Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

27.Салық режимін қалай түсінесіз?

Салық режимі - Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексте белгіленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы. Салық режимі шағын бизнес субъектілерін қоспағанда жалпы ортақ тәртіпте белгіленген режим бойынша салықтар мен өзге де төлемдерді бюджетке аударады. Ал шағын бизнес субъектілері мынала екі режимнен таңдау жасайды: 1)Жалпыға бірдей белгіленген режим; 2) Арнаулы салық режимдері

Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.

Арнаулы салық режимінің мынадай түрлері бар:

1) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi; 2) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.

Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi. Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:1) қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын; 2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын; 3) салық кезеңіндегі табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 300 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi. Дара кәсіпкерлер үшiн: 1. дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;  салық кезеңi iшiнде шектi табысы 1400 Мин.жалақы көлемін құраса;  2. заңды тұлғалар үшiн: қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;  салық кезеңi iшiнде шектi табысы 2800 минималды жалақыны құраса, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады.   Салық кезеңi күнтізбелік тоқсан болып табылады.

Жалпыға бірдей салық режимі мен оңайлатылған салық режимін салыстырып жазсам:

Көрсеткіш

Жалпыға бірдей белгіленген режим

Оңайлатылған декларация

Адам саны

Шектеу жоқ

25-тен аспау керек – дара кәсіпкерлер үшін, 50 – заңды тұлға үшін

Табыс

Шектеу жоқ

1400 Мин жалақы мөлшері – дара кәсіпкер үшін, 2800 Мин жал.мөл – заңды тұлға үшін

Салық салынатын табыс

Алынған табыс - Шегерім

Жарты жылдық табыс (шегерімсіз)

Салық ставкасы

20%

3%

Әлеуметтік салық

11% жалақы қорынан

жалпы табыстың 3 % -ның 50%-ы

Жеке табыс салығы

10%

жалпы табыстың 3 % -ның 50%-ы

28.Ктс бойынша аванстық төлемдер төлеу мерзімін атаңыз?

Салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi Салық Кодексінде белгiленген тәртiппен ағымдағы салық кезеңі ішінде есептейді және төлейді. Салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi Салық Кодексінде белгiленген тәртiппен ағымдағы салық кезеңі ішінде есептейді және төлейді.

КТС декларациясын тапсырғанға дейінгі аванстық төлемдер

Өткен салықтық кезең үшін КТС бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі салықтық кезеңде төленуге тиісті КТС бойынша аванстық төлемдер сомаларының есептемесі есеп беруші салықтық кезеңнің бірінші тоқсанында есеп беруші салықтық кезеңнің 20 қаңтарына дейін салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша салық органына тапсырылады

Өткен салықтық кезең үшін декларация тапсырылғанға дейінгі салықтық кезеңде төленуге тиісті КТС бойынша аванстық төлемдер сомасы келесі формула бойынша есептеледі:

      Үстіміздегі салықтық кезеңнің 1-тоқсанына қатысты аванстық төлемдер = өткен салықтық кезеңге қатысты аванстық төлемдердің ¼ бөлігі. Мысалы, 2014 жылға: 2014 ж. 1-тоқсанына қатысты аванстық төлемдер = (1/4*АТ 2013 ж.)

Аванстық төлемдердің есептелген сомасы үстіміздегі салықтық кезеңдегі 1-тоқсанның әр айының 25-іне дейін тең үлесте төленеді КТС декларациясын тапсырғаннан кейінгі аванстық төлемдер

Салық төлеуші декларация тапсырылғаннан кейінгі мерзімде төленуге тиісті КТС бойынша аванстық төлемдер сомаларының есептемесін өткен салықтық кезең үшін КТС декларациясы тапсырылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде тапсыру керек 

Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңде төленуге тиісті аванстық төлемдер сомасы келесі формула бойынша есептеледі:

      Үстіміздегі салықтық кезеңнің 2, 3, 4-тоқсандарындағы аванстық төлемдер = 3/4*өткен салықтық кезең декларациясындағы КТС.

Мысалы, 2014 ж.  2, 3, 4-тоқсанындарындағы аванстық төлемдер = (¾ *2013ж. декларациясындағы КТС)

Өткен салықтық кезең үшін декларация тапсырылғаннан кейінгі салықтық кезеңде төленуге тиісті аванстық төлемдердің есептелген сомасы үстіміздегі салықтық кезеңдегі 2, 3, 4-тоқсандардың әр айларының 25-іне дейін тең үлесте төленеді

Өткен салықтық кезең қортындысы бойынша шығынға ұшыраған немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеуші өткен салықтық кезең үшін КТС декларациясы тапсырылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде үстіміздегі салықтық кезеңдегі корпотативті табыс салығының болжанып отырған сомасын негізге ала отырып жасалған аванстық төлемдер сомасының есептемесін салық органына тапсыруға міндетті

Салық төлеушілер есеп беруші салықтық кезең ішінде өткен салықтық кезең үшін КТС декларациясы тапсырылғаннан кейінгі мерзімде үстіміздегі салықтық кезеңдегі табыстың болжанып отырған сомасын негізге ала отырып есеп беруші салықтық кезеңнің алдағы айлары үшін төленуге тиісті КТС бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есептемесін тапсыруға құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]