Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
16,05,15.docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
2.72 Mб
Скачать

1.14 Сурет

Екі каскадты Операциялық күшейткіштің схема-үлгісі 1.14 суретте көрсетілген. Дифференциалды кіріс күшейткіш VT VT4 транзисторларында құрастырылған. Негізгі транзисторлар VTжәне VT2 – p-n-p-типті.

Динамикалық жүктеме (VT3 және VT4 ‑ n-p-n-типті транзисторлар) өз кезегінде токты айна немесе ток шағылдырғышын ұсынады. ДК ток айнасымен дифференциалды кіріс пен бір тактілі шығысты білдіреді. ТТГ1 эмиттер тізбегінде эмиттер тогын тұрақтандыру үшін және дрейф кернеуін төмендету үшін керек. Каскад ОК-тің кіріс параметрлерінің қажетін қамтамасыз етеді.

Жалпы эмиттер схемасымен құрама VT5 және VT6 транзисторларда құралған екінші каскад амплитуда күшейткіші болып табылады. ОК кернеуіндегі керек ететін күшейту коэффициентін қамтамасыз етеді. Жүктемелік карсылас каскадының орнына ТТГ2 ток көзі қолданылады. VD1 және VD2 кіріс каскадында бастапқы жұмыс нүктесінде ығысуы пайда болу үшін диодтары керек.

Кіріс каскадына: VT7 (n-p-n-типті) және VT8 (p-n-p-типті) транзисторлардың комплементарлы жұбы, VD1 және VD2 диодтары, ГСТ2 тұрақты ток генераторы, VT6 транзисторы кіреді. Шығыс каскады АВ класының екі тактілі қуат күшейткіші болып табылады. ГСТ2, VD1, VD2 және VT6–нен тұратын кернеу бөлгіші VT7 және VT8 транзисторларының жұмыс нүктесінің ығысуын тудырады және де . Кажетті бастапқы ығысу, айтылып кеткендей,VD1 және VD2 диодтарымен беріледі. Бұл диодтар кіріс күшейткішінің тыныштық режимінде температураның тұрақтандыруын қамтамасыздандырады.

Сигнал болмаған кезде ОК кірісінде Uшығ = 0 тогы Iж = 0 жүктемесі арқылы болады. VT7 және VT8 транзисторлары арқылы аз ғана бастапқы ток ағады, ал ол VT7 транзисторында плюс UVD1 және VT8 транзисторында минус UVD2 ығысуымен келісілген. Диодтар тура бағытта қосулы және әр уақытта ашық, себебі кернеудің дұрыс орналасқан кезінде VT6 қорек көзінің кернеуінің арқасында + Еп1 и ‑ Еп2 диодтардың анодына катодына қарағанда дұрыс кернеу берілді. Екі транзитордың базасы да ауыспалы токпен жерсізденген деп есептеуге болады, себебі диодтардың кедергілері ауыспалы құраушыда нөлге жақын.VT7 және VT8 транзисторлары кезекпен ашық. Кернеудің дұрыс орналасқан кезінде VT6 коллектордан берген кезінде транзистор VT8 жабылады, ал VT7ашылады. Ток мына тізбекпен ағады: + Еп1, кэVT7, Rн, ‑ Еп1. Кернеудің кері орналасқан кезінде VT6 коллектордан берген кезінде транзистор VT7 жабылады, алVT8 ашылады. Ток мына тізбекпен ағады: + Еп2, Rн, кэVT8, ‑ Еп2.

3. Сыртқы тізбектер.

Операциялық күшейткіштерде сыртқы тізбектер қолданылады:

а) жиілік сипаттаманың коррекциялау тізбектері – жиілікті-тәуелді RC-тізбектері;

б) нөлдік кірісін ескере, шығысында нөлдік кернеуді орнату үшін теңестіру тізбектері;

в) қорғаныш тізбектері:

1) жоғары кіріс кернеуінде кірісіндегі тесіктен;

2) шығысындағы қысқа тұйықталудан шамамен 400 ом резистор жүйелі қосылады;

3) қосылудың дұрыс емес қарама-қарсылығынан қоректену қайнарының кері полюстенуінен;

4) қорек көзінің қатты қызып кетуінен;

г) кері байланыс тізбектері.

Әдетте, ОК-да жағымсыз кері байланыс қолданылады, себебі онсыз Uвх.диф=0 кезінде де күшейту коэффициенті шексіздікке ұмтылады және Uвых шекті мәнге жете алады.

Жағымсыз кері байланыс рұқсат етеді:

  1. берілген функциялармен схема құру;

  2. күшейту коэффициентінің керегіне қол жеткізу;

  3. схеманың тұрақтылығын арттыру;

  4. керекті Rвх және Rвых қол жеткізу;

  5. сызықты және сызықсыз бұрмалануларды азайту.

24-Емтихан билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]