- •2011-2012 ҚазБсқа Философия Жамалов к..
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. “Философия” д.Кішібеков, ұ.Сыдықов – Алматы 2007.
- •2. «Философия» Серік Мырзалы Философия. Оқулық, Алматы, 2008
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. “Философия” д.Кішібеков, ұ.Сыдықов – Алматы 2007.
- •2. «Философия» Серік Мырзалы Философия. Оқулық, Алматы, 2008
Қолданылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиет:
1. “Философия” д.Кішібеков, ұ.Сыдықов – Алматы 2007.
2. «Философия» Серік Мырзалы Философия. Оқулық, Алматы, 2008
3. Философия. Кішібеков Д., Қасабеков А. Алматы, 2007
Қосымша әдебиеттер:
1.Философия және мәдениеттану, Оқу құралы /Алтаев Ж., Ғабитов Т., Қасабек А./Алматы, 2001
2.Фазылов С.Д. Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары: оқулық. Алматы: 2003
3.Философия тарихына шолу: оқу құралы.Алматы,2005
4.Қабаева Ж. Философия білімінің негіздері, Алматы, 2000
ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ. Юань Кэ жинақтаған Қытай халқының аңыздары ішінде алғашқы философиялық ой, пікірлерді білдіретіндері де бар. Бұл аңыздарда әлемнің алғашқы жағдайы - алғашқы болмыстық ретсіздік, түсініксіз ұйқы-тұйқылық және осы ретсіздіктердің қарама-қарсы бөлшектерінің жеңілінен – аспанды (Ян), ал ауырынан жерді (Инь) ұйымдастырушы ғарыштық күштер туралы түсініктер кездеседі.
Қытай философиясы ежелгі заманда жарық көрген кітаптармен тікелей байланысты. Бұлар: «Өлеңдер кітабы» (Ши-цзин), «Тарих кітабы» (Шу-цзнн), «Өзгерістер кітабы» (И-цзин), «Әдет-ғұрып кітабы» (Ли-дзи) және шежіре «Чунь-шо» мен бірге, сауатты қытайлыктың дүниетанымдық көзқарасының негізін құрайтын «Бес кітаптан» (У-цзин) тұрады.
Бұл кітаптардың көбіне Конфуций мектебі әсерін тигізді. Конфуциліктер құрастырған, өңдеген, өздері жазған бұл кітаптардың бәрінде дүниетанымдық, алғашқы философиялық көзқарастар бейнеленді, бұлардан философиялық дүниетанымдық көзқарастар ұштығын көруге бодады.
Ертедегі қытайлықты, оған әрбір сәт сайын кездесетін жауыздық мәселесінің толғандырғаны айтылады. Оған кім кінәлі? Құдай ма, әлде адам ба? Қастандыққа көп жағдайларда неге кінәсіздер тап болады? «Ши-цзин» кітабына кірген поэтикалық шығарманың авторы: «Кім қастандық жасаса, өзінің қастандығы үшін жауап берсін. Бірақ ешқандай кінәсіздер не үшін тұңғиық пәлекет, бақытсыздықта?»- деп тәңірден сұрайды. Аспан құдіретті, адам оған толық кіріптар, тәуелді. Адамзатты дүниеге алып келген Аспан барлық адамға өмір ережесін де береді. Бұл жағдайда қастандық бастауы – аспан десек, бірақ құдайдың қастандық бастауы бола алмайтыны белгілі. Демек, қастандық – адамнан, қырғи-қабақ қатынас тек адамға тәуелді. Егер бұл осылай болса, онда тек жаратушының еркіне сенуге болмайды. Осындай оймен әрі қарай дамыған ежелгі Қытайдағы дүниетанымдық сана – бәрі де адамға тәуелді, құдай қастандық бастауы бола алмайды деген қортындыға келеді.
«Ши-цзин» кітабында әлемнің бес бастауы туралы мәселе көтеріледі. Бірінші бастауы – су, екіншісі – от, үшіншісі – ағаш, төртінші – металл, бесіншісі – жер. Осымен қатар, табиғаттың бес құбылысы туралы да айтылады. Бұлар: жауын, күн сәулесі, ыстық, суық және жел. Олардың өз уакытында болуы мен қалыптылығына халықтың жақсы тұрмысының тәуелділігі көрсетіліп, табиғат құбылыстарының қолайлы, қолайсыздығын әкелетін себепті табуға талпыныс жасалады. Дегенмен, оған атүсті жауап беріледі. Әсіресе, алғашқы қауымдық құрылыс санасына сәйкес келетін табиғат, әлеуметтік, құлықтылық құбылыстары түсініктерінің байланысы аңғырт көрінеді. Мысалы, өз уақытында болған жауын, күннің нұр шашуы, ыстық, суық, жел әкімнің адамгершілік мінез-құлқына, елдегі тәртіп, басшының көрегендігіне, ақылгөйлігіне тәуелді деп қарастырылады. Сонымен қатар, әркімнің бейбастақ іс-әрекеті - үздіксіз тынбай жауған жауынның, жалқаулығы–ұзаққа созылған ыстықтың, абайсыз, асығыс іс-әрекеті ұзаққа созылған суықтың, ақымақтығы тоқтамай соғатын желдің нышаны болады.
Ертедегі Қытайда антогонистік, сонымен бірге ынтымақтас екі күш - ян мен иньнің дамуы туралы түсінік қалыптасқан. Бастапқыда бұл жарық пен қараңғылықты, таудың күнгейі мен көлеңке жағын, жылу мен суықты, қажыр–қайраттылық пен икемге келгіштікті, еркек пен әйелдік бастауды бейнеледі. Кейін бұл жағдай «ци» – өз түсінігіндегі алғашқы материямен ауысады – «Изо-чжуань» кітабында «ци»-дің алты жағдайы айтылады, оның мәні: инь, ян, жел, жауын, қараңғылық, жарық. «Янци» және «иньци»- жеңіл– аспандық және ауыр – жерлік материялар.
Ежелгі Қытай елінде еркін шығармашылыкпен дамыған алты түрлі философиялық мектептер болды: 1) Конфуцийлік, 2) Моистік, 3) Заң мектебі (фа-цзя) еуропалық ұғымда Легизм, 4) Дао мектебі, 5) «Инь-ян» (табиғат философиясы), 6) Аттар (мин цзя) мектебі. Бұлардың басым бөлігінде өмір даналығы мәселелерімен қатар құлықтылық проблемалары, ел басқарумен байланысты өмірлік тәжірибе философиясы басым болды.
Ежелгі Қытайда Конфуций мектебінің негізін - Кун Фу-цзы қалап, оның ілімін жалғастырушылар ретінде Мэн-цзы, Сюнь-цзы есімдері аталады.
Кун Фу-цзы б.д.д. 551-479 жылдар аралығында өмір сүрген. Өз мектебінің негізін елу жасында қалаған және шәкірттері де өте көп болған деседі. Шәкірттер ұстазының ойларын жазып алумен айналысады, осылай конфуцийлік мектептің толық аякталмаған басты шығармасы «Лунь юй» («Әңгімелер мен айтылғандар») жарыққа шығады. Аспан– жердегі әділеттілікті қадағайлайтын ең жоғарғы күш. Конфуций ілімі бойынша, тағдыр–аспан еркіне кіріптар.
Конфуцийліктер – қоғам танушылар. Назар аударған негізгі мәселесі – тәрбие, адамдар арасындағы қарым-қатынас. Мысалы, оқушысының «Бір сөйлеммен моральдық іліміңізді жеткізе аласыз ба?» деген сұрағына ол, «Өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама», - деп жауап бреді.
Әлеуметтік орта жетімсіздігіне қанағаттанбаған Кун Фу-цзы қоғам негізін қайта қараушы реформатор болды. Дегенмен, оның идеалы болашақты емес, өткенді дәріптеуде. Өткенге табыну – тарихи дүниетанымдық көзқарастың өзіндік ерекшелігі. Ежелгі қытайлар өмірдің түкке тұрмайтын ұсақ-түйегіне көңіл аудармай, өздерін одан жоғары ұстауға талпынды, турашылдықтарымен ерекшеленді, өздерін жетілдіру үшін оқыды, дөрекі сөзді адамдардан аулақ жүрді, жаман өнегеден, тәртібі жоқ адамдардан қашты. Өйткені «Адамгершіліксіз адам қауіп-қатерлерге ұзақ төзе алмайды, сонымен қатар, дәулетіне де ұзақ рахаттана алмайды. Адами нәрсе адамгершілікте жатыр». Ескіні қайта тірілтіп, жаңаны жасадым деп ойлаған олар, өткенді дәріптеумен айналысу арқылы, құлықтылық туралы ілімді жетілдірді.
Конфуцийдің құлықтылық туралы ілімі, этикасы бойынша - өзімен-өзі, басқа адамдармен және ғаламмен бақытты, ымырашылықта өмір сүргісі келетін кез-келген адам, толығымен «дұрыс жолды» (дао) құрастыратын мынадай ұғымдарға сүйенеді: «өзара», «алтын орта», «адамды сүю». «Алтын орта» (яжун-юн) адам мінез-құлқындағы ұстамсыздық пен сақтықтың ортасы. Бұл ортаны табу оңай емес, адамдардың басым бөлігі өте ұстамсыз немесе өте сақ. Адамсүйігіштіктің негізі «жень» - ата-ананы қадірлеп, қошеметтеу, жасы үлкен ағаларды сыйлау. Жалпы, адамсүйгіштік – адамды сүю дегенді білдіреді, өйткені кімде-кім шын көңілімен адамсүйгіштікке ұмтылса, қастандық, зұлымдық жасамайды. «Өзаралыққа» немесе «адамды қамқорлыққа алуға» (шу) келетін болсақ, онда бұл Конфуций ілімінің негізгі құлықтылық туралы өсиеті. Бұл ілімнің мәні «өзіңе нені тілемесең, оны өзгеге де істеме» - дегенге саяды [9. 167 б.].
Ол (цзюнь-цзы) – адамгершілігі мол қайраткерді қарапайым адамдарға, немесе «арам ниетті» (сяо-жень) адамдарға қарсы қояды. Біріншісі өз өмірінде міндет пен заңды басшылыққа алады, екіншісі өмірде жақсы орналасу мен пайда табуды ғана ойлайды. Біріншісі – өзіне, екіншісі - адамдарға талап қойғыш. Бірінші туралы уақ-түйекке сүйеніп пікір айтуға болмайды, оған үлкен істерде сенім білдіру керек, екіншіге үлкен істерді сеніп тапсыруға болмайды, ол туралы түкке тұрмайтын уақ-түйекке сүйеніп пікір айтуға болады. Бірінші басқа адамдармен келісіп өмір сүреді, дегенмен олардың ізіне ермейді, екінші басқалардың ізімен жүреді, бірақ олармен келісімде өмір сүрмейді. Біріншіге кызмет ету оңай, бірақ оны қуандыру қиын, екіншіге кызмет ету қиын, қуандыру оңай. «Адамгершілігі мол қайраткер үш нәрседен: аспан жарлығынан, ұлы адамдардан және данышпандардың сөзінен қорқады. Төменгі адамдар аспан жарлығын білмейді, одан қорықпайды; қоғамда жоғарғы лауазымды иеленген, құрметті адамдарды жаны жаратпайды, данышпандардың сөзіне назар аудармайды» [9. 170 б.]. Осыдан «Өзіңді адамзаттың қажетті талаптарына арна, әруақты сыйла, бірақ, қашық ұста – міне, осыны даналық деп айтуға болады», - деп ой түйеді.
Конфуций ілімінің жағымды жағы–ол халықты басқарудың басты құралын жалаң, еріксіз зорлықпен көндіруден емес, үлгі-өнегенің күшімен және сенім мен көзін жеткізуден көруінде. Патриархалдық қоғам тұжырымдамасын, концепциясын ұсынған конфуцийліктердің басқа азғантай кінәсі үшін қатал жазаға тартатын, қорқыныш пен күш жұмсау қағидаларына сүйенген мемлекет құрғысы келетін заңдар және т.б. мектептерден айырмашылығы осында.
Конфуций ілімімен бірге, Қытайдағы философиялық ойдың дамуының маңызды бағыттарының бірі дао мектебі болды. Мұның зерттеу нысаны табиғат, ғарыш және адам десек те, бұл бастаулар парасат жолымен, логикалық дәйекті формулалармен емес, керісінше, өмір сүрудің табиғаты туралы түсініктің көрегендігімен ұғынылады. Әлем үздіксіз қозғалыста, өзгерісте болады және ішкі себептерімен өмір сүреді, ешбір себепсіз әрекет жасайды, дамиды. «Дао бірді туады, бір екіні туады, екі үшті туады, ал үш жан атаулыны туады. Жан атаулы инь мен янға, циге толы, сөйтіп олар үйлесімділік құрайды». Болмыс ілімінің негізі болатын осы жол (дао) түсінігінше, ойдың мақсаты адамның табиғатпен қосылуы болады, өйткені адам – табиғаттың бөлшегі. Дегенмен, бұл жерде «субъект-объект» қатынасында ешқандай шектеулер белгіленбейді.
Лао-цзы – осы мектептің негізін қалаушы және оның «Дао дэ-цзин» кітабы дао ілімінің болашақтағы дамуы бастауында тұрды. Кітап екі бөлімнен (біріншіде - дао жолы, екіншіде - даоның күші туралы айтылады) дао болмысының алғашқы бастауларынан тұрады. Дао – барлық ғаламның өмір сүру тәсілі мен пайда болуы тәртібі сұрағына жауап беру мүмкін болатын, бәрін қамтитын, әмбебап түсінік. Ол негізінде атаусыз, барлық жерде көрінісін табады, бірақ заттардың бастауы. «Дао заттарды тудырады, Дэ оларды асырайды.
Әлемдегінің бәрі жолда, қозғалыста, өзгерісте болады, бәрі де тұрақты емес, шекті. Бұл инь мен янның белгілі болған қағидаларының себебімен, олардың әрбір құбылыс, үдеріспен диалектикалық бірлікте және қозғалыс пен өзгерістерінің себебі болатындығында. Олардың әсерінен заттар дамиды, өрбиді «бәрі де өзіндік иньге ие болады және янды қамтиды». Даоға (жол) ішкі өзіндік шығармашылық күш (дэ) те тиесілі. Сол арқылы, дао инь мен янның әсерінен заттарда өз көрінісін табады. Дэ - адамның атау іздестіретін заттарының өзіндік нақтылануы есебінде түсініледі. Осымен дэ түсінігі адамның құлықты күші есебіндегі дәстүрлі конфуцийлік түсініктен түпкілікті айырмашылықта болады.
Адам табиғаттан шыққан, сондықтан оның бөлігі есебінде табиғатпен бірлігін сақтауы керек. Мұнда сөз адамның рухани тыныштығы негізін табатын әлеммен келісімі туралы болып тұр. «Кем нәрсе мінсізге айналады, қисық түзеледі, бос нәрсе толады, ескі жаңаға ауысады, азға талпынсаң көпке жетесің, көпке талпыну қателікке апарады. Сондықтан мінсіз данышпан Аспан асты елінде тұтынуға тиіс осы өсиетке құлақ асады». Лао-цзы адам түгілі қоғамның да, қандай болса да зорлық, күш көрсетуін қабыл алмайды. Өркениет туындатқан қоғамның күш көрсетуі (табиғатқа) адам мен әлемнің арасындағы қайшылыққа, үйлесімсіздікке алып келеді. «Егер кім де кім әлемге ие болғысы келсе, оған айлалы әрекет жасаса, ол сәтсіздікке ұшырайды. Өйткені әлем – айлалы әрекет жасауға болмайтын қасиетті ыдыс. Егер де кім оған айла жасаса оны құртады, егер кім оны иеленгісі келсе, оны жоғалтады». Адам үшін «заттардың шамасын» сақтау басты өмірлік міндет.
Заңдар мектебінің негізін қалаушы - Хань-Фэй-Цзы (б.д.д. 280-233 ж.ж.) болмыс ілімінде Даоға, дүниедегі барлық нәрселердің табиғи заңы ретінде қараған: «Әрбір зат пен істің заңдары бар. Аспанның өз заңдылығы, адамдардың да орнатқан өзіндік заңдары бар».
Дао - жалғыз және бөлінбейді деген пікірді ұстанған Хань-Фэй-Цзы елбасының тек өзіне сенуі керектігін дәріптейді. «Дао бос, қозғалмайды және жалғыздықта, сондықтан елбасы бәрін өзінің ішінде терең сақтауы керек, адамдардың алдында ашылмағаны жөн. Елбасы даосын ешкім көрмеуі, оны қолдануы жолын басқалар түсінбеуі керек», - дегенге меңзейді.
«Фа-цзя» мектебі ел басқару мәселелерін адам табиғатының өзімшілдігіне негіздеп шешеді.
Мектеп заң мен басқару өнерін бір-бірінен ажыратып қарастырады. Мысалы, Хань-Фэй-Цзы, халық жалақыны, пайда көзін тапқанды жақсы көреді де, жазаға ұшырауды ұнатпайды, жақсы көрмейді. Мұндай шараларды жүзеге асыру елбасының қолында. Сондықтан қоғамда тәртіп орнауы үшін, бәрін заң арқылы ретке келтіру керек. Заң қысқа, әрбір адамға түсінікті болып, қайсыбір заңды бұзушылыққа қатаң жазалар қолданылады. Қоғамда жазаның көп, құрметтеудің аз болғаны абзал. «Бірақ кімнің заңды орындамай, бұзғанын қалай білуге болады?» - деген сұраққа, адамдар өзара бір-бірін бақылап жүрулері керек деген жауап беріледі. Ол қалай жүзеге асады? Адам жүрегіне қорқыныш сезімін ұялату, заң бұзған адамды көпшілік халық алдында жазалау ұсынылады. Осы жағдайда адамдардың өздері-ақ, бір-бірін көрсете бастайды деген ұстаным басымдыққа ие болады.
«Фа-цзя» мектебінің талаптары үкіметтің саяси идеологиясына айналып, Қытай елінде аса қатыгез басқару жүйесі орнайды. Халқы моральдық жолмен тәрбиеленгенмен, «заңдық» басқарудың да барлық қиыншылықтарын өз бастарынан өткізеді. Моральдық тәрбиені, қоғамдық қатынастарды заң жолымен ретке келтіруді ұстанады.
Қытай философиясының Демокриттің «атом» ұғымымен тең «ци» ұғымы, көзге көрінбейтін, әртүрлі салмақты ұсақ бөлшектер туралы материалистік ұстанымдары болды. Мысалы, Сюнь-цзы (298-238 б.ғ.д.) Қытайдың «аспанға» табынуы әдетіне қарсы шығып: «Аспанға, соқыр сенім негізіне табынғанша, заттарды көбейтіп, аспанды неге бағындырмаймыз?» – дейді. «Егер рух болмаса, Құдайға табынып сұрағаннан кейін неге жаңбыр жауды?» – деген сұраққа, «мұнда ешқандай таңғалатын нәрсе жоқ, өйткені жаңбыр Құдайға табынғанға дейін де, кейін де жауады» деген тәрізді жауаптар беріледі және т.б. Дегенмен Қытай философиясында идеалистік ағымдар басым болып, негізгі философиялық толғаулар адам мәселесіне, қоғамның әлеуметтік-саяси өмір салаларына, басқару жүйесіне, моральдық сұрақтар шешімдеріне бағытталды.
