Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 БИЛЕТ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
02.09.2019
Размер:
1.79 Mб
Скачать
  1. Электр қозғаушы күші. Толық тізбек үшін Ом заңы. Тоқтардың түйіндері. Кирхгоф ережесі.

ЭҚК – ε(В) – ток көзінің энергетикалық сипаттамасы – контур бойымен бірлік оң зарядты тасымалдайтын бөгде күштердің жұмысына тең физикалық шама:

Немiс физигi Георг Ом ток күшi тiзбектiң бөлiгiндегi кернеуге тура пропорционал екенiн тапты: I~U .

Ол өткiзгiштi басқа өткiзгiшпен ауыстырғанда тiзбектегi кернеу дәл сондай, ал ток күшi өзгеше болатынын байқады. Демек, әр түрлi өткiзгiштер тiзбектегi ток күшiн әр түрлi шектейдi. Тәжiрибелер нәтижелерiн математикаша былай жазуға болады:

мұндағы -пропорционал коэффициентi, ол өткiзгiштердiң қасиетiне тәуелдi.

Халықаралық бiрлiктер жүйесiнде СИ кедергi Оммен (1 Ом) өлшенедi: 1 Ом =

Толық тiзбек үшiн Ом заңы. ЭҚК-i ε, кедергiсi r (iшкi кедергi) ток көзiнен кедергiсi R болатын сыртқы тiзбек бөлiгiнен тұратын тұйық тiзбектек үшiн Ом заңы:

Тұйық тiзбектегi ток күшi ток көзiнiң ЭҚК-нiң, тiзбектiң сыртқы және iшкi кедергiлер қосындысына қатынасына тең.

6 БИЛЕТ

  1. Газ тәрізді, сұйық және қатты денелердің құрылысы. Қатты денелер.

Атомдары немесе молекулалары реттелiп орналасқан және периодты түрде қайталанып тұратын iшкi структурасын түзетiн қатты денелер кристаллдар деп аталады. Кристалдардың қырлары әрқашан жазық және дұрыс геометриялық пiшiндi болып келедi. Бөлшектердiң орналасуының салыстырмалы түрде орныққан скелетi кристалдық торлар деп аталады, ал сол торлардың орналасқан орындары түйiндер деп аталады.

Кристалдардың сыртқы пiшiнiнiң дұрыстығы - олардың реттелген құрылысының бiр ғана салдары емес. Олардың ең басты ерекшелiгi кристалдың физикалық қасиеттерiнiң ондағы таңдалған бағытына байланыстылығында. Кристалдардың бұл қасиетi анизотропия деп аталады.

Барлық кристалды денелер анизотропты болып келедi. Анизотропияның бiр себебi - кристалдық тор түйiндерiнiң тығыздығы әр түрлi бағытта әр түрлi болған жағдайдағы, бөлшектердiң дұрыс ретпен орналасуы. Осы бағыттардағы бөлшектердiң өзара әсерi де бiрдей болмайды. Бұдан, әр түрлi бағыттардағы кисталдардың механикалық берiктiгi әр түрлi екендiгi шығады.

Көптеген кiшкентай кристаликтерден тұратын қатты дене поликристалдық дене деп аталады, ал монокристалдар деп аталады.

Кристалдық структурасы бар денелермен қатар табиғатта аморфтық денелер деп аталатын көптеген әртүрлi денелер бар. Олар қатты денелер қатарына жатады, бiрақ оларда кристалдарға тән, стуктураның сол фрагментiндегi барлық бағыттар бойынша қайталанушылық жоқ. Тек көршi атомдар ғана белгiлi бiр тәртiппен орналасқан.

Сұйықтар секiлдi, аморфтық денелер үшiн бөлшектердiң жақынырақ орналасу тәртiбi тән, бiрақ олардың қимылдары (қозғалуы) өте жәй. Аморфтық денелерге шыны, пластмасса, шайыр, смола және т.б. жатады. Барлық аморфты денелер изотропты болып келедi, яғни олардың физикалық қасиеттерi барлық бағытта бiрдей деген сөз.

Аморфтық денелердiң кристалдық денелерге қарағандағы бiр ерекшелiгi сонда, олардың белгiлi бiр балқу температурасы болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]