![](/user_photo/2706_HbeT2.jpg)
- •1. Қазақстан Республикасы салық жүйесіне анықтама беріңіз?
- •2.Қазақстан Республикасы салық механизміне не жататынын атаңыз?
- •3.Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін атаңыз?
- •4.Салық бақылауы мен салық тексерулері түрлерін атаңыз?
- •5.Салық саясатын қалай түсінесіз?
- •6.Жылдық жиынтық табысқа (жжт ) анықтама беріңіз?
- •7.Жылдық жиынтық табыстың (жжт )түрлерін атаңыз?
- •8.Жылдық жиынтық табысты (жжт )бухгалтерлік есеппен салық есебінде тану ерекшелігі бар ма?
- •9.Дайын өнімді сатудан түскен табысқа не жатқызылады?
- •10.Құн өсімінен алынған табыс қай кезде пайда болады?
- •11.Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс қай кезде пайда болады?
- •12.Күмәнді міндеттемелер бойынша табыс түріне не жатқызылады?
- •13.Бағамдық айырма қай кезде пайда болады?
- •14.Айырма есептеудің бухгалтерлік және салық есебінде айырмашылығы бар ма?
- •15.Оң бағамдық айырма бойынша табыс қалай танылады?
- •16.Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша табыс қай кезде пайда болады?
- •17.Салықтық есеп бойынша шегерімдер дегеніміз не?
- •18.Шегерімдер түрлерін атаңыз?
- •19.Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бойынша шегерімдерге не жатқызылады?
- •20.Еңбек ақы шығындары бойынша шегерімге қандай шығындар апарылады?
- •21.Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар қай кезде пайда болады?
- •22.Сыйақы бойынша шегерімдер қалай есептелінеді?
- •23.Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер қашан пайда болады?
- •24.Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар сомасының шегерімге қалай апарылады?
- •25.Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерімдерді атаңыз?
- •26.Арнайы салық режимінде кімдер жұмыс істей алады?
- •27.Салық режимін қалай түсінесіз?
- •28.Ктс бойынша аванстық төлемдер төлеу мерзімін атаңыз?
- •29.Ктс бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеу тәртібі қалай жүргізіледі?
- •30.Салық кезеңі дегеніміз не?
- •31.Салық ставкасына анықтама беріңіз?
- •32.Тіркелген активтерке не жатқызылады?
- •33.Тіркелген актив ұғымына анықтама беріңіз?
- •34.Әлеуметтік төлемдербойынша шегерім дегеніміз не?
- •35.Теріс бағамдық айырма бойынша шегерім қай қезде пайда болады?
- •1.Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғаның қызметінен алынған табысына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
- •2.Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғалар кімдер?
- •3. Қр қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
- •4. Қр қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар дегеніміз кімдер?
- •5. Жер қойнауын пайдаланушы төлейтін арнайы төлемдер мен салықтарға не жатады?.
- •6.Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?
- •7. Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші үшін арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •8. Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?
- •9. Патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?
- •10. Патент негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •11. Арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •12.Ктс бойынша аванстық төлемдер дегеніміз не?
- •13.Уақытша айырмаға қандай айырмалар жатқызылады?
- •14.Тұрақты айырмаға қандай айырмалар жатқызылады?
- •15.Залалдардың салық есебі дегеніміз не?
- •16.Табыстар мен шегерімдерді түзетуді қалай түсінесіз?
- •17.Тіркелген активті күрделі жөндеудің шығындары қайда апарылады?
- •18.Тіркелген активті ағымдағы жөндеу шығындары қайда апарылады?
- •19.Тіркелген активтер бойынша амортизация есебі бухгалтерлік амортизация есептеу мен бірдей ма?
- •20.Тіркелген активтер бойынша амортизация қалай есептелінеді?
- •21.Осы салық кезеңі соңындағы және келер жылы салық кезеңі басындағы топтың, бөлімшенің құндық балансы қалай анықталады?
- •22.Тіркелген актив қалай шығысталады және бухгалтерлік есеп бойынша шығысталудан айырмашылығы бар ма?
- •24.Өтеусіз алынған мүлік бойынша табыс қалай танылады?
- •25.Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім қалай есептелінеді?
- •26.Өтеусіз алынған мүлік бойынша табыс тануда бухгалтерлік есеп пен салық есебінде айырмашылық бар ма?
- •27.Күмәнді талаптарға анықтама беріңіз?
- •28.Күмәнді талаптар бойынша шегерімдер қай кезде пайда болады және не себептен?
- •29.Бухгалтерлік есепте күмәнді дебиторлық қарызды калай есептейді және оның күмәнді талаптардан айырмашылығы бар ма?
- •30.Өкілдік шығындар дегеніміз не және ол қай мақсатқа пайдаланылады?
- •31.Өкілдік шығындар бойынша шегерім қалай есептелінеді?
- •32.Өкілдік шығындар есептеудің бухгалтерлік және салық есебінде айырмашылығы бар ма?
- •33.Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бухгалтерлік есептегі салық шығындары сомасы мен бірдей болуы мүмкін бе?
- •34.Мүшелік жарна төлемі шегерімге қанша мөлшерде апарылады?
- •1. Дара кәсіпкер-ң төлеуге тиісті салықтары мен төлемдеріне есеп
- •2. Дара кәсіпкер-ң төлеуге тиісті салықтары мен төлемдеріне есеп
- •3. Ктс аванстық төлемдер:
- •4. Ктс аванстық төлемдер:
- •5. Ктс аванстық төлемдер:
- •6. Сұрақтарға жауап беру.
- •7.Сұрақтарға жауап беру.
- •8. Ктс табуға есеп
- •9. Ктс табуға есеп
- •3110 Шотында дебеттық қалдығы бар.
- •10. Резидент емес қр қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын кәсіпорын ктс табуға есеп
- •11. Резидент Кәсіпорыны 2013 ж көрсеткіштері мынадай:
- •12. Ктс табуға есеп
- •13. Резидент Кәсіпорыны 2013 ж көрсеткіштері мынадай:
- •14. Резидент емес қр қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын кәсіпорын ктс табуға есеп
- •15. Резидент емес қр қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын кәсіпорын ктс табуға есеп
- •16. Резидент емес қр қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын кәсіпорын ктс табуға есеп
- •18. Арнайы салық режимі Патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкердің төлеуге тиісті салықтары мен төлемдеріне есеп
- •21. 2013 Ж кәсіпорынның есептелінген және төленген салық сомалары:
- •22. 2013 Ж кәсіпорынның есептелінген және төленген салық сомалары:
- •23.2013 Ж кәсіпорынның есептелінген және төленген салық сомалары:
- •24. 2013 Ж кәсіпорынның есептелінген және төленген салық сомалары:
- •25. Тіркелген актив (та) бойынша амортизация есептеуге арналған есеп
- •26. Тіркелген актив (та) бойынша амортизация есептеуге арналған есеп
- •1,Топтың салық кезеңі соңындағы құндық балансы:
- •2,Та осы жылға есептелген амортизация сомасы:
- •27. Тіркелген актив (та) бойынша амортизация есептеуге арналған есеп
- •1,Топтың салық кезеңі соңындағы құндық балансы:
- •2,Та осы жылға есептелген амортизация сомасы:
- •28. Жшс Алмас кәсіпорыны 2013 ж көрсеткіштері мынадай:
- •29. Сұраққа жауап беру
- •30. Ктс табуға есеп
6.Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?
Шаруа немесе фермер қожалықтары осы тарауда белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және оны өткізу жөніндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметіне қолданылады. Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады. Шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы режим қолданылған бiрiншi жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi деп есептеледi. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы бапта белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.
Арнаулы салық режимі:
1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың: жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзі өндірген осы өнімді қайта өңдеу және өткізу; толық кезеңді мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының, ара шаруашылығының өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне; селолық тұтыну кооперативтерінің: шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу; шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады. Салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану үшiн орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.
Салықтық өтiнiш арнаулы салық режимiн қолдануға арналған өтiнiште көрсетiлген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi болып есептеледi.
7. Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші үшін арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын (БЖС) төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi және өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiру, қайта өңдеу және оны өткiзу жөнiндегi қызметке қолданылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі жалпы белгіленген тәртіпте есептелген КТС, ҚҚС, әлеуметтiк салықтың, жер салығының, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердің, мүлiк салығының, көлiк құралдары салығының 70% төмендеуін көздейдi.
Осы режим ауыл шаруашылығы өнімдерін, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының, ара шаруашылығының, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнiмдерiн өндіру, қайта өңдеу және өткiзу қызметiне және ауылдық тұтыну кооперативтерінің қызметіне қолданылады.
Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айырықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа қожалықтары қызметіне қолданылады.
Шаруа қожалықтары осы арнаулы салық режимін немесе салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.Шаруа қожалықтары арнаулы салық режимін 20 ақпанға дейін таңдау керек, таңдап алынған арнаулы салық режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды. 20 ақпаннан кейін құрылған шаруа қожалықтары Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күні АСР қолдану құқығына өтініш береді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі патен негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және заңды тұлғаларды:
Жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі;
Толық кезеңді мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының, ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі, сондай-ақ , өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.
Мыналардың:
Еншілес ұйымдары, филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;
Заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктері мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің және т.б. АСР-н қолдануға құқығы жоқ.