Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-сынып емтихан мәтіндері.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
34.58 Кб
Скачать

Полиглот болғың келсе.

«Полиглот» деп ондаған тілді қатар үйренуге қабілетті адамдарды айтады.

Атақты неміс археологы Генрих Шлиман үнемі жаттығудың арқасында күніне прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен. Ол орыс тілін 6 апта ішінде үйренген.Алдымен негізгі тілдерді, ал сонан кейін сол тілдерге жақын тілдерді үйрету қажет. Әрине, адам неғұрлым көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады.Полиглоттар былай дейді: «Ең бастысы – қорықпау керек.Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысу керек. Әрқашан елден бәрін сұрап отырыңыз.Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек көрсете алатын адаммен барынша сөйлесіңіз».

16 билет

Радлов Василий Васильевич қазақ тілін зерттеген ғалым.

В.В.Радлов – есімі әлемге әйгілі түрколог, Шығысты зерттеуші ғалым. Ол Берлинде туған. Сол елде білім алып, кейін Ресейге келіп, қалып қойған.

1884 жылы Орыс академиясына мүше болды. Он жыл бойы Сібір, Алтай, Қырым, Түркістанды аралап, ондағы халықтардың әдеби мұраларын жинайды. В.Томсенмен бірге Орхон-Енисей жазуын оқиды. Орта Азияны зерттейтін ғылыми комитетке басшылық жасайды. Нәтижесінде он бір томдық «Түрік тайпалы халықтардың әдебиет үлгілері» атты еңбегі жарияланды, төрт томдық «Түрік тілінің сөздігін» құрастырды.

17 билет

Бесікке салу.

Халқымызда бесік – қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Бесікті отпен аластайды, содан кейін баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, сыйлы адамына жүктеледі. Мерекелік дастарқан жайылады, бесікке салған адамға кәде беріледі.

18 билет

Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы (1910-1958)

Н.Т.Сауранбаев – қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымының докторы, профессор.

1932 жылдан бастап ол жоғарыоқу орнында сабақ берді, оқулықтар жазды, студенттер мен аспиранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті. Н.Сауранбаев 1950 жылдардан бастап қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы туралы мәселелермен шұғылданды. Әдеби тілдің тарихы жөнінде еңбек жазып, артына елеулі із қалдырды: «Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі» (1954), «Қазақ тілінің жасалуы туралы» (1954), «Қазіргі қазақ тіліндегі диалектілер» (1955), «Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы» (1960).

Н.Сауранбаевтың білім беру, мәдениет, тарих пен әдебиетке және саяси-әлеуметтік өмірімізге байланысты жазған мақалалары да өте көп.

19 билет

Алғашқы қазақ журналистері.

Қазақ баспасөзі. Тұңғыш қазақ журналистері. Бүгін мұның бәрі де тарих.

Алғаш қазақ тілінде 1870 жылы 10 мамырда Ташкентте «Түркістан уәлаяты» газеті шықты. Қазақтың алғашқы журналистері 1888 жылдары Омбыда шығып тұрған «Дала уәлаяты» газетінде жұмыс істей бастаған. Қазақтың тұңғыш журналистері: Ешмұхамед Абылайханов, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Рахымжан Дүйсебаев деген кісілер болған.

1911-1915 жылдары Троицк қаласында Мұхамеджан Сералин «Айқап» журналын шығарған. Журнал қазақ өмірі туралы жазды.

Ахмет Байтұрсынов Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары әйгілі «Қазақ» газетін ұйымдастырып, бас редактор болды.

Әйелдер арасынан шыққан тұңғыш тілші Нәзипа Құлжанова болды. Жастар газетін Сара Есова, әйелдер журналын Ләзиза Серғазина басқарған.

Журналистердің қоғам өмірінде сіңіретін еңбегі көп. Әлбетте, олар әрқашан халқымен бірге.

20 билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]