Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.06 Кб
Скачать

22 Кедендік тасымалдаушы

Кедендік тасымалдаушы – тауарларды және (немесе) жолаушыларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалдауды және (немесе) кеден одағының кедендік аумағы шегінде кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын немесе көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға. Заңды тұлға кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізілгеннен кейін кедендік тасымалдаушы болып танылады. Кедендік тасымалдаушылар тізілімін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүргізеді. Кедендік тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тауарларды кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асырады.Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміндегі ақпарат, сондай-ақ аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректер кеден ісі саласындағы уәкілетті органның Интернет-ресурсына орналастырылады.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей аталған Интернет-ресурсқа жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.Кедендік тасымалдаушылардың мәртебесі құжатпен расталады, оның нысаны мен қолданылу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.

Кедендік тасымалдаушының міндеттері:

1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;

2) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден органдарына мұндай тауарларды тасымалдау туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен табыс етуге;

3) осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға;

4) тауарларды жөнелтушіден, оларды алушыдан немесе экспедитордан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты не басқа да жабық ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етпеуге не өз мақсаттары үшін пайдаланбауға және өзге тұлғаларға бермеуге;

5) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген кезінде өзі мәлімдеген мәліметтер өзгергені туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті. Кедендік тасымалдаушының жауапкершілігі: Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кедендік тасымалдаушы осы Қазақстан Республикасының заңдарына немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.

23.Тәуекелді бағалау мен басқару.

1. Тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша кеден органдарының қызметі мынадай:

1) кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйесінің ақпараттық деректер базасын қалыптастыру;

2) мыналарды: тәуекелдерді талдау объектілерін; тәуекелдердің алдын алу және оларды азайту бойынша шараларды қабылдаудың қажеттілігін айқындайтын тәуекелді талдау объектілері бойынша тәуекелдің индикаторларын; тәуекелдер туындаған жағдайда ықтимал залалды бағалауды жүйелі айқындауды қамтитын тәуекелді талдау және бағалау;

3) мыналарды: тәуекелдер туындауының ықтималдығын және мүмкін болатын салдарын; тәуекелдерді болдырмау және оларды азайту жөніндегі мүмкін шаралардың қолданылуын талдауды; Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының тәуекелді талдау объектілеріне қатысты талаптарын ықтимал бұзушылықтарды ескере отырып, тәуекелдерді басқару бойынша практикалық шараларды әзірлеу және іске асыру міндеттерін орындаудан тұрады.

2. Тәуекелдерді азайту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі және нақты тауарларға және (немесе) көлік құралдарына кедендік бақылау нысандарын қолданудың нәтижелері туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды кеден органдары тұрақты негізде жүзеге асырады.

3. Ақпаратты жинау және өңдеу, тәуекелдерге талдау және бағалау жүргізу, тәуекелдерді басқару жөнінде шаралар әзірлеу және іске асыру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

4. Тәуекел бейіндерінің және тәуекел индикаторларының мазмұны кеден органдарының пайдалануына арналған құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға жария етуге жатпайды.