Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХИМИЯ ШПОР.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
17.12.2018
Размер:
199.68 Кб
Скачать

6.Орбитальдарды элетрондармен толтыру реті.Энергияның кішірею принципі.Паули принципі.Хунд ережесі.Клечковский ережесі.

Орбиталдардың электрондармен толтыру реті:орбиталдарды электрондармен толтырғанда K,L,M,N,O,P,Q Бойынша толтырылады.Деңгейшедегі электрондардың максималды саны 2(2l+1) өрнекпен анықталады.Атомдық орбитальдар кванттық ұяшық түрінде көрсетіледі, деңгейшелердің максималды сиымдылығы:s-2,p-6,d-10,f-14электрон.Энергияның кішірею принципі:атомдағы электронның ең тұрақты күйіне нң кіші энергия мәні бар күйі сәйкес келеді,сондықтан алдымен ең кіші мәндегі қабаттар толтырылады.Паули принципі:бір атомның ішінде барлық жағынан ұқсас екі электрон болуы мүмкін емес,яғыни атомдағы 2 электронның 4 квант санының төртеуі де бірдей болмайды.Хунд ережесі:берілген энергетикалық днңгнйшедегі электрондардың спин сандарының қосындысы максималды болуы шарт,бұл жағыдайда атом тұрақты күйде болады.Клечковский ережесі:электронның берілгн екі жағдайының қайсысында бас және орбиталь квант сандарының қосындысы(n+l)үлкен болса,соның энергиясы үлкен болады.Егер(n+l) қосынды мәні бірдей бірнеше деңгейшелер болса,онда алдымен бас квант санының кіші мәніндегі деңгейше тола бастайды.

7.Энергетикалық денгейлермен денгейшелердін сиымдылығы.Атомдардын электрон қауыздарынын құрлысы.Периодтық жүйенің атом құрлысымен байланысы.

Энергетикалық деңгей-ол бас квант санының бірдей мәні бар болатын орбитальдардың жиынтығы немесе біріккен түрі.Бір атомдық орбитальда спин квант сандары қарама-қарсы екі ғана электрон орналасады.Атомдық орбитальдар кванттық ұяшық түрінде көрсетіледі.Деңгейшелердің максималды сиымдылығы s-2 электрон,р-6 электрон,d-10 электрон,f-14 электрон.Энергетикалық деңгейлерді электрондармен толтырғанда ең кіші энергия принципін негізге алу керек:атомдағы электронның ең тұрақты күйіне ең кіші энергия мәні болатын күйі сәйкес келеді.Сондықтанда алдымен ең кіші мәндегі қабаттар толтырылады әрі жазылады.

Энергетикалық деңгей

Деңгейшелер

Бас квант саны n

Орбитальдік квант саны l=n-1

Магнит квант саны m=2l+1

K

s

1

0

0

L

s p

2

1

-1 0 1

M

s p d

3

2

-2 -1 0 1 2

N

s p d f

4

3

-3 -2 -1 0 1 2 3

8Периодтық жүйе бойынша элементтердің өзгеретін және өзгермейтін қасиеттері.

.Элементтердің периодтық жүйесі бұл қасиеттердің заңды түрде өзгеретінін көрсетеді.Элементтердің қасиеттері олардың атомдарының радиустарына,иондану потенциалдарына,электрон қосып алғыштығына және электр терістілігіне байланысты.Атомдардың сыртқы электрондық қауыздарының құрылысы ұқсас болғандықтан олардың физикалық және химиялық қасиеттері де ұқсас.Әрбір периодта солдан оңға қарай элементтердің металдық қасиеттері әлсірейді,ал элементтердің бейметалдық қасиеттері мен олардың салыстырмалық электртерістілік мәні артады.Топтардағы элементтердің металдық қасиеттері жоғарыдан төмен қарай күшейді де,ал бейметалдық қасиеттері әлсірейді. Периодты өзгеретін қасиет элементтердің өздеріне ғана тән болып қоймай,олардың қосылыстарында да кең таралған.Бір топтың элеметтерінің қосылыстарының өзара ұқсас болады.Элементтердің,жай заттардың және олардың қосылыстарының периодты өзгермейтін қасиеттері бар.Мы:атом үшін периодсыз өзгеретін қасиет ретінде оның ядро зарядының өсуін,радиоактивтілігін ,рентген спектрлерін т.б..Атом және ион радиустары,иондану потенциялы,электрон тартқыштық,электртерістік,веленттілік тәрізді кейбір периодты өзгеретін шамалар элементтердің қасиеттерін тусінуге,әрі күні бұрын болжауға мүмкіндік тудырады.