Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-сынып емтихан мәтіндері.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
34.58 Кб
Скачать

Азиада – 2011.

Алматыда 7-Қысқы Азиада ойындарының жабылу рәсімі өтті.

Азиаданың жабылу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда 7-Қысқы Азия ойындарының салтанатты жабылу рәсіміне қатысты. Елбасы өз сөзінде

7-Қысқы Азия ойындары халықаралық өмірдегі ірі оқиға болғанын атап өтті.

Астана мен Алматының спорттық алаңдарында 27 мемлекеттің ең үздік атлеттерінің арасында таза бәсеке өтті. Алғаш рет 69 комплекті медальдар сарапқа салынды. Бұл - қысқы Азиада үшін рекорд. Қазақстан осындай жоғары деңгейдегі жарысты өткізуге қабілетті континенттік елдер қатарына қосылды.

Мемлекет басшысы VII Қысқы Азия ойындарын жабық деп жариялады.

Азиаданың қорытындысы бойынша, Қазақстан жалпы командалық есепте 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медаль иеленіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынға - 13 алтын, 24 күміс, 17 қола медальдармен Жапония, ал үшінші орынға - 13 алтын, 12 күміс, 13 қола медаль алған Оңтүстік Корея ие болды. Төртінші орынды - 11 алтын, 10 күміс, 14 қола алған Қытай иеленді.

25 билет

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы

Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық.Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз.

Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды.

Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде.

«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз.

Қазақстанда барлығы 149 жоғары оқу орны бар.

2020 жылға қарай біз оқытудың 12 жылдық моделіне толықтай көшетін боламыз. Ол үшін біз 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаржысы есебінен кемінде екі жүз мектеп салып, осынша мектепті жергілікті бюджет есебінен тұрғызамыз.

Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс.

№ .... билет

Менің отбасым

................

Сұрақтар

9-сынып

1. Сен қай қалада тұрасың?

2. Сен қай көшеде тұрасың?

3. Сенің жасың нешеде? ( Неше жастасың?)

4. Сен қай облыста тұрасың?

5. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы қай қала?

6. Петропавл қаласы қай жылы қаланған? 1752 жыл

7. Петропавлда қандай оқу орындары бар?

8. Қалада қандай мұражайлар бар? (Өлке тану, көркем өнер)

9. Қалада қандай театрлар бар? (Орыс драма театры, қазақ сазды драмалық театры Сәбит Мұқанов атында 2005 жыл)

10. Сен қайда оқисың?

11. Сен қалай оқисың?

12. Сен нешінші сыныпта оқисың?

13. Сенің сынып жетекшің кім?

14. Сынып жетекшің қай пәннен береді?

15. Лицей директоры (басшысы) кім?

16. Сенің досың бар ма?

17. Досың қандай адам? ( жақсы, мейрімді, қонақжай)

18. Отбасыңда неше адам бар? Олар кімдер?

19. Саған қай пән ұнайды? (Сенің сүйікті пәнің қай пән?)

20. Сенің ермегің не? (Сен немен айналысасың?)

21. М.Қ.Қозыбаев кім?

22. М.Қ.Қозыбаев атында не бар?

23. М.Қ.Қозыбаев қайда оқыған?

24. М.Қ.Қозыбаев не жазды?

25. Қонақасы бұл не?

26. Үйге келген қонақты қалай қарсы алған?

27. Қонақтың қандай түрлері болады?

28. Қонақ қандай үйге түседі?

29. Домбыра деген не? (музыкалық аспап)

30. Домбыра қай халықтың музыкалық аспабы? (қазақ халқының ұлттық аспабы)

31. Домбыра қандай бөлшектерден тұрады?

32. Домбыраны ансамбльдерде қолданады ма?

33. Әбілхан Қастеев кім?

34. Әбілхан Қастеев қайда туған?

35. Әбілхан Қастеев қайда оқыған?

36. Әбілхан Қастеевтің қандай еңбектері бар?

37. Петропавл қаласында қандай мұражайлар бар?

38. Қалада қай ханның атында мұражай бар?

39. Абылай хан мұражайы қай жерде орналасқан?

40. Абылай хан мұражайында не бар?

41. Астанадағы археологиялық мұражайда не бар?

42.1970 жылы Есік қорғанынан не табылды?

43. Алтын адамды кім тапты?

44. Алтын адамның киімі неден жасалған?

45. Алтын адам табылған жерден қанша алтын бұйым табылған?

46. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қай көшеде орналасқан?

47. Облыстық тарихи-өлкетану ғимараты кімнің үйі болған?

48. Облыстық тарихи-өлкетану ғимараты неше қабатты?

49. Т.Аркель көпестің үйінің қасында Қандай көпестің дүкені болған?

50. Өлкетану мұражайы қанша шаршы метр жерді алып жатыр? (2,7 екі бүтін жеті мың шаршы метр)

51. Өлкетану мұражайында не бар?

52. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

53. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне не жатады?

54. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кім?

55. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің музейі қай қалада?

56. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кім?

57. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайында не бар?

58. Назарбаев Университеті қай жылы ашылды?

59. Назарбаев Университетінің мақсаты не?

60. Назарбаев Университетінің миссиясы қандай?

61. Қандай қасиетті сандар бар?

62. Жеті санына байланысты қандай ұғым бар?

63. Ұлы Тәуке хан тұсында жазылған заң қалай аталады?

64. Қара шаңырақ қандай үй?

65. Қазақ отбасында кенже ұл кім?

66. Кенже бала кіммен бірге тұрады?

67. Қара шаңырақта балаға үнемі кімдер туралы айтып отырған?

68. Елтаңбамыздағы тұлпардың мүйіздері неше буыннан тұрады?

69. Жеті буын нені білдіреді?

70. Қазақ отбасында неге көп назар аударған?

71. Қазақ отбасында жастарға қандай бата берген?

72. Алғашқы бала қалай аталады?

73. Тұңғыш баланы кімнің тәрбиесіне берген?

74. Қазақ шаңырағында қандай рәсім сақталған?

75. Үйде тәрбие көрген адам қандай бодлады?

76. Егер бала айтқанды тыңдамаса не дейді?

77. Қазақ халқында ата-ана кіммен бірге тұрады?

78. Ұлдары бірнешеу болса не істейді?

79. Отау құрған (үйленген) балаларына әке-шеше не береді?

80. Ата-ананың қолында кім қалады?

81. Әке-шеше үйі қалай аталады?

82. Қара шаңыраққа кімдер жиналады?

83. Әуезов үйі қандай орталық?

84. Орталық неше бағытта жұмыс істейді?

85. Бірінші бағыты қандай?

86. Әуезов үйінің екінші бағыты қандай?

87. Әуезов үйінің үшінші бағыты қандай?

88. (Әуезов үйі) Орталықта орналасқан мұражай неше бөлмеден тұрады?

89. Әуезов үйі мұражайында не бар?

90. Полиглот деп кімді айтамыз?

91. Атақты неміс археологы Генрих Шилман үнемі жаттығудың арқасында мәтіннен неше бет жаттап алуға қолы жеткен?

92. Атақты неміс археологы Генрих Шилман орыс тілін неше апта ішінде үйренген?

93. Адам неғұрлым көп тіл білсе, жаңа тілді үйрену жеңіл болады ма?

94. Полиглоттар не дейді?

95. Радлов Василий Васильевич кім?

96. Радлов Василий Васильевич нені зерттеген?

97. Радлов Василий Васильевич кіммен бірге Орхон-Енисей жазуларын оқиды?

98. Радлов Василий Васильевичтің қандай еңбегі бар?

99. Бесікке салу деген не?

100. Баланы бөлемес бұрын бесікті не істейді?

101. Бесікке салу жолы кімге беріледі?

102. Баланы бесікке салғаннан кейін қандай дастарқан жайылады?

103. Бесікке салған адамға не береді?

104. Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы кім?

105. Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы 1932 жылы қайда сабақ берген?

106. Н.Т.Сауранбаев 1950 жылы немен айналысады?

107. Н.Т.Сауранбаевтің қандай еңбектері бар?

108. Қазақтығ тұңғыш журналистері кімдер?

109. Алғаш қазақ тілінде қай жерде шықты?

110. 1870 ж. 10 мамырда Ташкенте шыққан алғашқы (бірінші) газет қалай аталады? ( Түркістан уәлаяты)

111. Қазақтың алғашқы журналистері 1888 жылдары Омбыда шығып тұрған қандай газетте жұмыс істеді? ( Дала уәлаяты)

112. 1911-1915 жылдары Троицк қаласында Мұхаметжан Сералин қандай журнал шығарды? («Айқап»)

113. Айқап журналында не туралы жазды? (қазақ өмірі туралы)

114. Ахмет Байтұрсынов Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары қай газеттің бас редакторы болды? ( «Қазақ»)

115. Әйелдер арасынан шыққан тұңғыш тілші кім?

116. Жастар газетін кім басқарған?

117. Әйелдер журналын кім басқарған?

118. Журналистер әрқашан кіммен бірге?

119. Қандай туыстық атауларды білесің?

120. Бала кім?

121. Ұл бала кім?

122. Қыз бала кім?

123. Немере кімнің баласы?

124. Шөбере кімнің баласы?

125. Апа, аға, қарындас, сіңілі кімдер?

126. Нағашы кім?

127. Жиен кімнің баласы?

128. Қазақ отбасында әкенің орны қандай?

129. Әке кім?

130. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды ма?

131. Әке мен шеше ақылдасып үйленген баласына не дайындайды?

132. Абайдың Жидебайдағы мұражай үйі Семейден неше шақырым жерде?

133. 1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуына байланысты Жидебайдағы Абай қыстауы неге айналды?

134. Абай мұражай үйі неше бөлмелі?

135. Абай мұражай үйінде не бар?

136. Қазан аспада неше қазан орнатылған?

137. Қазанның қасында не тұр?

138. Оң жақ босағада не тұр?

139. Ас үйдегі тарихи мұрағаттардың бірі не?

140. Мұражайдың температурасы қысы-жазы қандай?

141. Қазақстан жері қандай?

142. Қазақстан қандай аймақтарға бөлінеді?

143. Батыс Қазақстан неге бай?

144. Солтүстік Қазақстан неге бай? (Солтүстік Қазақстан қандай өлке?)

145. Орталық Қазақстан қалай аталады?

146. Орталық Қазақстанға қай жерлер кіреді?

147.Орталық Қазақстан неге бай?

148. Шығыс Қазақстан жері қай жерлерді қамтиды?

149. Шығыс Қазақстан жерінде қандай әсем көлдер бар?

150.Шығыс Қазақстан жері немен әйгілі?

151. Оңтүстік Қазақстанға қай жерлер жатады?

152. Оңтүстік Қазақстанда қандай таулар бар?

153. Оңтүстік Қазақстанда қандай ірі өзендер бар?

154. Оңтүстік Қазақстан өлкесі неге бай?

155. Қазақстанда Азияда қай жылы болды?

156. Алматыда нешінші қысқы Азиада ойынының жабылу рәсімі өтті?

157. Азиаданың жабылу рәсімі кімнің атындағы спорт және мәдениет сарайында өтті?

158. Астана мен Алматының спорттық алаңында қанша мемлекеттің ең үздік атлеттерінің арасында таза бәсеке өтті? (Азиадада неше мемлекет арасында бәсеке өтті?)

159. Алғаш рет қанша медаль сарапқа салынды.?

160. Азиаданың қортындысы қандай болды? Қазақстан жалпы есепте қанша алтын алды?

161. Қазақстан Азиадада қанша күміс алды?

162. Қазақстан Азиадада қанша қола медальды жеңіп алды?

163. Екінші орында қай мемлекет болды?

164. Азиадада үшінші орынды қай мемлекет жеңіп алды?

165. Азиадада төртінші орынды қай мемлекет иеленді?

166. Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы қашан болды? 2012 ж. 27.01 / сағат 11-де болды

167. Қазақстанның тәуелсіздігіне неше жыл толды?

168. Мектептерді компьютерлендіру толық аяқталды ма?

169. Орта білім берудің неше жылдық моделі енгізілуде?

170. Қазақстанда барлығы қанша жоғарғы оқу орны бар?

171. Н.Ә.Назарбаев қай облыста туған?

172. Н.Ә.Назарбаевтың мамандығы қандай?

173. Н.Ә.Назарбаевтың атында не бар?

174. Қазақстанның неше астанасы болған? Қандай?

175. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне не жатады?

176. Мемлекеттік Рәміздердің авторлары кімдер?

177. Шаңырақ нені білдіреді?

178. Ту бетіндегі ою-өрнек нені білдіреді?

179. Көгілдір түс нені білдіреді?

180. Ту бетіндегі алтын түс нені білдіреді?

181. Қыран құс нені білдіреді?

182. Жаңа әнұран қай жылы қабылданды?

183. Қазақ тілі қандай тіл?

184. Тілдер күні қашан?

185. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997)

186. Конституция күні қашан?

187. Тұңғыш Конституция қашан қабылданды? (1993 жыл, 28 қаңтарда)

188. Жаңа Конституция қашасн қабылданды? (1995 ж. 30 тамызда)

189. Қазақтың қандай батыр қыздарын білесің? (Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова)

190. Тоқтар Әубәкіров кім? ( қазақ халқынан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының батыры, қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, қоғам қайраткері)

200. Шоқан Уәлиханов кім? Қай жерде туған?

201.Шоқанның арғы атасы кім?

202. Ыбырай Алтынсарин кім?

203. Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына арнап не жазды?

204. Ахмет Байтұрсынов кім?

205. Ахмет Байтұрсынов не жазды?

206. Араб алфавиті Қазақстанда қай жылдары қолданылды? (1072-1929 жылдары)

207. Латын алфавиті Қазақстанда қай жылдары қолданылды? (1929-1939 жылдары)

208. Орыс алфавиті негізінде қазақ әріптерін жасау нешінші жылы қолға алынды? (1940 жылдан бастап)

210. Қазақ тілін зерттеген ғалымдар кімдер?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]