
2.1 Сот медецина пәнінің жүйесі
1948 жылы М.И.Адеев заңгерлерге арналған сот медецинасы оқулығынды пәннің ғылыми негізделген жүйісін бірінші рет баяндап берді, ал оның 1959 жылы жырық көрген сот медецинасы курсында бұл жүйе одан әрі дамытылды. Пәннің дәйекті де айқын жүйесін жасауға ғылымда объективті түрде қалаыптасқан заңдылықтарды көрсететін сот иедецина сараптамачының объектілерімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде еліміздегі сот медедецинасы пәнінің жүйесі мынандай:
Сот – медецина сараптамасының заңдық негіздері және ұйымдастырылуы;
Сырттан әсер етудің әр алуан түрлерінен денсаулықтың бұзылуы және зақымдануы;
Тірі адамдарды сот – медецина тұрғысынан зерттеу (сараптама);
Өлу және өлік өзгерістерді; өлікті қарап шығу және сот медецина тұрғысынан зерттеу (сараптама);
Айғақты заттарды сот – медециналық тұрғысынан зерттеу (сараптама);
Айғақты заттарды медециналық – криминалистік тұрғыдан зерттеу (сараптама);
Тергеу және сот істерінің материалдары бойынша сот медейина сараптамасы;
Медецина және фармацевтика қызметкерлерін қылмыстық жауапқа тарту туралы істердегі сот – медецина сараптамасы.
Сот медецинасы медецина ғылымына жататындықтан, медециналық
жоғары оқу орындарының жоғары курстарында оқытылады, өйткені ол болашақ дәрігердің білім алуындағы соңғы буын. Ал әрбір дәрігер сот медецинасының негіздерін білуге тиіс. Оны білу жан – жақты дәрігерлік қызметке құқылық жағынан ой жүгіртуге ғана емес, сонымен қатар олардың сот – медецина сарапшысы міндетін сауатты атқаруына да көмектеседі.
III. Қорытынды
Жоғары медициналық білім беру – арнайы бағдарламамен айқындалатын күрделі жүйе. Болашақ маман дәрігерлерді дайындауда сот медицина пәні де маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу Кодексінде де сот медицина ғылымын меңгеру әрбір жоғары білімді дәрігер үшін маңызды және міндетті екендігі айқындалған. Осы Кодекстің 83 бабының 5 – ші бөлімінде көрсетілгендей «… сарапшы, қылмыстық істі жүргізуші органдардың шақыртуымен келіп, өзінің алдына қойылған арнайы сұрақтарға жауап беруге міндетті». Егер сарапшы ретінде шақыртылған дәрігер қасақана жалған жауап берсе, осы баптың 6 –шы бөлімінде айтылғандай қылмыстың жауапкершілікке тартылады.Сот медицинасы құқық және сот тәжірибесінде туындайтын медициналық және биологиялық сұрақтарды қарастырып шешеді. Сот медицинасының дербес ғылым саласы ретінде пайда болуы, дамуы әрбір мемлекеттің сот және құқық саласының дамуымен тікелей байланысты, немесе сот медицинасы құқық саласының қажеттілігінен туындаған медицина тарамы деп атауға да болады. Бұл тығыз байланыс пәннің аталуынан да көрініс тапқан. Сот медицина ғылымының қыр-сырын толық мазмұндайтын қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттер аз мөлшерде. Сот медицина пәнін қазақ тілінде оқыту үшін біздің кафедра ұжымы сабақ тақырыптарына арналған оқу-әдістеме құралдарын, оқу көрнекі құралдарды жазып дайындаған.Сот медицинасының дербес ғылым саласы түрінде дамуы адам тіршілігімен, тұрмыс салтымен тығыз байланысты. Сондықтан, біз пәнді қазақ тілінде оқыту барысында тақырып мәтінін студенттер жете меңгеру үшін, тақырып өзеклігін айқындау түсу үшін сабақты жүргізуде ұлттық ерекшеліктерді, ұлттық менталитетті, салт-дәстүрді тілге тиек етіп, тәжірибелік мысал ретінде қолданғанды жөн деп есептейді.