Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psyhol.docx
Скачиваний:
211
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.01 Кб
Скачать

32. Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз

Ақыл-ой сезiмi адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты. Таным қажеттiлiктерiн оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары. Кiтап арқылы адам өзiн және басқа адамдарның эмоциялық әлемiн таниды, өзiнiң эмоционалды күйiн бағалайды және реттейдi, өзiн өзгертедi, өмiр талабына сай қалыптастырады. Бiрақ кiтап адам өмiрiнiң барлық кезеңiн көрсете алмайды, тек ерекше, есте қаларлық жағдайларды бередi. Ол адамдардың эмоциялық қуаттарын - қалыптасқан ойларды жинақтайды, тұтынушы, насихаттаушы және ұйымдастырушы қызметтерiн атқарады. Қоғамның эмоциялық жағдайларына бағыт-бағдар бередi (Бездидко А.В. Книга эмоциональной сферы человека. Журнал ңМир психологииң, 2002, N4, стр. 85-89).

Эстетикалық сезiм адамдардың сұлулыққа, әсемдiлiкке, табиғатқа деген сезiмiн ояту. Өнер, музыка, көркем шығармалар, шешендiк өнер, поэзия, республикада кең таралған көрермендердiң көңiлiнен шыққан, жүрегiне жол тауып баурап алатын ақындар сайысы, адамның жан дүниесiн тереңдетiп оны шабыттандыра түседi.

Адамгершiлiк сезiм демократия және гуманистiк, гуманитарлық үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер – борыш сезiмi, әр адамның өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы. Мысалы, адамзатқа белгiлi тарихи тұлғалар өздерiнiң кең рухани байлықтарымен және адамсүйгiштiк қасиеттерiмен қадiрлi болған. Олар Сократ, Платон, Аристотель, Мухаммед Пайғамбар, Ибн-Сина, Әл-Фараби, Абай, Алтынсарин, Шоқан, Ыбырай т.б. Қазiргi кезеңде өрiс алып кетуiне байланысты жастарымыздың сана-сезiмiн уландырып, ұлттық менталитетiмiзге жат жәйттердi, құбылыстарды болдырмау үшiн жасөспiрiмдердiң жоғарыда айтқандай биiк сезiмдерiн жаңа бiлiм, тәрбие технологиялары арқылы сусындап, қаруландыруымыз қажет.

33. Еріктің негізгі қызметтеріне болжам жасаңыз

Адам өмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күнделікті өмірде, әсіресе үлкен кедергілерді жеңудегі ауыр кезеңдерде керек. Соғыстағы немесе еңбектегі қандай да болсын жасаған ерлік адам еркінің күшті болуын керек етеді. Керісінше, еркі әлсіз адамдар үлкен іс бітіру түгіл, күнделікті өмір қойған міндеттерді атқара алмай, жұмысқа қабілеті нашар болып, басқалардан көмек күтіп, қамқорлығында болғысы келеді. Осындайлардың кейбіреулері жаман іске құмартып, керексіз әдеттердің құрбаны болады, бұларды жеңіп шығуға олардың ерік күші жетпейді.

Еркі күшті адам тек парасатпен, еңбегімен жақсы өмір сүріп қана қоймай, сондай-ақ шын мәнінде қаһармандық іс жасауға қабілетті болады. Ерік қуаты барлық психикалық процестердің әрекеттерін жинақтап және жандандырып қана қоймай, сондай-ақ ішкі органдардың жұмысын жақсартуы естің ауруын, тіпті өлімнің келуін де тоқтатуы мүмкін.

Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:

   -ынталандыру (инициирующая) – объектив не субъектив кедергілерді жеңе отырып, қандай да әрекет, іс-қимылды бастауға мәжбүр ету.

   -тұрақтандыру (стабилизирующая) – әрқилы ішкі не сыртқы кедергілерге қарамастан ерік күшімен белсенділікті бір қалыпта ұстау.

   -тежестіру (ингибирующая) – қандай да уақыт сәтіндегі іс-әрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекет-қылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]