Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гылыми.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
22.11.2019
Размер:
222.21 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Павлодар облысы Білім беру басқармасы

«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы

Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған

«Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебі

Кажимова Самал

Мұқатай Айғаным

10 СЫНЫП

Тақырыбы:

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ МАҚАЛАЛАР АТАУЛАРЫНЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Бағыты:

Секция: Тілтану

Ғылыми жетекшісі: Нұртаева Назымгүл Құдышқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Павлодар

2012-2013 оқу жылы

МАЗМҰН

КІРІСПЕ……………….......……………………………..………………... 3

1 ПРАГМАТИКА ҰҒЫМЫНА ТЕОРИЛЫҚ ШОЛУ........……............ 5

2 ТАРАУ АТАУЫ ...……………..……………….........................…..........16

тармақ атауы ………………………………………..……….......................16

тармақ атауы …………………………………………..………................. 23

ҚОРЫТЫНДЫ…….....………………………………......……..........….... 27

ПАЙЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР…............…......……………...... 30

АННОТАЦИЯ

Мақсаты: Публицистикалық мақалалар атауларының (тақырыпаттардың) экспрессивтік қызметінің орындалуына байланысты прагматикалық тұрғыдан зерттеу.

Гипотеза: Публицистикалық мәтінге атау қою үшін қалыптасып қалған белгілі бір тәсілдер бар.

Кезеңдері:

  1. Прагматикалық құбылыстың мәнін толық ашу үшін филологияның бұл саласына байланысты барлық теориялық терминдерді қарастыру

  2. Қалалық, аудандық, республикалық газет көлеміндегі мақалалар тақырыпаттарын прагматика аспектісіне байланысты топтастыру

  3. Тілдің экспрессивті құралдары арқылы мақала аттарын құрастыру тәсілдерін анықтау

Зерттеу әдістері: Жұмыста тілдік материалды жинақтау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, талдау, қорытындылау әдістері қолданылды.

Зерттеу жаңалығы: мақала атауының прагматикалық құбылысын жан-жақты зерттеп, тақырыпатқа прагматика қырынан терең анализ жасауында

Зерттеу нәтижесі:

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі қоғамның әлеуметтік және рухани-мәдени контексінде қазақ баспасөзінің шығармашылық сипатынан көркемдік-сапалық, мазмұндық тың өзгерістердің байқалатыны – шындық. Баспасөз қоғамдағы күрмеуі қиын күрделі мәселелерді көтеріп, белгілі бір мәселе төңірегінде көпшілік пікірін қалыптастырудың маңызды идеологиялық құралы. Оның қоғамдық өзгерістерге белсене араласып, аймақта, республикада, тіпті әлемде болып жатқан жайттарды дер кезінде көпшілікке хабарлауынан қоғамда ақпараттық жүйенің қалыптасуына бастау алады

Газет тілшілері ақпарат таратумен қоса, өздерінің қыл қалам ізденістеріне жеке көзқарастарын сиғызып отырады. Ал тілшінің шығармашылық ізденісінен, еңбек және өмір тәжірибесінің толығуынан, аз көлемді материалға маңызды мәліметтерді әсерлілігін арттырып қондыруынан түрлі амал-тәсілдерді қолданысының шеберлігі мен тиімділігі көрінеді. Атап айтқанда, егемендік жылдарындағы ақпараттық кеңістіктегі көптеген шектеулердің бұзылуы шығармашылық тәсілдердің алуан түрде жаңғыруына жол ашты.

Осы жағдайларға байланысты бүгінде тілдің қай салада болмасын коммуникативтік қызметін анықтау тілдегі адам факторын басты нысанаға алып зерттеуді көздейді. Бұл орайда тілдің коммуникативті қызметі, атап айтқанда, тіл қолданысын сол тіл иесінің болмысына сәйкес антропоцентристік бағытта зерттеу және тілді тұтынушы оны қандай мақсатта, қалай қолданып отыр деген мәселеге қатысты функционалды лингвистика, прагмалингвистика аясында қарастыру алдыңғы орынға шығып отыр.

Бұл қағиданың қазақ публицистика тіліне тікелей қатысы бар. Әсіресе, бүгінгі баспасөздің сипаты – қоғамның ұлттық және мемлекеттік мүддесіне сәйкес түрлі проблемаларын көтерген, еркін және шығармашылық тұрғыдан жазылған, авторлық позициясы айқын, коммуникативтік-прагматикалық мәні жоғары мақалалар. Осымен байланысты газет тілінің коммуникативтік-прагматикалық талаптарына сай келетін, немесе оларды газеттің идеясына ия автордың мақсатына бейімдеуші тілдік құралдарды анықтау – тілдік қолданыстық әлеуетін зерттеудегі өзекті мәселе. Баспасөз тілінің осындай жаңа сипатына сәйкес прагматикалық функция атқаратын тілдік құралдар ерекше көзге түсуде.

Адамдардың болмысты қабылдауындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі артты. Ал журналистикалық шығармашылықтың, БАҚ-тың қазіргі қоғамдағы қызметінің, ондағы тілдік ерекшеліктердің әр түрлі аспектілерінде зерттеу әлі толық емес. Газет тақырыпаттарын прагматика тұрғысынан зерттеудің өзектілігі сонда – газет тақырыпаттарының өздері прагматикалық аспектіде реципентке тілдің экспрессивті құралдары арқылы әсер етуінде. Қазіргі уақытта газет мақалаларының атауларын зерттеуге бағытталған бірқатар ғалымдардың еңбегі бар болғанмен, бұл тақырып әлі де болса зерттеудің жалғасын табуды қажет етеді. Әсіресе прагматика тұрғысынан газет тақырыпаттары өте аз зерттелді.

Негізгі бөлім

Прагматика - логикада пайдаланылатын таңбалаp жүйесiне адамның қатынасын зеpттейтiн семиотиканың бөлiмi.

Семиотика (гр. semeion - белгі, танба) (семиология) — таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. "Таңбалар жайындағы ғылым" ретінде Семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байқауға байланысты Ч. С. Прис пен Ф. де Соссюрдің еңбектерінде айтылған. "Семиотика" термині алғашкы кезде формалды логика-математика саласы үшін қолданылған, ал оның заттық-мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойынша семасиология деп аталған, кейін бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды. Семиотиканың көлемді объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен көркем әдебиеттің арасында айқын байкалады. Сол себепті тіл мен әдебиет Семиотикасы гуманитарлық Семиотикасының өзегі болып табылады. Семиотиканың тағы бір саласы формалды логика-математика деп аталады.

Тіл мен әдебиет Семиотикасының негізін қалағандар 1920—30 жылдары Прага лингвистикалық мектебі мен Копенгаген лингвистикалық үйірмесінің өкілдері (Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, Л. Ельмслев, В. Брёндаль т.б.). Семиотика зандылықтары Семиотикалық жүйелердің негізгі құрылымдық элементтерінің (фонема, морфема, сөз, сөйлем, дауыс ырғағы) бір-біріне қарама-қарсы келуі арқылы анықталады. Ғылыми еңбектерде Семиотиканың үш денгейде жіктелетіні көрсетілген:

1. Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым-қатынасты білдіретін синтактика;

2. Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін семантика;

3. Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін прагматика.

Прагматиканың анықтамасы зерттеушінің бастапқы қарастыру тұрғысына байланысты келесі салаларда әрқилы өзгеріп отырады: синтаксисте (прагматика – синтаксистік және семантикалық анализ кезіндегі қалдық, көбіне стандартты емес сөйлемдер) (Ф.Кифер), семантикада (прагматика – бағалаушы және бағалауға жанама мағына, сондай-ақ контекстіден туындайтын ассоциациялар мен коннотациялар) (И.П.Сусов, Н.Д.Арутюнова), стилистика және риторикада (прагматика – коммуникативті семантика, сондай-ақ тілді ықпал, әсер етуші құрал ретінде қарастыру: саясат тілі, жарнама тілі, психотерапия тілі, т.б.) (Е.Шрейдер) , сөйлеу қызметінде (речевая деятельность) (прагматика – пресуппозицияның, коммуникативті постулаттардың, сойлеу актілерінің теориясы) (Ч.Моррис, Л.Витгенштейн, Дж.Серль).

Прагматика - логикада пайдаланылатын таңбалаp жүйесiне адамның қатынасын зеpттейтiн семиотиканың бөлiмi.

Прагматиканың анықтамасы зерттеушінің бастапқы қарастыру тұрғысына байланысты келесі салаларда әрқилы өзгеріп отырады: синтаксисте Ф.Кифер: «Прагматика – синтаксистік және семантикалық анализ кезіндегі қалдық, көбіне стандартты емес сөйлемдер», семантикада И.П.Сусов, Н.Д.Арутюнова: «Прагматика – бағалаушы және бағалауға жанама мағына, сондай-ақ контекстіден туындайтын ассоциациялар мен коннотациялар», стилистика және риторикада Е.Шрейдер: «Прагматика – коммуникативті семантика, сондай-ақ тілді ықпал, әсер етуші құрал ретінде қарастыру: саясат тілі, жарнама тілі, психотерапия тілі, т.б.», сөйлеу қызметінде (речевая деятельность) Ч.Моррис, Л.Витгенштейн, Дж.Серль: «Прагматика – пресуппозицияның, коммуникативті постулаттардың, сойлеу актілерінің теориясы» деп анықтама береді.

У.Джеймс өзінің «Прагматизм» атты еңбегінде «Прагматикалық әдіс... әрбір ұғымды тиісті практикалық нәтижелерімен түсіндіруге тырысады. Егер бұл ұғым емес, басқа бір ұғым ақиқат болған күнде де біреу үшін одан қандай практикалық мән болар еді» деген пайымдауды тұжырымдап, бұл философия туралы анық түсінік береді. Джеймс еңбектерінде прагматизм қандай да бір теориядан туатын «практикалық нәтижелерді» салыстыру жолымен философиялық таласты шешу тәсілі және ақиқат теориясы ретінде тұжырымдалады: ақиқат дегеніміз – «біз үшін тиімді болатын, өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келіп, біздің бүкіл тәжірибеміздің жиынтығымен ұштасып жатқан әрекет» дейді.

Ғ. Қалиев: «Прагматика – тіл құралдары мен тілді тұтынушы арасын, сөз бен оны айтушы жазушы және тыңдаушы арасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Лингвистикалық прагматиканың қызметі нақты емес, оған сөйлеуші субъект пен адресаттық өзара қарым-қатынасынан туатын мәселелердің бәрі кіреді».

Прагматикалық аспект тұрғысынан реципиентке әсер етуде басты рөль экспрессивтілікке, яғни тілдің және сөйлеудің кез-келген деңгейіндегі бірлігінің адамда реакция туғыза білу қабілетіне негізделеді. Қазіргі кезде лингвистикада экспрессивтілік ақпаратты жіберушінің прагматикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған коммуникативті жоспардың санаты ретінде қарастырылады. Экспрессивтілік табиғатынан прагматикалық болып табылады, себебі ол адресатқа, яғни ақпаратты қабыл алушыға бағытталады.

Газет мәтініндегі тақырыпат, яки мақаланың атауы экспрессивтіліктің өзегі болып табылады. Ол – прагматикалық бірлік, себебі оның мақсаты – оқырманға әсер ету, оны қызықтыру.

Тақырыпат – кез келген газет материалындағы негізгі тезис, оның назар аудару, әсер ету және сендіру құралы ретінде журналистикадағы орны ерекше. Ол оқырманды қызықтырады, ақпаратты қабыл алуға дайындайды және негізгі мәтінді жарнамалайды. Газет мәтініндегі бұл бірліктің маңыздылығы сонда – оған жазушы да, оқырман да баса назар аударады.

Қалалық газет «Отарқа», облыстық «Сарыарқа самалы», республикалық «Егемен Қазақстан» газеттерінде басылған мақалалар атауларын жинау барысында тақырыпаттан тұратын библиографиялық тізім шықты. Картотеканы талдаған кезде мынадай ерекшеліктер байқалды.

«Егемен Қазақстан», 2012жыл

Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша:

  1. Білімді жас – ел ертеңі (ЕҚ, №588-589, 06.09.12)

  2. Іріктеуді ілгерілету – уақыт талабы (ЕҚ, №588-589, 06.09.12)

  3. Білімді ұрпақ – ел мақтанышы (ЕҚ, №588-589, 06.09.12)

  4. Еңбек пен білім – егіз (ЕҚ, №588-589, 06.09.12)

  5. Ойға – шуақ, бойға – қуат (ЕҚ, №590-591, 07.09.12)

  6. Қоғам бірлігі – өрлеу өзегі (ЕҚ, №590-591, 07.09.12)

  7. Қамқорлық – ортақ қажеттілік (ЕҚ, №592-596, 08.09.12)

  8. Ортақ ой биігі – оқу түйіні (ЕҚ, №597, 11.09.12)

  9. Бұл – үлкен сенімге серпіліс (ЕҚ, №598-602, 12.09.12)

  10. «Періште тілек» - бала Жамбылдың тұңғыш жинағы (ЕҚ, №603, 13.09.12)

  11. Жұмысымыздың басты нәтижесі – жастарды тәрбиелеу (ЕҚ, №604-605, 14.09.12)

  12. Халықаралық саудаға – салмақты көзқарас (ЕҚ, №604-605, 14.09.12)

  13. Орман – оттегі отаны (ЕҚ, №606-607, 15.09.12)

  14. Бұл – Елбасы бағытын табысты жүзеге асырудың нәтижесі (ЕҚ, №608, 18.09.12)

  15. Омбылықтар сыйы – самауыр (ЕҚ, №608, 18.09.12)

  16. Қоғамның басты құндылығы – адам

  17. Адам игілігі – өмірде, ал өмір – еңбекте

  18. Актер мұраты – көрерменнің жүрегін толқыту (ЕҚ, №608, 18.09.12)

  19. Адам игілігі – өмірде, ал өмір – еңбекте (ЕҚ, №609-615, 19.09.12)

  20. Ынтымақтастық көкжиегі интеграциялық, инновациялық даму арқылы кеңейді (ЕҚ, №609-615, 19.09.12)

  21. Қоғамның басты құндылығы – адам (ЕҚ, №609-615, 19.09.12)

  22. Тіл жаңашырына – жеңіл көлік (ЕҚ, №609-615, 19.09.12)

  23. Ынтымақтастық – ырыс бастауы (ЕҚ, №615, 20.09.12)

  24. 103 ардагерге сый – «Егемен Қазақстан»! (ЕҚ, №618-619, 22.09.12)

  25. Ықпалдастық - өмір талабы (ЕҚ, №618-619, 22.09.12)

  26. Еңбегіміз – ел игілігіне (ЕҚ, №618-619, 22.09.12)

  27. Жас ғалымдар –болашағымыз (ЕҚ, №618-619, 22.09.12

  28. Жазушы мұраты – елге қызмет (ЕҚ, №620-621, 25.09.12)

  29. Мақсатымыз – еңбек адамының мүддесін қорғау (ЕҚ, №620-621, 25.09.12)

  30. Алексей Луценко – жаһан жеңімпазы (ЕҚ, №620-621, 25.09.12)

  31. Бейбіт Ыстыбаев – «Қазақстан барысы» (ЕҚ, №620-621, 25.09.12)

Жатыс септік жалғауы

  1. Қазақстан білім қоғамы жолында (ЕҚ, №588-589, 06.09.12)

  2. Балауса буын – басты назарда (ЕҚ, №588-589, 06.09.12)

  3. Қауіпсіздік басты назарда (ЕҚ, №588-589, 06.09.12)

  4. Объективте – Астана (ЕҚ, №590-591, 07.09.12)

  5. Жасыл алаңда – «жасылдар» жасағы (ЕҚ, №590-591, 07.09.12)

  6. Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту жолында (ЕҚ, №592-596, 08.09.12)

  7. Күн тәртібінде – экологиялық білім (ЕҚ, №592-596, 08.09.12)

  8. Түсіністік пен сенім саясаты аясында (ЕҚ, №597, 11.09.12)

  9. Балалар денсаулығы басты назарда (ЕҚ, №597, 11.09.12)

  10. Саламатты Қазақстан пойызы – Павлодар облысында (ЕҚ, №598-602, 12.09.12)

  11. Реформалар дұрыс бағытта жүруде (ЕҚ, №598-602, 12.09.12)

  12. Тұлпарлар туған өлкеде (ЕҚ, №604-605, 14.09.12)

  13. Жаттығулар жалғасуда (ЕҚ, №606-607, 15.09.12)

  14. Адам игілігі – өмірде, ал өмір – еңбекте (ЕҚ, №609-615, 19.09.12)

  15. Металлургтер мүддесі басты назарда (ЕҚ, №618-619, 22.09.12)

Терминдермен байланысты

  1. Екінші сессияның алғашқы отырысы (ЕҚ, №588-589, 06.09.12)

  2. Бюджет қаржысына қатаң қадағалау қажет (ЕҚ, №590-591, 07.09.12)

  3. Өсімдік қорғау және экология (ЕҚ, №590-591, 07.09.12)

  4. Экспортты арттыру – ел әлеуетін арттыру (ЕҚ, №590-591, 07.09.12)

  5. Қазбытхимнің хош иісті сабындары (ЕҚ, №590-591, 07.09.12)

  6. Ядролық сынақтарға қарсы тұру (ЕҚ, №590-591, 07.09.12)

  7. «Маңғыстаумұнайгаз» мұнайшылар мерекесін кен орындарында тойлайды (ЕҚ, №592-596, 08.09.12)

  8. Еуразиялық банктің жеңісті жазы (ЕҚ, №592-596, 08.09.12)

  9. Түркістан және туризм (ЕҚ, №592-596, 08.09.12)

  10. Автоматтар тәркіленді (ЕҚ, №592-596, 08.09.12)

  11. Полигонның зардабы (ЕҚ, №597, 11.09.12)

  12. Биотехнологияның болашағы зор (ЕҚ, №597, 11.09.12)

  13. Стратегиялық серіктестік серпіні (ЕҚ, №598-602, 12.09.12)

  14. Сессия аясындағы кездесулер (ЕҚ, №603, 13.09.12)

  15. Ғаламдық экономикадағы жаңа қадам (ЕҚ, №603, 13.09.12)

  16. Энергетикалық тапшылықты азайтатын нысан (ЕҚ, №604-605, 14.09.12)

  17. Мақсат – капитал қозғалысына жол ашу (ЕҚ, №604-605, 14.09.12)

  18. Туризм мәдениетін қалай дамытамыз? (ЕҚ, №604-605, 14.09.12)

  19. Эметалық топқа жолдама дарысы (ЕҚ, №604-605, 14.09.12)

  20. Астық терминалы (ЕҚ, №604-605, 14.09.12)

  21. Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: тұрақтылық пен даму векторы (ЕҚ, №606-607, 15.09.12)

  22. Еңбек ұжымдарын аралатқан акция (ЕҚ, №606-607, 15.09.12)

  23. Интеграция - екі ел үшін де игілік (ЕҚ, №608, 18.09.12)

  24. Экономикалық әріптестік – ілгерілеу кепілі (ЕҚ, №608, 18.09.12)

  25. Аукцион арқылы сатылды (ЕҚ, №608, 18.09.12)

  26. Еуразиялық интеграция - әлемдік қиындықтарға қарсы қамал 3 (ЕҚ, №618-619, 22.09.12)

  27. Дендрологиялық парк ерекше мәртебеге ие болды 6 (ЕҚ, №618-619, 22.09.12)

  28. «Инновация ырысымызды арттырады» (ЕҚ, №618-619, 22.09.12)

  29. Мақсат – толерантты орта қалыптастыру 3 (ЕҚ, №620-621, 25.09.12)

  30. «Басты құндылық – адам капиталы» 4 (ЕҚ, №620-621, 25.09.12)

  31. Трендтер мен көлемге не әсер етеді? 6 (ЕҚ, №620-621, 25.09.12)

  32. Олимпиада чемпионы – Алматы қаласының құрметті азаматы. (ЕҚ, №620-621, 25.09.12)