Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psyhol.docx
Скачиваний:
211
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.01 Кб
Скачать

22. Ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдаңыз

сөйлеу - тiл көмегiмен түзiлген адам аралық қатынас құралы. Сөйлеудiңкелесi түрлерi болады: сыртқы жəне iшкi сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз кезегiнде ауызша,жазбаша болып, ал ауызша - монологтық жəне диалогтық болып бөлiнедi.

Сөйлеудiң барша түрлерi өзара ықпалды қатынас түзедi. Сөйлеу түрлерiнiң бəрiнебiрдей сипат - олардың сөздiк дыбысталуында. Бiрақ олардың əрбiрiнiң өзiндiкерекшелiктерi бар. Тiл қатысынсыз жəне заттасқан тiлдiк процесс болмай, ешқандай ой,ойлау болуы мүмкiн емес. Ауызша да, əсiресе жазба сөздiң дайындығы сөйлеудiң iштей,адамның өзiнен-өзi, күбiрлеп айтып шығуынан басталады, мұны ғылымда iшкi сөйлеу депатайды.

Жоғарыда атағанымыздай, сыртқы сөйлеу ауызша жəне жазбаша болады.

Жазбаша сөйлеуде тiлдiк қатынас мəтiн арқылы жанама болады. Жазба сөйлеудiң, ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келедi. Сөйлеудiң жазба түрi жазба белгiлер негiзiнде орындалады. Қазiргi кездегi көп тiлдердiң дыбыстары əрiптермен өрнектеледi.

Жазба сөйлеу - естумен қабылданатын тiлдiк дыбыстардың, көрумен танылатын əрiптер мен адамның тiлдiк əрекеттерiнiң күрделi байланысынан құралатын процесс. Осыдан, жазба сөйлеудiң ауызша сөйлеуден кейiн пайда болып, əрi соның негiзiнде

қалыптасатынын түсiнемiз.

Бiреудiң дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңiстiк жəне уақытқа байланысты бiраз шектеулер болады. Əдетте, əңгiмелесушiлер бiрiн бiрi көрiп тұрады немесе дауыс жететiндей алшақтықта болуы мүмкiн. Осы жағдайларға орай сөйлеудiң сипаты өзгерiске түседi. Мысалы, телефонмен сөйлескенде сөз қысқа, жедел сұрақ-жауап кейпiнде байқалады. Тыңдаушы сұрақ қойып, оған жауап алуы мүмкiн емес телерадиодағы сөйлеу тiптi басқаша.

Ауызша сөйлеу - диалогтық жəне монологтық түрде болады. Диалогтық сөйлеу əңгiмелесушiлердiң өзара қысқа сөз алысуы, түзiлетiн сөйлемнiң құрылымы толықболмауымен ерекшеленедi. Өзара түсiнiстiк мұндайда бұрынғы əңгiме желiсiнен, тақырып

барысынан жəне iс-əрекет мазмұнына орай жетiледi. Ауызша сөз, əдетте, əңгiмелесуге қосылған адамның ниет ықыласына, болмаса қоршаған орта ықпалдарына орай жасалған жауап ретiнде жүзеге асады.

Монологтық сөйлеу ұзаққа созылады, ортаға қыс-тырма сөздер қосылмайды, алдын ала көп дайындықты талап етедi. Əдетте бұл кең көлемдi, күнi бұрын ой желiсiне салынып, қорытылған баян (мысалы, баяндама, шығып сөйлеулер, дəрiсбаяндар т.б.).

Дайындық барысында мұндай баяндардың кей жерлерi бiрнеше рет iштен қайталанады, жоспары қайта түзiлiстерге түседi, орынды сөздер, сөз тiркестерi мен сөйлемдер iрiктелiп, таңдалады, көп жағдайда ауызша сөйлеудiң жоспары жазбаша түзiледi. Монологтық сөз

құрылымы жағынан күрделi болып, ой толықтығымен көрiнедi, баяндалуы бiр iздi, қатаң логикалық талаптарға бағынады. Монологтық сөйлеу диалогтыққа қарағанда қиындау, сондықтан оның толық формасы адамзат тарихында кейiнiрек қалыптасқан. Ал мұндай

сөйлеу түрiн оқушыларда қалыптастыру үшiн мұғалiмдер арнайы мiндеттердi жүзеге келтiре отырып, еркiн əрi мəндi сөйлеу тəрбиесiн бүкiл оқу процесiнде үзбестен жүргiзiп барады.

Қорыта айтқанда, сөздiк емес тiлдесудiң қай түрi де сөз алысу барысында өте маңызды жəрдемшi (кейде дербес) роль атқара отырып, сөз мəнiсiн күшейту не кемiтумен бiрге, əңгiмелесуге қатысқандардың ниеттерiн бiлдiредi. Сөзбен бiрге қолдана отырып,

вербалды емес белгiлер де адамдардың өзара байланысты қызмет əрекетiн ұйымдастыру үшiн қажеттi ақпарат алмасуын қамтамасыз етедi. Ишара, емеурiн, қимыл əлiппесiн бiлетiн адам қарсы-ластарының, əрiптестерiнiң сырын еш қиналмай-ақ ұғып, қандай жағдайда қалай əсер етудiң жолдарын пайдаланады, өз мүддесiн жүзеге асыру үшiн түрлi əрекеттерге барады. Тiптi адамның бетiне қарағанда,

қай нүктенiң қалай əсер ететiнiн, қай тұстан қандай қуат келетiнiн iштей түсiнiп, қалауына орай нəтижеге жетуге əбден болады. Тек пиғыл, ниет таза болсын. Адамның ойлау мазмұнынан төгiлетiн пайда, зиянның өлшемi шексiз. Əрбiр сөз, əрбiр əлiппенiң өз саны,

өз жүйесi бар, əрбiр əрiптiң өз иесi бар. Бiреудi жөн-жосықсыз ренжiту, қиянат жасау, қалай болса, солай сөйлеудiң түпкi тамырында магниттi толқындар жасырынған. "Жақсы сөз - жарым ырыс", "Жылы-жылы сөйлесең, жылан iнiнен шығады", "Жүйелi сөз жүйесiн

табады, жүйесiз сөз иесiн табады" дейдi. Науқасты сөзбен құлан таза айықтыруға болады, сөзбен өлтiрiп жiберуге, тыпырлатпай тастауға болады. Сөз төркiнiн түсiнгендер мұны жақсы бiледi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]