
- •Халықаралық бизнес акадеимясы
- •5В050900 – «Қаржы» мамандығы
- •«Құқық негіздері» пәнінің силлабусы
- •Алматы, 2011
- •«Құқық негіздері» пәні
- •Күнтізбелік тақырыптық жоспар
- •Практикалық/лобароториялық сабақтардың мазмұны, бақылау формасы мен бағасы
- •Соөж өткізу графигі*
- •1 Және 2 рейтингінің нәтижесі бойынша емтиханға жіберу рейтингі (жР) 60 баллдан кем болмауы тиіс.
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Нормативтік құқықтық актілер:
- •Курс саясаты
Курс саясаты
Сабаққа қатысу: Қандай да бір себептермен сабаққа қатыса алмасаңыз, жіберілген сабақтарда өткен материалдар үшін жауапкершілік Сізге жүктеледі.
Талаптар. Сіз ұсынылған тақырыптар бойынша берілген сұрақтарды оқып білуге мүдделі болуыңыз керек. Барлық тапсырмалар белгіленген мерзімде орындалуы тиіс.
СОӨЖ өткізу барысында СӨЖ тапсырмасы бойынша бақылау мен білімін бағалау жүргізіледі. Студенттің өзіндік жұмысы орындалуға міндетті және график бойынша тапсырылуы тиіс. Сіздің жұмысыңыздың негізінде ағымдық баға шығарылады. Кешіктіріліп орындалған тапсырмалар, автоматты түрде төмен бағаланады.
Практикалық сабақтар. Сабақ барысында практикалық мысалдардың шешімін табу мен өткен тақырыптар бойынша сұрақтар талқыланады, және де ауызша/жазбаша сұрау жүргізіледі.
Ағымдағы бақылау. Семестр барысында екі ағымдық бақылау жүргізіліп, қорытынды баға аралықтағы орындалған тапсырмалар бойынша алынған баллдардан құралады. Семестр барысында күнтізбелік график бойынша екі ағымдық бақылау өткізіледі. Ағымдық бақылауда дәріс жазбалары мен басқа да қайнар-көздерді қолдануға тиым салынады.
Емтихандық сессия. Емтихан теориялық мәселелер мен сұрақтар қамтылған тест түрінде немесе пән бағдарламасында қамтылған тақырыптар бойынша дайындалған емтихандық билеттермен өткізілуі түмкін.
Қорытынды баға ағымдық, аралық бақылаудағы және қорытынды емтихандағы нәтиженің қосындысынан құралады.