Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.06 Кб
Скачать

12. Кедендік іздеу мен тексерудің сонымен қатар кб объектілерінің құрамын диагностикалаудың техникалық құралдары.

Тексерудің тех-қ құралдары - КБ кезіндегі жолаушылардың қол жүктерін, халықаралық почта жөнелтілімдерін,тауарлар мен көлік құралдарының қиын қолжетімді жеолерін тексеру үшін қолданылады. Оларға:Металлодетекторлары- қара және түрлі түсті заттарды анықтауға мүмкіндік беретін электронды прибор. Олар портативті, стационарлы және тасылмалданатын болады. Іздеуіш айналар –әр түрлі көлемдегі және размердегі ауысымды айналары бар телескопты ұстағыштар. Щуп – ұзындықтары мен диаметрлері ір түрлі болатын металды стержень. Тексерілетін объектілерден проба алу үшін стержень басында ілгек орнатылған. Эндоскоп – көлік құралдарындағы қиын қолжетімді жерлерді және әр түрлі сұйықтық толтырылған ыдыстрды тексеретін оптикалық құралдар. Үш модификация бойын ша жасалады: 1) қатты (бараскоп) – диаметрлері мен ұзындықтары әр түрлі металды трубалар. 2) жұмсақ (флескоскоп) – 2 түрлі түсті волоконды жгуты бар. 3) жартылай қатты. Тексерудің рентгендік техникасының классификациясы:1)қол жүктері мен багаждар құрамын бақылау үшін; 2) қол жүктері мен багаждардың терең жеке заттарын бақылау үшін; 3) ортагабаридті багаждар мен жүктердің құрамын бақылау үшін арналған; 4) халықаралық почта жөнелтілімдері құралдармен бақылауға арналған аппараттар.

13.Жолаушының қол жүктері мен заттарын бақылау приборлары. Жолаушылардың жеке басын тексеру техникалық құралдармен бақылау тексерiсiнiң белгiлерi бойынша, сондай-ақ авиация қауiпсiздiгi қызметi мен құқық қорғау органдары лауазымды адамдарының дәлелдi шешiмдерi бойынша азаматтық әуе кемелерiнде тасымалдауға тыйым салынған заттарды, жүктер мен нәрселердi табу үшiн қажеттi шегiнде жүргiзiледi. Тексеру нәтижесi хаттамамен ресiмделедi, оған тексеру туралы шешiм қабылдаған адам, тексеру жүргiзушi және жолаушы қол қояды. Техникалық кедендік бақылау құралдары мынадай түрлерге бөлінеді:

1) Рентгендік тексеру техникасы - кеден органдары жолаушылар алып жүретін және алып жүрмейтін жүктерінің халықаралық почта жөнелтімдері мен кіші және орташа көлемдегі ыдыстардағы тауарлардың құрамын оларды ашпастан, рентгенге түсіру әдісімен көзбен көріп тексеру үшін пайдаланатын техникалық кедендік бақылау құралдарының түрлері. Кеден органдары стационарлық және жылжымалы жүйені қолданады.

2) Техникалық радиациялық бақылау құралдары - өткізілетін радиоактивтік және бөлінетін материалдарды, қауіпті қалдықтарды табуға, таратпауға және бірдейлендіруге, олардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеуге арналған кедендік бақылаудың техникалық құралдарының түрі. Оларға дозиметрлер, портативті және стационарлық спектрометрлер, бөлінетін және радиоактивті материалдарды табудың стационарлық жүйелері жатады.

3) Техникалық іздеу құралдары - жолаушылардың алып жүретін және бірге алып жүрмейтін жүктеріне, халықаралық почта жөнелтімдеріне, тауарларға және көлік құралдарындағы қол жетуі қиын жерлерге кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын кедендік бақылаудың техникалық құралдарының бір түрі. Мұндай техникалық құралдарға металлодетекторлар, тексеру айналары, эндоскоптар жатады.

4) техникалық бірдейлендіру құралдарды - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі, оларға:

  • кедендік және өзге де құжаттардың, пломбалардың, мөрлердің түпнұсқалылығын анықтау приборлары;

  • қымбат бағалы металдар сынамаларының түпнұсқалылығын анықтау приборлары;

  • қымбат бағалы тастар сынамаларының түпнұсқалылығын анықтау приборлары;

  • есірткі және жарылғыш заттарды бірдейлендіру приборлары;

  • криминалистік кешендер;

  • микроскоптар, лупалар, ультракүлгін шамдар;

  • рентгенофлуорэсценттік талдағыштар;

  • өлшеу приборлар жатады;

  • энергия ресурстарын есептеу құралдары;

  • озонды бұзатын заттарды бірдейлендіру құралдары.

5) Техникалық анықтау құралдары - олар бойынша анықтау жүргізу кеден органдарының құзыретіне кіретін қылмыстар туралы істер бойынша шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу процесінде құқық бұзушылықтардың іздерін анықтау мен бекіту үшін, сондай-ақ нақты істер бойынша қызығушылық білдіретін адамдардың берген жауаптарының дыбыс- және бейнежазбаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі. Бұл техникалық құралдарға: фотоаппараттар, бейнекамералар, бейнемагнитофондар мен диктофондар жатады.

6) Көзбен көріп бақылаудың техникалық құралдары - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрлері. Оларға: бақылаудың оптикалық аспаптары - дүрбілер, монокулярлы және стереотүтіктер, түнде көру приборлары, сондай-ақ шолулық телевизияның жергілікті жүйесі - бірыңғай бақылау пультімен қашықтан басқарылатын телевизиялық камералар мен бақылау мониторларының желісі жатады.

7) Аудио және бейнеақпараттар тасымалдаушыларды техникалық бақылау құралдары - техникалық кедендік бақылау құралдарының түрі. Оларға: магнитофондар, бейнемагнитофондар, барлық жүйедегі плейерлер және жазу пішіндері, телемониторлар, арнайы компьютерлік бақылау жүйелері жатады.

8) Техникалық жедел байланыс құралдары - жақын ультрақысқатолқынды радиобайланыс (УҚТ-радиобайланыс) аппаратуралары кешенінің көмегімен кедендік бақылау процесін жедел басқару үшін кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын техникалық кедендік бақылау құралдары түрлерінің бірі.

9) Кедендік қамтамасыз ету атрибуттарын салу құралдары - контейнерлерді, вагондарды, цистерналарды, әртүрлі көліктер мен жүктерді рұқсатсыз ашудың алдын алу үшін қолданылатын техникалық кедендік бақылау құралдары түрлерінің бірі.

14.Көзбен қарауға қиын жерлерде бақылауға қолданылатын портативті телевидениялық жүйенің жұмыс істеу принципі.Көзбен қарауға қиын жерлерде бақылауға қолданылатын портативті телевидениялық жүйенің қолданылу облысы:кедендік,транспорттық тексеру,өндірістік диагностика,қауіпсіздікпен қамтамасыз ету,құтқару операциялары болып табылады.Жүйенің құрамы:ықшамды видеокамералар,телескоптық штангалар,штангаға бекітілген монитор,әр түрлі ременьдер,басқару блогы,зарядтайтын қосымша аккумулятор,қосымша аксессуарлар жатады.Жүйенің эффективтілігі:жүйенің барлық элементтерінің аздаған габариттері арқасында,жеңіл және ыңғайлы телескопиялық штангалар арқасында,жарықтандыру жүйесі мен автономды қорек көзі және модификациясының әр түрлілігі-көзбен қарауға қиын жерлерде оперативті тексеруге мүмкіндік береді.Жүйе модификациясы:орындаудың 10 түрлі нұсқасы бар және видеокамераларды қорғау lәрежесінің әртүрлілігі,телескопиялық штангалардың ұзындығы,жарықтандыру нұсқалары,монитордың түрлері бойынша жұмыс атқарады.Кейбір модификацияларда фрадиоканал арқылы телефонға және стационар бақылау пункттеріне аудио немесе видеоақпараттар жіберуге мүмкіндік бар.Жүйе элементтерінің ерекшеліктері:мысалы видеокамера әр түрлі корпуста жұмыс жасайды.Видеокамераның диаметрі - 25-28мм,инфрақызыл жарық қарастырылған.Штанганың қозғалмалы бөлігі қарау бұрышын ауыстыруға мүмкіндік береді,видеокамераға айна жабыстыруға болады.Телескопиялық штанганың құрылымы жеңіл және мықты.Штанганың қозғалмалы бөлігін қоспағанда ең үлкен ұзындығы модификациясына байланысты 2-8м болады.Басқару блогы шағын сумкада орналасқан,оның ішінде қорек көзі,басқару органдары,радиоканалды модификациялар,аудио және видео каналдар жіберу блоктары болады.Радиоканал арқылы ақпарат жіберудің ұзақтығы 100м – 3км.Стереоканал жиіліктері – 920-940Мгц,телевизионды канал жиілігі -920, 940,1100,2465Мгц,телеметрия каналының жиілігі - 2465Мгц.Жүйе аккумуляторлық батарея және басқа қорек көздері арқылы 12В-пен қоректенеді.

15.Кеденде қолданылатын металл детектордың түрлері,жұмыс істеу принципі,техникалық сипаттамасы.Металдан жасалған бұйымдарды, қару жарақ пен оқ дәрілерді анықтау үшін металл детекторлар қолданылады. Металл детектордың көмегімен тікелей адамның денесінде жасырылған қару жарақтарды , оқ дәрілерді, құнды металдардан жасалған бұйымдарды табу мынаған саяды: тұлғада металдан жасалған белгілі бір массадағы объектінің бар екендігін анықтау мен сол затты ерікті түрде беретіндей етуін немесе одан бас тартқан жағдайда оны жеке тексеріп қарау кезінде алудың шараларын қолдану. Егер өту кезінде дабыл сигналы туындаса, онда қол металл детекторы қолданылады, оны адам тұлғасының периметрі бойынша қозғай отырып, кеден қызметкері металдан жасалған заттың орнын мейілінше дәл анықтайды. Тұрақты металл детекторлар негізінен едәуір салмақты заттарды анықтауға қолданылады, ал жоғары сезісталдығы бар қол металл детекторлары жұмсақ металдан жасалған заттарды анықтауға арналған, олардың көмегімен бас киімдерге, сырт киімдерге, шалбарларға, аяқ киімдерге, фурнитура заттарына тығылған бұйымдар жақсы табылады. Металл детекторлардан басқа шет елдерге контрабанданың портативті детекторлары шығарылады және қолданылады. Әмбебаптары (ITMS Vapor Tracer ) есірткі және жарылғыш заттарды анықтау үшін қолданылады. Құралдың жұмыс істеу қағидасы детекторға сынаманың буын енгізуге негізделген, онда сынама жылытылып, иондалады, содан соң затты үйлестіру жүргізіледі. Құралды пайдалану оңай , небәрі басқарудың бес түймесі және сұйық кристалды дисплейі бар. Жарылғыш заттарды (ЖЗ) анықтаушы VIPER тасымалданатын құрылғысы. VIPER тасымалданатын құрылғының бесінші буынынан аспабы, тез арада, үш секундтан кем емес уақытта ЖЗ анықтауға мүмкіндік береді. МЕТАЛ ДЕТЕКТОРЛАР: 1) COMET - қолға ұстайтын жартылай өткізгіш металл іздегіш шағын аспап. Бұйым мынадай қызметтерді орындайды: адамның киім кешегіндегі , пошта корреспонденциясындағы, жиһаздағы , құрылыстық құрылымдардағы металдың бар жоғын анықтайды; металл емес тосқауылдардың арғы жағындағы ток өткізгіштерді сәйкестендіреді. Ықшам габаритіне, электр тұтынуының аздығына, сыртқы ортаға төзімділігіне байланысты аспап пайдалануға өте қолайлы . Металл заттарды анықтау индикациясы түсті және дыбысты. 2.»ПОИСК – 5» диэлектрикалық орталардағы әр түрлі металл заттарды анықтайтын, қолға ұстауға арналған сезімталдығы жоғары серпілісті әрі таңдамалы металл іздегіш. Аспап сонымен қатар ғимраттарды, жиһаздарды, топырақты зерттеу үшін қолданылады. Қандай металл түрінен жасалғанына және габариттік өлшемдеріне қарай анықталған объектілерді жіктеуге мүмкіндік береді, аспап құрамына кіретіңдер: электронды блок, үлкен іздеуіш датчик, ажыратқыш қарнақ, құлаққап, қуаттандырғыш құрылғы, құндақ. НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ: детекторлау қашықтығы, см - пистолет ПМ -50; жез табақша( 25 мм диаметрлі) – 20; консерві қалбыры – 80; болат қатпар (пластина) (1000*1000*1мм) – 180; салмағы, кг - 1,7; қуаттануы, В – 12; үзіліссіз жұмыс істеу уақыты, екі сағаттан кем емес. 3. «ПОИСК – 3М» тұрақты іріктемелі құйынды металл іздегіш бақылауға қол жетімді жерлерде ( әуе жайларда, арсеналдарда, қоймаларда) келушілердің киімі астынан ататын немесе суық қаруларын тексеруге арналған. Әр түрлі салмақтағы металдарға икемделе алады. Құрастыруы мен икемдеуі өте қарапайым, ағаштың құнды түрлеріне ұқсатылған және есік ойығына үйлесімді орналасады. Түстік және дыбыстық дабыл қаққыштары бар. «ПОИСК – 3МР» үлгісінде ионданушы сәулелену датчигі орнатылған, ол тек бұйымның негізгі қызметін орындап қана қоймай, күзетіліп тұрған объектіге радиоактивті сәулелендіру көздерін өткізбеуді де бақылауға мүмкіндік береді. НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ: Өткізілімнің ені, м – 0,8; Өткізілім арқылы өту жылдамдығы, м|сек – 2- ге дейін; Қаруды анықтау мүмкіндігі – 0,95; Жалған дабыл мүмкіндігі – 0,02.

ІІ блок:

1.Кедендік бақылау жүргізудің түрлері. Кедендік бақылау-Қазақстан Рес.ң кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қаз.н Рес.ң кеден органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы.Кедендік бақылау жүргізу Кеден органдарының лауазымды адамдары:

1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына;

2) оларды тапсыру осы Кодексте көзделген тауарлар мен көлік құралдары туралы кедендік декларацияға, құжаттарменмәліметтерге;

3) кеден брокері, кедендік тасымалдаушылар ретіндегі тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдердің шеңберінде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметіне қатысты;

4) тауарларды пайдалануға және оларға билік етуге белгіленген шектеулердің сақталуына;

5) кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендік бақылау жүргізеді.

Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары iрiктеу принципiн негiзге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi нысандармен шектеледi.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (кедендiк) шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргiзу тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi. Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру, және (немесе) кедендiк тексерiп қарау арқылы кедендiк бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендiк қадағалаумен өткiзу мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы бойында, кедендiк ресiмдеу, алдын ала операцияларды жүргiзу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендiк тексерiп қарау орындарында, кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркiн қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерiнде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендiк бақылау аймақтары құрылады.Кедендiк бақылау аймақтары оларда кедендiк бақылауға жататын тауарлар ұдайы болған жағдайларда - тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендiк тексерiп қарау қажет болған жағдайда уақытша және осындай операцияларды жүргiзу кезiне құрылатын болуы мүмкiн.Кедендiк бақылау аймақтарын құру мен белгiлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ кедендiк бақылау аймағына жiберу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

2. Кедендік режимдегі тауарлар мен транспорттардың жылжу ерекшеліктері. Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы аркылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы. Кедендік режимде ҚР- ның Кеден шекарасы арқылы тауар және транспорттық құралдардың өтуінің нақты жағдайлары көрсетілген. Оған жатады: Кедендік құжаттау кезінде қажетті шарттарды міндетті түрде орындау; нақты Кедендік төлемдер жинау; лицензия беру және тауарларды сақтауға Кедендік қоймаларға алып бару. Қазақстан Республикасының кеден заңдарын колдану мақсатында кедендік режимдердін мынадай түрлері белгіленеді:

  1. Еркін айналымға тауарлар мен транспорттық құралдарды шығару

  2. Тауарлар мен транспорттық құралдар экспорты

  3. Тауарлар мен транспорттық құралдар реимпорты

  4. Тауарлар мен транспорттық құралдар реэкспорты

  5. Тауарлар мен транспорттық құралдар транзиті

  6. Кедендік қойма

  7. Бажсыз сауда дүкені

  8. ҚР территориясында тауарларды өңдеу

  9. Кедендік бақылау жағдайларында тауарларды өңдеу

  10. Тауарлар мен транспорттық құралдарды уақытша кіргізу және уақытша шығару

  11. Еркін Кедендік аймақ, еркін қойма

  12. Кедендік территориялардан тыс жерде тауарларды өңдеу

  13. Тауарларды жою

  14. Мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту

Кедендік режимнің бірін толығырақ айтатын болсам, мысалы бажсыз сауда дүкені. Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимі - тауарлардың кейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі жағдайында, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды коспағанда, тауарлар жеке тұлғаларға кедендік баждар, салықтар алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай сатылатын кедендік режим. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге кететін жеке тұлғаларға тауарларды бажсыз сауда дүкенінде сату фискалдық, жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде колдану арқылы жүзеге асырылады. Бажсыз сауда дүкенінде сатылатын тауарлардың кеден органымен келісілген арнайы танбасы болуы және сату үшін алдың ала оралуы тиіс. Бажсыз сауда дүкенінде тауарларды сату Қазақстан Республикасының кедендік аумағында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаумен жүргізіледі.