдан бастауын алады және оған қайта келеді» деген жаңа платоншылдық пікірлер басшылыққа алынды. «Таза ағайындылар» ілімі бір-біріне қарама-қарсы, қосылмайтын көзқарастардың тізбегі ретінде көзге түседі. Олар логика мен физикада–Аристотельге, медицина мен психологияда Галенге сүйенсе, жалпы философиялық сұрақтар шешімінде жаңа платоншыл және жаңа пифагоршыл көзқарастарды ұстанды. «Таза ағайындылар» ілімінше, адам танымы үш түрлі тәсілмен: сезім мүшелерінің көмегімен, парасатпен және интуициямен жүзеге асады. «Таза ағайындылар» барлық діндердің және философиялық ілімдердің бірігуін жақтады. Мұндай бірігушіліктің негізі–дінді адасудан құтқаратын ғылыми және философиялық білім. Олар мейлінше жетілу үшін грек философиясы мен шариғатты (Құранға негізделген ислам дінінің заңдары) қосудың қажеттігін ұсынды.
Сопылық – жаңа платоншылдыққа жақын ілім. Ол сезімдік және парасат (рационалдық) танымының ақиқаттығын теріске шығарып, адамның жердегі өмірімен байланыстылардың бәрінен бас тартып, аскеттік өмір сүруге шақырады.
Сопылық бір Құдайды ғана мойындайды. Олардың уағыздары: ғаламның, дүниенің алғашқы мәні – Құдай, ол мәңгі, өзгермейді, оны түсінуге де, білуге де болмайды. Құдай өз мәнін өзгертпей дүниені жарата береді. Жаратылғандардың төменгі сатысы – материя, ол барлық келеңсіздіктер мен зұлымдықтардың бастауы.
Бақылау сұрақтары: Орта ғасырлық мұсылман діннің ерекшеліктері.
Әл-Ғазали, әл-Фараби философиясы
Философияны Ибн Сина қанша бағытқа бөлді және қандай.
СӨЖ: Реферат “Орта ғасырлық мұсылман философиясы”.
әл-Фарабидің «Қайырымды қала» шығармасы.
Ибн Синаның философиясы.
СОӨЖ: Теологияның негізгі қағидалары
“Таза ағайындар” ілімінің әлеуметтік негіздері.
Тест сұрақтары:
1. Жан – тәннің жемісі деген пікірді қай философ айтқан?
а) әл- Фараби
б) әл-Бируни
в) Омар Хайям
г) Ибн Сина
2. Ортағасырлық философиясының мінездемесін көрсет:
а) сциентизм
б)пантеизм
в) теоцентризм
г)гедонизм
3. Медицина мен философия ғылымдарына зор үлес қосқан, энциклопедиялық ғалым атағына ие болған қай философ?
а) Ибн Сина
б) Әл-Фараби
в) Әл-Бируни
г) Ибн Рушд
Глоссарий
Қазақша |
Орысша |
ағылшынша |
суфизм |
Суфизм |
sophism |
Суфизм – (араб. суф – жүн, суфий – жүн шекпен киген) 8-9 ғасырларда пайда болған исламдағы діни-мистикалық ілім |
||
схоластика |
Схоластика |
scholastic |
Схоластика – (лат. shola - мектеп) – құлдық және буржуазиялық қоғам арасындағы дәуірде философияның аталуы |
||
Риторика |
Риторика |
ritoric |
Риторика – ораторлық мәдениеттің теориясы |
||
материализм |
материализм |
materialism |
Материализм – ғылыми философиялық бағыт, идеализмге қарсы |