Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХИМИЯ ШПОР.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
17.12.2018
Размер:
199.68 Кб
Скачать

9Иондану энергиясы,электронға тартқыштық, электртерістілік. Иондану потенциалы.

Негізгі күйдегі бейтарап атомнан бір электронды бөліп алу үшін жұмсалатын энергияның шамасын иондану энергиясы (І) д.а.Иондану нәтижесінде атомдар оң зарядталған ионға айналады.Иондану энергиясы периотарда солдан оңға қарай артады.Негізгі күйдегі бейтарапты атомға электронды қосқанда жұмсалатын немесе берілетін энергияны электронға тартқыштық( E) деп атайды.Иондану энергиясымен электронға тартқыштық оғшауланған атомдардың күйін сипаттайды.Атомдардың оқшауланбаған күйін электртерістілік шамасы сипаттайды.Электртерістілік-қосылыстағы басқа атомдармен салыстырғандағы электрондық тығыздылықты элемент атомдарының өзіне тарта білу қабілеттілігі: χ=1/2 (І+Е) Период бойынша элеметтер электртерістілігінің өсуі, ал топшаларда оның азаюы байқалады.Элементтің электртерістілік мәні неғұрлым жоғары болса,соғұрлым атом зарядталған ионға оңай айналады.Электртерістілік мәні ең жоғар элементті-фтор: χF=4,00

10.Химиялық байланыстың табиғаты.Валенттілік теориясы. Тотығу дәрежесі туралы түсінік.

Молекулалардың, иондардың, радикалдардың,сондай-ақ кристалдардың түзілуіне әкелетін атомдардың әрекеттесу құбылысын химиялық байланыс деп атайды.Мұнда- әрекеттесуші атомдар жүйесінің потенциалды энертиясының азаюы жүреді.Егер электрондардың спиндері антипаралелді болса,онда атомдар жақындаған кездегі жүйенің потециалды энергиясының азаюы орын алады және r=r0 болғанда тартылу күші тербелу күшіне теңеледі . Осы тұста жұйеның энергиясы өзінің ең кіші мәнін қабылдайды және турақты химиялық байланыс түзіледі. Егер спиндер паралелді болса, онда өзара жақындап келе жатқан атомдардың кез келеген арақашықтығы кзіндегі жүйенің потенциалдық энергиясы жеке-жеке алынған екі атом энергиясының қосындысынан артық болады.Валентілік – атомның химиялық байланыс түзуге қабілеттілігі. Бір элементтің өзі коваленттік не болмаса иондық қосылыстар түзеді.Тотығу дәрежесі деп молекула қурамындағы атомдарды шартты түрде электртерістілігіне сай оң және ионға айналады деп есептегендегі атомның зарядын айтады. Ол “+”немесе “-” таңбаларымен алынған рим сандарымен белгіленеді.

11 Коваленттік байланыс

Коваленттік байланыс деп екеуіне ортақ электрондық жұптар арқылы іске асатын хим/қ бай/сты айтады.Коваленттік бай/с қасиеттері бір біріне жақын атомдар арасында түзіледі және бұл атомдардың жұптаспаған электрондары болу керек. Коваленттік байланыстың екі түрі болады полюсті және полюссіз.Ковалентті полюссіз бай/с электртерістігі бірдей атомдардың арасындағы екеуіне ортақ электрон жұбы арқылы түзілетін бай/с.Ковалентті полюсті бай/с әр түрлі екі атом арасында түзіледі сонда электрондық бұлт электр терістілеу атомға қарай ығысады.Ковалентті бай/стардың қасиеттері 1 Қаныға алатындығы-Ковалентті бай/стардың шектеулі санын түзуіне атомның қатынасуға қабілеттілігі2 Бағытталғандығы--молекуланың кеңістіктегі құрылымын шарттастырады, электрондық бұлттардың қайта жабылуы тек орбитальдардың өзара белгілі бір бағытталу тұсында жүреді, бұл өз кезегінде электрондардың қайта жабылуындағы ең үлкен электрондық тығыздылығты қамтамасыз етеді Коваленті байланыс,атомдық қоздыру нәтйжесінде пайда болатын,жуптаспаған электрондар есебінен де түзіле алады.бул донорлы-акцепоторлық механизым–ковалентілік байланыс түзілуінің басқа да механизымының бар болуымен байланысты.Бул механизымның мәні – атомдардың біреуі бөлінген электрондық жубын, ал басқасы бос орбиталдың береді. Донорлы-акцепоторлық механизмі аммони ионнының түзілу сұлбасымен жақсы көрнектенді.Егер элемент алмасу механзімі бойынша да , донорлы-акцепторлы механизім бойынша да ковалентті байланыс түзетін болса, онда оның валентілігі жұпталған электрондар санынан үлкен және электрондық қабаттағы орбиталдарлдың жапы санымен анықталады.Оларға енетідер:

  • жұптаспаған электрондар бар орбиталдар ;

  • жұптаспаған электрондар жұбы бар орбиталдар ;

  • бос орбиталдар .