Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
89
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
368.64 Кб
Скачать

3 Сұрақ Экологиялық зиянның түсінігі мен түрлері. Оның орнын толтырудың тәсілдері мен принциптері

Экологиялық құқықтық талаптарды бұзудың негізінде жасалған зиянкестік ортаның құқық доктринасында экологиялық экогендік зиян деп аталады.

Экологиялық зиян туралы сөз қозғалған кезде, заң шығарушы органдарда әр түрлі терминдер қолданылады. Мысалы, зиян, залан, шығын. «Қоршаған табиғи ортаны қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін шығынның орнын толтыру туралы жазылған». ҚР Қылмыстық кодексі адам денсаулығына және қоршаған ортаға шығын келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады.

Экологиялық шығын түсінігі деп қоршаған ортаға келтірілген қандай да болмасын зиянкестікті түсінеміз. Ол экологиялық құқықтың талаптарын бұзумен байланысып жатады.

Экологиялық шығынның құрамдас бөліктеріне залал, пайданы қолдан шығарып алу және рухани шығын жатады. Экологиялық залал қоршаған ортаның ластануынан, жойылуынан, табиғи ресурстарының азаюынан және экологиялық жүйелердің бұзулуынан көрінеді. Табиғаттың мұндай кері кету түрлерінен адам денсаулығы мен мүлкіне залал келуі мүмкін. Адам денсаулығына, заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне келтірілген залал әрқашан заңды талаптарды бұзумен байланысты емес. Олар табиғи апаттардың, жер сілкісінің, су тасқынының және т.б. негізінде де болуы мүмкін.

Сонымен қатар, экологиялық залалға басқа да құбылыстар жатады. Олар көбіне демографиялық жағынан байқалады. Мысалы, адам өмірінің қысқаруы, бала туудың азаюы.

Экологиялық шығын көбіне пайданы қолдан шығарып алумен байланысты, яғни табиғатты қолданушы адамның керекті мөлшерде кіріс ала-алмауы. Мысалы, фермер қоршаған орта ластанбаған жағдайда ауыл шаруашылық дақылдарынан көп пайда түсірер еді.

Табиғат адамның рухани қажеттіліктерін қамтамасыз еткендіктен, қаладағы жасыл алаңдарды заңсыз жою фактілер рухани залал келтірудің негізі болып табылады және олардың орны толтырылуы қажет.

Заң шығарушы органдарда экологиялық шығынның орнын толтыру тәртібі соттық және соттан тыс жағдайда қарастырылады. Осыған сай міндеттемелер соттың шешіміне байланысты орындалады. Шығынның орнын толтырудың соттан тыс тәртібі ерікті түрде өтемақы төлеу тәсілімен, экологиялық әкімшілік тәртіп тәсілімен іске асырылады.

Экологиялық шығынды өтеді әкімшілік тәртіптегі басқа түрлері ретінде уақытша жұмысқа жарамау, мүгедектікті ресімдеу қолданылуы мүмкін.

Экологиялық шығын келтірудің субъектілері ретінде азаматтар, қоғамдық ұйымдар кәсіпкер азаматтар, кәсіпорындар, мемлекеттік органдар болуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері және әрекетсіздіктің нәтижесінде азаматтарға және заңды тұлғаларға келтірілген шығынның орны толтырылуы қажет.

Әдебиет:

Негізгі:

1 Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Общ.ч.: Учебник.- Алматы: ТОО ИК-«НАS», - 2003, 328 с.

2 Кушумбаев А.А. Эклогическое право Республики Казахстан. Учебное пособие. Астана, 2001, 236 с.

3 Экологическое право РК. Учебное пособие. Под ред. Бекишева С.Д., Караганда. 2001, 9-10 с.

4 Экологическое право. Под ред. Боголюбов С.А., М.,1998, 9 с.

Нормативтік құқықтық актілер:

1 ҚР Экологиялық кодексі, 09.01.2007., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

2 ҚР Орман кодексі, 08.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

3 ҚР Жер кодексі, 20.06.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 24.07.2009.

4 ҚР Су кодексі, 9.07.2003., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

5 ҚР Азаматтық кодексі, (Жалпы бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

6 ҚР Азаматтық кодексі, (Ерекше бөлім), 27.12.1994, (2009 ж. 1 қыркүйегінің жағдайы бойынша) БД "Заң"

7 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңы, 04.12.2002., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 17.07.2009.

8 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңы, 09.07.2004., БД "Заң", соңғы редакциядағы күні: 04.12.2008.

Бақылау сұрақтары:

1 Экологиялық қылмыстардың түсінігі және ерекшелектері

2 Экологиялық қылмыстардың түрлері және нысандары

3 Табиғатқа және қоршаған ортаға келтірілген зиянның өтеу ерешелектері

Тақырып: № 9 Жануарлар әлемін ұдайы өсеру, қорғау және пайдалану эколого – құқықтық режимі

Мақсат – Жануарлар әлемін ұдайы өсеру, қорғау және пайдалану

эколого – құқықтық режимінің мендеттерін түсіндіру.

Жоспар:

  1. Жануарлар әлемі, құқықтық қорғау және қолданудың объектісі ретінде ҚР «Жануарлар әлемін қорғау туралы» заңы

  2. Жануарлар әлемінен қолдану құқығы және қолданудың түрі мен мерзімі

  3. Жануарлар әлемін қолдану және қорғау заңын бұзғаны үшін жауапкершілігі