Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-сынып емтихан мәтіндері.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
34.58 Кб
Скачать

Туыстық атаулар.

Ата - әкенің әкесі. Әже - әкенің шешесі. Әке-шеше, ата-ана – дүниеге ұрпақ әкелген ерлі-зайыпты адамдар.

Бала – ата-анадан туған ұрпақ, олар ұл, қыз деп аталады.

Ұл – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы.

Қыз – басқа елдің болашақ келіні, болашақ ана.

Немере – ұлдың баласы.

Шөбере – немеренің баласы.

Жеңге – ағаның әйелі.

Ағайын – бірге туған туыстар.

Аға, апа, қарындас, сіңлі – бір әке-шешеден туған немесе туыстың балалары, үлкен болса – «аға», кіші болса – «іні», үлкен қыз – «апа» («әпке»), кіші болса – «қарындас», қыздар үшін – «сіңлі» болады.

Інінің, баланың әйелі жасы үлкендерге келін болып есептеледі.

Нағашы – балалардың анасының төркіні.

Жиен – қыздан немесе әпке, қарындастан туған бала.

21 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар. Әңгімелеу

Қазақ отбасы.

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке- отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды.

Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.

Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.

Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.

22 билет

Абайдың мұражай-үйі.

Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі - ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан.

1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толу қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссиясының шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай-үйіне айналды.

Ол 1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс- келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді.Ол - терезесі шығысқа қараған кең бөлме, кіре берісте-қазанаспа.Оған екі қазан орнатылған.Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағамдар әзірленген.Қазанаспаның жанында екі самауыр тұр.Оң жақ босағада асадал мен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген.

Ас үйдегі мұнан өзге тарихи мұрағаттардың бірі –суреттер. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е.П. Михаэлис, С.С.Гросс, Н.И. Долгополовтың суреттері бар.

Мұражайдың температурасы қысы- жазы бірқалыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған.

23 билет

Қазақстан мемлекетінің жері кең-байтақ. Қазақстан – Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік болып бірнеше экономикалық аймаққа бөлінеді.

Батыс Қазақстан – Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орын тепкен. Каспи теңізі, Жайық өзені, Маңғыстау шығанағы осы аймақта. Өлкенің жер асты байлықтары көп.

Солтүстік Қазақстан – астығы мол өлке. Республикамыздағы астықтың жартысынан көбі осында өндіріледі. Ол – Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар сияқты солтүстік аудандар. Бұл жерде темір, асбест кен орындары, Екібастұз жылу энергиясын өндіретін өндіріс орындары бар. Атақты Көкшетау, Баянауыл сияқты сұлу жерлер де бар.

Орталық Қазақстан – бұл, негізінен Сарыарқа деп аталатын аймақ. Ол –Қарағанды, Жезқазған аумағын және Ақмола, Павлодар облыстарының біраз бөлігін қамтиды. Сарыарқада түсті металдар көп. Мұнда алтын, мыс, қорғасын, вольфрам, молибден, марганец металдары көп. Бұл өңір көмір мен мұнайға бай.

Шығыс Қазақстан – Семей және Шығыс Қазақстан өңірін қамтиды. Ол түсті металл және су қуатынан электр өндірумен әйгілі. Кенді Алтай осы аймақта. Мұнда Зайсан, Марқакөл сияқты әсем көлдер, сыңғырлаған бұлақтар мол.

Оңтүстік Қазақстанға – Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстары жатады. Мұнда Алатау, Қаратау таулары, Сырдария, Іле сияқты ірі өзендер бар. Бұл өлке – мақтаға, көкөніске, жеміс-жидекке бай. Таулы аумақтарының табиғаты аса сұлу.

24 билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]