Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
89
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
368.64 Кб
Скачать

3 Сұрақ Жануарлар әлемін қолдану және қорғау заңын бұзғаны үшін жауапкершілігі

Лауазымды тұлғалар. ҚР азаматтары және басқа да тұлғалар ҚР заңына сәйкес тәртіптік, азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілігі бар:

  • жанаур әлемін пайдалану белгілі рұқсаттың және шарттың болмауы, аңшылық және шаруашылығының бұзылуы, балық аулау және басқа да суда жүзетін жануарларды аулау құқығы;

  • өмір сүру ортаны қорғаудың, кобеюу шарттарын, көшу-қону жолдарының және жануарлардың концентрация жерлерінің ережелерін бұзу;

  • адамдардың денсаулығын қорғау мақсатында жануарлардың санын реттеудің тәртібін бұзу;

  • басқа да құқық бұзушылықтар.

ҚР заңнамамен басқа да бұзушылықтарға жауаптылық орнатысады.

Жануар әлемін қорғау туралы дауларды заңмен бекітілген тәртіппен сот арқылы шешіледі.

ҚР азаматтарды және басқа да тұлғалар, кәсіптер, ұйымдар заңды бұзғаны үшін шығындарды өтеуге міндетті. Лауазымды және басқа қызметкерлер белгілі тәртіп бойынша материалды жауаптылыққа ие болады.

Жануар әлемімен заңсыз пайдалану ҚР заңымен бекітілгендей алуға тура келеді.

Барлық мәмілелер, заңдарды және ҚР нормативтік актілерін бұзғаны үшін жазаланады.

Әдебиет:

Негізгі:

1 Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Общ.ч.: Учебник.- Алматы: ТОО ИК-«НАS», - 2003, 328 с.

2 Кушумбаев А.А. Эклогическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Астана, 2001, 236 с.

3 Экологическое право РК. Учебное пособие. Под ред. Бекишева С.Д., Караганда. 2001, 9-10 с.

4 Экологическое право. Под ред. Боголюбов С.А., М.,1998, 9 с.

Нормативтік құқықтық актілер:

1 ҚР Экологиялық кодексі, 09.01.2007., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

2 ҚР Орман кодексі, 08.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

3 ҚР Жер кодексі, 20.06.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 24.07.2009.

4 ҚР Су кодексі, 9.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

5 ҚР Азаматтық кодексі, (Жалпы бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

6 ҚР Азаматтық кодексі, (Ерекше бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

7 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы, 04.12.2002., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

8 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы, 09.07.2004., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 04.12.2008.

Бақылау сұрақтары:

1 Жануарлар әлемі эколого – құқықтық режимінің объектісі ретінде

2 Жануарлар әлемін қолдану құқығы және оның түрлері

3 Жануарлар әлемін құқықтық қорғау

Тақырып: № 10 Пайдалы қазбаларды пайдаланушылардан алынатын салық.Шығыс шикі мұнайға ренттік салық

Мақсат – Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының және объектілерінің эколого–құқықтық режимінің тәртібін түсіндіру.

Жоспар:

  1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері

  2. Сауықтыру мақсатындағы жер

1 Сұрақ Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері

Ерекше қорғауды қамтамасыз ету үшін осы аймақтар шегінде мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау мен молайтуға кері әсерін тигізетін кез келген қызметке тыйым салынып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет және қорғау аймақтары белгіленуі мүмкін.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының шекарасы мен оларды пайдалану режимін жергілікті өкілді және атқарушы органдар белгілейді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының жері сол жерде арнаулы белгілермен көрсетіледі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтары шегіндегі жер учаскелері осы аймақтарды қорғаудың белгіленген режимін сақтай отырып пайдаланылады және ҚР Экологиялық кодексте белгіленген шарттарға сәйкес мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қойылуы (сатып алынуы) мүмкін.

Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызу және оны резервте қалдыру.

Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызу және жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін резервте қалдыру Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.