Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК журналистика, СО.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
542.21 Кб
Скачать

Бөж тапсырмалары

Қазіргі жарнама. «Ертеде тауарларды қалай жарнамалаған?» Жарнама әзірлеңіздер.

Ағымдық бақылау сұрақтары.

1. Қазақта ежелден келе жатқан қандай спорт түрлерін білесіз?

2. «Ат – ердің қанаты» деп неліктен айтылған?

3. Қазақстандық өнімдер туралы туралы ақпарат беріңіз.

4. Отандық өнімдерге қандай PR жасар едіңіз?

5. Сан есімдер

9 сабақ

Журналистика тарихынан

Мақсаты: Студенттердің өз ойларын жан-жақты түрде баяндауға жағдай жасау. Сабақ тақырыбына сәйкес білімдерін дамыта түсу. Кәсіби сөздерді мақсатты түрде қолдана білуге жағдай жасау. Білімдерін шыңдай түсу тұрғысынан іздемпаздыққа үйрету.

1. Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар.

Баспасөз жұмысы, ойып басу, ойлап табу, пайда болу, жазбаша ақпарат, әлемдік сауда, зиян келтіру, пошта қызметі, жазбаша ақпарат.

2. Жаңа сөздермен жұмыс.

өзекті мәселе – актуальные проблемы

жаңалық - новости

халықаралық сауда международная торговля

баға - цена

сауатсыздықтың жойылуы – ликвидация безграмотности

дүние жүзінің түкпір-түкпірі – все уголки земного шара

қалыптасуының кезеңі – период формирования

таратқан - распростронивший

экономикалық қажеттілігі – экономическая необходимость

зиян келтіреді – приносили вред

3. Мәтінді оқып, аударып баяндаңыз.

Баспасөз жұмысы 1450 жылы Германияда, Иоганн Гутенберг әріптер ойылып басылған тақтаны ойлап тапқаннан кейін пайда болды. Алғашқы газет 1609 жылы шықты. «Газет» деген сөз – итальяндар сөзі («Gazzetta»), ол «майда ақша» деген ұғымды білдіреді. Бұл – сауда жаңалығы туралы жазбаша ақпаратпен байланысты шыққан сөз. ХVІ ғасырда Венеция әлемдік сауданың орталығы болған. Онда дүние жүзінің түкпір-түкпірінен ақпараттар таратылған. Жазғыштар бұл хабарларды қолымен жазып, іскер адамдарға таратқан да, олардан «gazzetta» алған.

Бұған қоса журналистиканың тууының саяси, идеологиялық және экономикалық қажеттілігі де өзекті мәселе болды. ХVІ-ХVІІ ғасырлар капиталистік қатынастардың, халықаралық сауданың, ғылым мен мәдениеттің, сауатсыздықтың жойылуының, пошта қызметі қалыптасуының кезеңі болды. Наполеон: «Төрт газет жауға жүз мың армиядан артық зиян келтіреді»,-деген.

(В.Ворошилов, «Журналист»)

Еске түсірейік:

Етістіктер құрамына қарай дара (келді, жазылды) және күрделі (ойлап тапты, жазып болды) болып екіге бөлінеді.

4. Етістіктерден сөз тіркестерін жасаңыз.

Үлгі: Баспасөз жұмысы пайда болды.

Пайда болды, білдіреді, орталығы болған, таратылды, кезеңі болды.

5. Сөз тіркесіненсөйлем құраңыз.

Үлгі: Баспасөз орталығында жұмыс істеймін.

Баспасөз орталығы

Алғашқы қажеттілік

Сауда адамдар

Экономикалық үнқағаз

Деректерді біліп алыңыз!

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінде шығатын «Дала уалаяты», «Қазақ», «Айқап» сияқты газет-журналдардың жылдық жалпы таралымы бір мыңнан аспайтын. ХХ ғаксырдың соңында республикамызда 358 газет, 20 журнал және жылына 24 миллионнан астам тиражбен екі мыңдай әртүрлі кітаптар шығады.

(М.Серғалиев)