Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
89
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
368.64 Кб
Скачать

1 Сұрақ Табиғатты қолдану қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттің реттеудің мен басқаруының түсінігі, функциялары, түрлері мен тәсілдері

Табиғатты қолдану және қоршаған ортаны қорғауды басқару экологиялық заңдылықтардың іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған. Жақсы қалыптасқан қоршаған ортаға құқықтың және азаматтар құқығының қоғамдық құндылығы, ең бірінші, құқықтық нұсқауларды іске асыру процесінен көрінеді.

Табиғатты тиімді қолдану мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мәселері; экологиылқ заңдылықтарға сай әртүрлі болғадықтан, басқару мазмұны да әртүрлі. Олар басқару функцияларына байланысты қалыптасады.

Табиғатты қолдану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару – жалпы алғанда мемоекеттік басқарудың құрамдас бөлігі.

Өндірістік басқарудың мазмұны – нақты бір кәсірорынның экологиялық талаптарды орындауға байланысты мәселелері арқылы көрінеді. Басқару арнайы қызметтер арқылы (инженердің, механиктің, технологтың, энергетиктің, бақылаудың) кәсіпорындық бөлімшелердің жетекшілері арқылы, сонымен қатар, табиғатты қорғауға байланысты құрылған бөлімдер арқылы іске асады.

Салалық (ведомствалық) басқару министірліктер, мемлекеттік комитеттер арқылы іске асырылады.

Табиғатты қолдану және айналаны қорғаудың мемлекеттік басқаруы көптеген тәсілдердің негізінде іске асырылады. Басқару тәсілдерінен басқарушылардың қызметі мен тәртібіне мемлекеттің әсер ету әдістерін түсінеміз. Тәсілдер әкімшілік (тікелей бұйрық), экономикалық (ұйымдар мен еңбек ұжымдарының заң талаптарының орындалуына экономикалық мүдделі жағдай туғызу және рухани, мемлекеттік сыйлықтармен марапаттау, дәреже, атақ беру) болып бөлінеді.

2 Сұрақ Қоршаған ортаны қорғауды мемлекет арқылы реттеу мен басқару органдарының жүйесі, снаттары мен құзыреттері

Табиғат ресурстарын қорғау мен қолданудың мемлекеттік басқаруын әртүрлі дәрежеде іске асыратын және әртүрлі құзіреттілігі көрсетілген мемлекеттік органдар іске асырады. Оларды үшке бөлуге болады: жалпы құзіреті бар органдар, арнайы құзіреті бар органдар және функциялық органдар.

Жалпы құзіреті бар органдарға жататындар:

  1. Президент

  • ҚР Президентінің мемлекеттік әскери қызметі;

  • ҚР Қауіпсіздік Кеңесі;

  • Стратегиялық жоспарлау жөнінен агенствасы

  1. ҚР Парламенті

  • Жергілікті Үкімет органдары

  1. ҚР Басшылығы

  • Атқарушы органдары

Табиғатты қорғау саласындағы басқаруда Президенттің мүмкіншілігі мол. Ол мемлекеттік бағдарламаларды, республиканың бүкіл территориясында міндетті күші бар жарлықтарды, қаулыларды және бұйрықтарды шығарып бекітеді.

Құқық қолданушылық әрекетте басты орындаушы үкіметтің органдарына және лаузымды тұлғаларына тиесілі. Орындаушы үкімет күрделі және тармақталған жүйе құрайды. Дәл осы жүйеде экологиялық заңдылықтарды қолдану механизмі өзінің нәтижелігінің дәрежесін көрсетеді. Республикада орындаушы үкіметтің дәрежесі нығая түсуде, сондықтан, құқық қолданушы механизміндегі Президеттің ролі өте маңызды.

Басшылықтың қызметі – осы саладағы негізгі бағыттар мен жалпы маңызды шараларды белгілеу және шешумен байланысты, мемлекеттік экологиялық бағдарламалардың ойлап табу және іске асырумен, табиғат ресурстарын қолдану лимиттерімен байланысты. Осындай құқықтың мазмұны – мемлекеттік экологиялық шаралардың негізін құрайды. Экологиялық байланыстарды реттеуде ҚР Басшылығының шығарған нормативтік актілері маңызды орын алады.

Табиғатты қолдану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы салалық функцияларын іске асырушы органдарда жерге қатысты, жер қойнауын қорғауға, су, орман ресурстарына және ауыл шаруашылығына байланысты мемлекеттік басқару органдары да жатады.

Функциялық органдарға жататындар:

  • ҚР комуникациясы мен транспорт министірлігі;

  • ҚР ғылым және білім беру министірлігі;

  • ҚР ішкі істер министірлігі;

  • ҚР прокуратурасы;

  • ҚР әділет министірлігі.

Бұл органдар барлық табиғат ресурстарына байланысты бір немесе бірнеше функцияларын атқарады.

Мемлекеттік басқарудың жергілікті органдар құзіреттілігі облыстық, ауданның, қаланың, экологиялық жағдайына әсер ететін мәселелерді қарастырады. Қазақстан Республикасының жергілікті үкімет органдары жер, орман, су ресурстары, табиғаттың объектілері, территорияның санитарлық тазалығы, тұрғын жерлердің құрылысы жайында міндетті тәртіптерді бекітіп, әкімшілік жауапкершілікке тарттыра алады.

Мұндай тәртіптер экологиялық деп аталып, оны бұзған адам әкімшелік жауапкершілікке тартылады.

Маслихат қабылдаған тәртіп – тұрмыс жасап жатқан заңдылықтарға қайшы келмеуі керек.