Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тыныс алу жүйесі.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
478.72 Кб
Скачать

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Мамандығы: жалпы медицина

Пәні: Визуалды диагностика

Кафедра: Визуалды анықтау

Курсы: 3

Семестрі: 5-6

Модуль: Тыныс алу жүйесі

Тақырыбы: №1 – Тыныс алу жүйесін визуальді анықтау әдістері. Балалардағы ерекшеліктері. Өкпе тінінің тығыздану синдромының визуалды анықталуы.

Құрастырғандар: Доц. Тулеутаева З.К.

Асс.Далиева Г.А.

Алматы 2009 ж.

Әдістемелік нұсқаулықтар визуалды диагностика бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалды. Дайындаған м.ғ.к., доцент Тулеутаева З.К.

Кафедра отырысында бекітілген

Хаттама №_10__

«_9_»__06________2009ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор ____________ Хамзин А.Х.

Жұмыс бағдарламасы пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясында талқыланды

« …..» 2009 ж.., хаттама №……

Тақырыбы: №1 – Тыныс алу жүйесін визуалды анықтау әдістері. Балалардағы ерекшеліктері. Өкпе тінінің тығыздану синдромының визуальді анықталуы.

Мақсаты: Студенттерді кеуде қусысы мүшелерін қазіргі заманғы негізгі сәулемен зерттеу әдістерімен, сәулемен зерттеу әдісін жүргізу және зерттеу әдісінің нәтижесіне қорытынды жасаумен таныстыру.

Оқыту тапсырмалары:

1. Рентгенологиялық, КТ және МРТ, радионуклидті зерттеу әдістерін жасау көрсеткіштерін анықтау. Визуальді анықтаудың қазіргі әдістерінің артықшылықтары

2. Сәулемен анықтаудың стандартты әдістерін жасау әдісін үйрету.

3. Сәулемен зерттеу әдісінің нәтижелерін сараптауды үйрету.

4. Зерттеу хаттамасы мен өкпе тінінің тығыздану синдромы кезіндегі ажырату рентгенодиагностикасының алгоритмін жасауды үйрету.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Визуальді анықтаудың қазіргі заманғы зерттеу әдістерін кеуде қуысы мүшелерін зерттеуге қолдану (рентген, КТ, МРТ, УДЗ, радиоизотопты зерттеу).

2. Балалар өкпесі мен кеудеаралық мүшелерінің қалыпты сәулелік анатомиясы мен физиологиясы.

3. Тыныс алу мүшелері ауруларының негізгі рентгенологиялық симптомдары (өкпе алаңының жайылмалы қараюы, өкпе алаңының шектелген қараюы, дөңгелек (шар тәрізді) көлеңке, сақина тәрізді көлеңке, ошақты көлеңке. Балалардағы ерекшеліктер.

4. Өкпе тінінің тығыздану синдромы көрінуінің рентгенологиялық сипаттамасы және оның көрінуі.

Оқыту және үйрету әдістері :

- тақырыпты ауызша талдау

- ситуациялық есептер

- рентгенограммалар, томограммалар, сканограммалар, сонограммалар талдау

Әдебиеттер:

1.А.Ю. Васильев, Е. Б. Ольхова, «Лучевая диагностика», для студентов педиатрического факультета, издательство ГЭОТАР – Медицина 2008

2. С. К. Терновой, А. Ю. Васильев «Лучевая диагностика и терапия» том-2, частная лучевая диагностика. 2008г.

3. Труфанов Г. Э. «Лучевая диагностика» 2 тома, 2007г.

Қосымша әдебиеттер:

1.«Лучевая анатомия», Медицина «Ростов на Дону», Феникс – 2009г.

2.Б.И.Ищенко, Л.Н,Бисенков, И.Е.Тюрин «Лучевая диагностика для торакальных хирургов » Санкт-Петербург,2000г.

3.Тюрин И.Е.«Компьютерная томография органов грудной полости». Санкт-етербург,2003г.

4.Дуглас С.Кац, КейвинР.Мас, СтюартА. Гроскин. «Секреты рентгенологии» Санкт-Петербург 2003 г.

7. Бақылау:

А. Тесттер:

1. Өкпе суретінің қалыпты анатомиялық субстратыбұл

1) бронхтар

2) бронхтар мен өкпе артериялары

3) өкпе артериялары мен веналары

4) бронхтар, өкпе артериялары мен веналары

5) ацинустар

2. Лондондық схема бойынша оң өкпе неше сегменттен тұрады?

1) сегіз

2) тоғыз

3) он

4) он екі

5) он бір

3. Өкпенің сегментарлық құрылымы негізіндегі тармақталу болып табылатыны:

1) бронхтар

2) бронхтар мен өкпе артериялары

3) өкпе артериялары, бронхтар және өкпе веналары

4) өкпе артериялары мен бронхтар

5) лимфа тамырлар мен бронхтар

4. Өкпе түбірі көлеңкесінің қалыптағы анатомиялық субстраты – бұл мынаның тармақтары:

1) артериялардың

2) артериялар мен веналардың

3) артериялар, веналар және бронхтар

4) веналар мен бронхтар

5. Рентгеноскопия нені білуге мүмкіндік береді?

1) өкпе түбірінің құрылысын

2) өкпе суретін

3) диафрагма жылжымалылығын

4) өкпедегі инфильтрат морфологиясын

5) қабырға құрылысын

6. Өкпе ауруларын анықтаған кезде алғаш жасалатын зерттеу:

1) рентгеноскопия

2) тура проекциядағы рентгенография

3) тура және бүйірлік проекциядағы рентгенография

4) рентгендік компьютерлік томография

5) томография

7. Рентгенопневмополиграфия ненің өзгерістері туралы көп ақпарат береді?

1) өкпе түбірінің

2) кеудеаралығының

3) өкпе суретінің

4) өкпе вентиляциясының

5) плевраның

8. Ұзынша томография нені анықтаған кезде қажетті?

1) кеңірдек бифуркациясының лимфа түйіндерінің үлкеюін

2) бронхішілік ісікті

3) плевра қуысындағы аз мөлшерде жиналған сұйықтықты

4) кеудеаралықтағы ауаны

5) өкпе ішіндегі ісікті

6) өкпенің секвестрленуін

9. Бронхография жасауға көрсеткіш болып табылады:

1) бронхоэктазға күдік туғанда

2) инфильтраттағы ыдырауды анықтағанда

3) қалталанған плевритті анықтағанда

4) бөліктік бронхтың орталық рагында

5) өкпенің шеткі рагы

10. Тыныс шығарған кездегі рентгенограмманы нені анықтау үшін жасайды?

1) айқын пневмотораксты

  1. диафрагманың жылжымалалағын

  2. плевра қуысындағы аз мөлшерде жиналған сұйықтықты

  3. перикардитті

  4. ателектазды

Б. Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммалар, томограммалар, сканограммалар және сонограммалар архиві

8. Бақылау критерилері:

ЖР (жіберу рейтингі) = күнедлікті бақылаудың орташа баллы (дәрістер+тәж. сабақтар) + СӨЖ орташа баллы+аралық бақылау баллы

Күнделікті бақылау:

1. Дәрістер - максимальді - 5 балл

Критерилер

Балл

Сабаққа қатысу және бақылау сұрақтарына толық жауап беру

5-4 б.

Сабаққа қатысу және бақылау сұрақтарына толық емес жауап беру

3-2б.

Сабаққа қатысу, бақылау сұрақтарына толық жауап бере алмау

1б.

Дәріске қатыспау

0 б.

Кешігу

Минус 1 б.