Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мет иностранный язык 1,2 рейтинг 13-14 перевод.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
268.29 Кб
Скачать

3. Continuos тобының шақтары

3.1 Present Continuous осы шақ to be көмекші етістігі мен осы шақтағы көсемше (Present Participle) арқылы жасалады. Сұраулы түрі көмекші етістіктің бастауыштың алдында тұруы арқылы жасалады, ал болымсыз түрі not бөлшекті көмекші етістіктен кейін қою арқылы жасалады.

1. Айтылу кезінде жүзеге асатын созыл малы іс әрекет.

They are having an English class now.

Оларда ағылшын тілі сабағы болып жатыр.

2. Іс-әрекеттің сол уақытта жасалып жатқанын болашақта да жасалынатынын әрекетін білдіреді. He is building a new house.

Ол жаңа үй салып жатыр.

3. Шартты және мезгіл сабақтас бағыныңқы сөйлемдегі келер шақтағы созылмалы іс-әрекетті білдіреді. If I am sleeping when you come, wake me up.

Сен келгенде мен ұйықтап жатсам, мені оятып жібер.

4. Іс-әрекеттің жүзеге асуына сенімділік және ниет білдіретін келер шақтағы іс-әрекетті білдіреді. He is leaving Moscow.

Ол Мәскеуден (ертең) кетеді.

5. Келешекте іс-әрекет жасауға ниет немесе сенімділік білдіру үшін Present Continuous- пен қатар to go етістігінен Infinitive Present Continuous бірге жиі жұмсалады. I am going to learn French next year. Мен француз тілін келесі жылы үйренбекшімін

6. Past Continuous өткен шақтағы (Was,Were) to be көмекші етістігі арқылы және (Present Participle) мағыналы етістіктің осы шақтағы көсемше түрі арқылы жасалады. Сұраулы түрде етістік бастауыштың алдында тұрады, болымсыз түрі көмекші етістіктен кейін тұратын not бөлшегі арқылы жасалады.

Өткен шақтың белгілі үзігінде болатын созылмалы іс-әрекет

It was raining at five o’clock. It wasn’t raining when I left the house.

Сағат бесте жаңбыр жауған. Мен үйден шыққанда, жаңбыр жауған жоқ.

Белгілі уақыт ішінде болған,бірақ үздіксіз емес түрде жүзеге асқан созылмалы іс-әрекет

In June that firm was carrying on negotiations for the purchase of wheat.

Маусымда бұл фирма бидай сатып алу туралы келіссөздер жүргізген.

3.2 Future Continuous келер шақ түріндегі (shall be and will be) to be көмекші етістігі және (Present Participle) мағыналы етістігінің осы шақтағы көсемше түрі арқылы жасалады.

Сұраулы түрінде бастауыш етістіктің алдында тұрады; болымсыз түрі бірінші көмекші етістіктен кейін тұратын not бөлшегі арқылы жасалады.

1.Келер шақтың белгілі кезінде жүзеге асатын созылмалы іс-әрекет

I’ll still be working at five o’clock. I’ll be working when he returns.

Мен әлі бес сағат жұмыс істеймін. Ол келгенде, мен жұмыс істеп жатамын.

2. Белгілі уақыт үзігінде болатын, бірақ үздіксіз жүзеге аспайтын созылмалы іс-әрекет

I’ll be preparing for my examinations in May.

Мен емтихандарға мамыр айында дайындаламын.

3. Іс-әрекеттің жүзеге асуына ниет немесе сенімділік білдірген кезде жүзеге асатын қысқа іс-әрекет (Future Simple) орнына жұмсалады

He will not (won’t) be meeting us at the station.

Ол бізді станцияда күтіп алмайды.