Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журналистика, СО.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
542.21 Кб
Скачать

6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

Авторы, атауы, басылым уақыты

Ақпарат көзі

Бары (дана)

Кітапханада

Кафедрада

Негізгі әдебиеттер

1. З.Күзекова , Р.М.Әбдіқұлова Қазақ тілі. Алматы «Раритет» 2011 ж.

Оқу құралы

5

1

2. А.А.Мұсабекова. Қазақ тілі. (журналистерге арналған оқу құралы) Астана, 2008

Оқу құралы

3

1

3. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. – 2002.-784 бет.

Оқу құралы

3

1

4

Қосымша әдебиеттер

1.З.Күзекова Қазақ тілінің практикумы (грамматикалық жаттығулар жинағы). Астана, 2010.

Жаттығулар жинағы

5

1

2. Қазақстан Республикасы. Энциклопедиялық анықтамалық. Астана. 2001.

Энциклопедиялық анықтама.

2

1

3. Ш. Бектұров, Ш. Бектұрова және т.б. Қазіргі қазақ тілі.

Оқу құралы

5

1

4. Г.Ә. Машинбаева,

С.Р. Нұртілеуова. БАҚ тілімен танысайық. Алматы, 2010

Оқу құралы

1

1

5. Қ.Донбай. Қазақстандағы шіренбеген РR немесе компанияны жарнамасыз қалай көтеруге болады. Алматы, 2010.

Оқу құралы

1

1

  1. Студенттің білімін бақылау және бағалау

7.1 Бақылау түрлері (ағымдық, аралық)

Тест тапсырмалары (лексика-грамматика, оқылым, жазылым бөліктері бойынша)

    1. Бақылау түрлері (қорытынды)

Ауызша емтихан

Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік жүйе бойынша баға

Сандықэквивалент

% мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

үздік

үздік

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

жақсы

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49 0-49

қанағаттанарлықсыз

  1. Оқу тәртібінің саясаты.

Кәсіби қазақ тілі пәні – міндетті пән. Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредиттен тұрады, оның ішінде семинар (практикалық) сабақ – 30 сағат.

Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, БӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмалары, аралық бақылау, қорытынды бақылау).

Білім алушылардың білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.

Глоссарий

Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.

Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып,тыңдауға жаттығу.Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.

Оқылым - өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет материалы, естеліктер және әңгімелер, повестер оқу тапсырылады. Өздік жұмыс барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.

Жазылым – сөйлесім, тыңдалым-оқылым үнемі жазба жұмыстарымен ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу,көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.

Дыбыс – дыбыстау мүшелері арқылы жасалып, естілетін физикалық құбылыс.

Орфография – сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығы.

Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылу ережесі.

Омоним – дыбысталып, жазылуы бір, мағыналары бір– бірінен алшақ сөздер.

Антоним – мағыналары бір – біріне қарама– қарсы сөздер.

Синоним – жазылуы мен айтылуы әртүрлі, бірақ мағыналық жағынан жақын сөздер.

Түбір – сөздің ешқандай бөлшектеуге келмейтін түпкі түрі.

Қосымша – жеке тұрғанда мағынасы болмағанмен, түбірге жалғану арқылы сол сөзге әртүрлі лексикалық және грамматикалық мағына беретін сөз бөлшнгі.

Физика-“фюзис” деген грек сөзі қазақша табиғат дегенді білдіреді.

Сөйлем – тиянақты ойды білдіретін сөз, сөз тіркесі.

Сөз тіркесі – толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да байланысуы.

Хабарлы сөйлем – белгілі бір оқиға, құбылыс, адам, нәрсе туралы хабарлай айтылатын сөйлем.

Сұраулы сөйлем – бір нәрсе жайында сұрай айтылатын сөйлем.

Бұйрықты сөйлем – іс–қимылға итермелеу, орындауға ұмтылдыру мақсатында айтылатын сөйлем.

Лепті сөйлем – айтушының немесе жазушының көңіл күйін, эмоциясын білдіретін сөйлем.

Құрмалас сөйлем – мағыналық жағынан, интонациясына байланысты, грамматикалық тұлғаларына қарай екі не одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіреді. Олар салалас құрмалас, сабақтас құрамалас және аралас құрмалас сөйлемдер деп бөлінеді.

Диалог – екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.

Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.

Жағдаяттық тапсырма –білім алушының белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.

Жазылым – сөйлесім, тыңдалым-оқылым үнемі жазба жұмыстарымен ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу,көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.

Монолог –бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.

Презентация (лат. Praesentatio - таныстыру) – жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.

Семинар –(лат. Seminarum - орда) – жоғарғы оқу орындарындағы практикалық сабақ. Семинар сабақтың мақсаты – оқу пәнін тереңдетіп оқыту.

Тьютор – нақты пәнді меңгеруде білім алушының академиялық кеңесшісі рөліндегі оқытушы;

Публицистика - ақиқат шындықтың жария көрінісі;

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары. Ақпараттану.

Журналистика (французша Jornal, немісше Jornalistik) – бірнеше ұғымда қолданылатын халықаралық термин. Бұқаралық хабар және насихат құралдарының жалпылауыш атауы.

Жарнама – латын сөзі, «айғайлау» деген ұғымды білдіреді. Жарнама – «тауар, қызмет көрсету т.б. туралы хабарлама».

Газет –итальяндар сөзі, «Gazzetta», ол «майда ақша» деген ұғымды білдіреді.

Диктофон -мәліметті есте сақтау мүмкін болмағанда пайдаланатын техникалыө құралдың түрі.

Блокнот –кейбір мәліметтер мен хабарламаларды сақтау үшін пайдаланылатын қажетті кітапша. Блокноттағы мәліметтерге қарап еске түсіруде өте қолайлы дүние.

Редактор – басылымдардың (газеттер мен журналдар) шығуына басшылық жасайтын қызметкер.

Редакция –басылымдармен тікелей жұмыс жасайтын (газет, журналдардың) қоғамдық орын.

Редакиялық алқа – басылып шығатын басылымдарға тікелей жауап беретін қызметкерлерден тұратын құрам.

Деморатия - сөз бостандығы.

PR пиарлау – тұтынатын тауарларды немесе жағымды ақпараттармен жарнамалап жеткізу.

БАҚ демократиясы – қоғамдағы әлеуметтік топтардың өмір сүріп отырған жағдайларын ақпараттандыру.

Медиа-форум – жаһандану кезеңіндегі әлемдік мәселерді талдау, талқылаудағы құбылыстар.