Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.06 Кб
Скачать

16. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан өткізу туралы жалпы ережелер

Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу тәртiбi

Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелу кезiнде тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзудiң шарты кедендiк шекарадан iс жүзiнде өту және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген iс-әрекеттердi жасау болып табылады.

Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету кезiнде өткiзудiң шарты кедендiк декларация беру немесе тауарлар мен көлiк құралдарын әкетуге бағытталған өзге де iс-әрекеттер болып табылады. Өзге iс-әрекеттерге:

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететiн жеке адамның кедендiк бақылау аймағына кiруi (енуi);

2) тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлғаның тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету туралы хабарлама беруi;

3) автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан шығу мақсатымен Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пунктiне енуi;

4) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс жерлерге жөнелту үшiн тауарларды көлiк саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғаларға не халықаралық почта жөнелтiмдерiн халықаралық почта қызметiн көрсетушi ұйымдарға тапсыру жатады.

Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

17. Кедендік режимдер

Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы аркылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының кеден заңдарын қолдану мақсатында кедендік режимдердін мынадай түрлері белгіленеді:

  • 1) тауарларды еркін айналыс үшін шығару;

  • 2) тауарлардың кері импорты;

  • 3) кеден қоймасы;

  • 4) бажсыз сауда дүкені;

  • 5) тауарларды кедендік аумақта қайта өндеу;

  • 6) тауарларды еркін айналыс үшін қайта өндеу;

  • 7) тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өндеу;

  • 8) тауарлар мен көлік кұралдарын уақытша әкелу;

  • 9) тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету;

  • 10) тауарлардың экспорты;

  • 11) тауарлардың кері экспорты;

  • 12) тауарлар транзиті;

  • 13) тауарларды жою;

  • 14) мемлекет пайдасына тауардан бас тарту;

  • 15) еркін кеден аймағы;

  • 16) еркін қойма;

  • 17) арнайы кедендік режим.

Кедендік режимде – Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар және транспорттық құралдардың өтуінің нақты тәртібі мен жағдайлары көрсетілген. Оларға жататындар: кедендік құжаттау кезінде қажетті шарттарды қадағалап дәйекті түрде орындау; нақты кедендік төлемдер жинау; лицензия беру және тауарларды сақтау үшін, тауарларды кедендік алып бару, кедендік құжаттау бойынша жоғары білімді, білікті маман аттестатын беру үшін түрлі кедендік алымдар жинау. Сонымен, кедендiк режимдер екi жақты мiндет орындайды. Бiр жағынан, тауар мен транспорттық құралдардың өтуiн регламенттесе, екiншi жағынан, кедендiк режимдердiң ынталандырушы рөлi, әcipece, тауар иесiнiң коммерциялық операциялардан табыс және пайда алуында. Оған мысал, кедендiк қойма режимi бола алады, ол әкелiнген тауарларды бажсыз сақтауды максат етедi. Көптеген елдер үшiн сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда тауарлар экспорты мен импорты басым болу рөлiн атқарады. Экспорт валюта түсiмдерiнiң негiзгі көзi ретiнде, ал импорт дамымаған салалардың өтемiн жасайтын қызмет ретiнде. Алайда, тауар елден шикiзат немесе өнiм түрiнде өндеу мақсатымен шығарылып, қайтадан дайын өнiм түрiнде қайтып келуi мүмкiн.