Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Визель Т.В. Альбом нейропсихологического обслед...doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
08.11.2019
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Билет №25

1.Қорық аумақтары қоршаған ортаны қорғау түрлерінің бірі ретінде.

2.Қр маңызды экологиялық проблемаларын атаңыз.

3.Топырақтың ластануы: ұғымы, пайда болу себептері. Топырақтың ластануымен күресу шаралары.

1. 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы өз аумағындағы табиғи объектілердің сақталуын қамтамасыз етіп, биоалуан түрліліктің сақталуы туралы Конвенцияның бір тарапы болып табылады. Биоалуан түрлілікті сақтау бойынша Ұлттық Баяндама және Стратегия дайындалған, ұлттық және өңірлік жобалар жүзеге асырылады, табиғи-қорық қорының жаңа объектілері ұйымдастырылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – құқықтық ерекше қорғау режимі бар не болмаса шаруашылық қызметінің реттелетін режимі бар, мемлекеттік табиғи-қорық қорының сақталуын және қалпына келуін қамтамасыз ететін жерлер, сулар, ормандар мен жер қойнаулары учаскелері.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ресми түрде тіркелген:

  • 7 мемлекеттік ұлттық табиғи бақ («Алтын Емел», Баянауыл, Іле-Алатау, Қарқаралы, Қатон-Қарағай, «Көкшетау»,Шарын);

  • 10 мемлекеттік табиғи қорықтар (Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы, Барса келмес, Батыс-Алтай, Қаратау, Қорғалжын, Марқакөл, Наурызым, Үстірт);

  • 2 мемлекеттік табиғи резерват («Семей орманы», «Ертіс орманы»);

  • 2 мемлекеттік табиғи бақ («Бұйратау», «Медеу»).

2. Қазіргі кезде Қазақстанда мониторинг жүргізуде ерекше көңіл аударлатын мәселелер:

1. Мұнай өндіру қызметтінің нәтижесінде мұнаймен ластану.

2. Магистралды су жүйелерінің :Ертіс, Нұра, Оралдың суларының ластануы. Қазір белгілі болғандай Атом жарылыстары жалғыз Семей полигонында емес қазақстанның басқа облыстарында да болыпты.Ресейге бағынатын сынау полигондаы осы күнге дейін Батыс қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жезқазған, Алматы, Талдықорған Семей облыстарда жұмыстарын тоқтатқан жоқ.Олардың атқан ракеталары адасып қызылқоға ,махамбет аудандарының қой отарларына жақын келіп жарылып жатады.1993 жылы қыркүйек айында атырау қаласының маңына келіп түсті. Ресей әскерлері пайдаланатын қазақстандағы толып жатқан Уран қазатын өңдейтін Кәсіпорындардажұмыс істеу тәртібі сақталмай қоршаған ортаға , адамдарға көп зияны тиюде. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы – Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар – мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі. Орталық Қазақстандағы Нұра өзенінің суында сынап өте көп. Оның құрамындағы азоты бар заттардың концентрациясы тым жоғарылап кеткен. Ал Сырдария өзені және Шардара су қоймаларының суларының ластануы әр түрлі улы химикаттардың әсерінен екендігі баяғыдан белгілі. Сол сияқты Балқаш көлінің суы «Балшахмед» өндірісінің улы химикаттарының ағынды суларының әсерінен ластануда.

3.Қазақстандағы жер қоры 2,7 млрд. га жалпы егістік, оның 1-1,2 млрд. га эрозияға ұшыраған. Қазақстанда жер қорлары көп 1953-1956 ж. тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде егістік ауданы 2 есе өсті. Соңғы жылдары егістіктер қысқарды, қолайлы және тиімді жерлердің барлығы игеріліп бітті, тек қолайсыз, сор, сортаң және құм жерлер қалады.

а) Қазақстанға эрозияға ұшыраған жер 18-20 млн. гектарды құрайды, олар астық егетін солтүстік, батыс және орталық ауданда орналасқан. Эрозиядан өсімдіктер өнімі азайды. Эрозияға құрғақ, шөбі жоқ, ормансыз жерлер ұшырайды.

б) Қазақстандағы тұзданған топырақмен күресу.

Тұздану құбылысы дегеніміз топырақтағы тез еритін тұздардың (Na2CO3,

NaCE-, SO42+ ) жоғарлауы, ол жер бетіндегі сулардан болады-біріншілік тұздану; дұрыс суармағанна болады-екіншілік тұздану. Тұз салмағы 0,1% асқандық топырақ тұзданады, бұл өсімдіктер үшін қауіпті.

в) Қазақстандағы топырақтың шөлдену мәселесі ерекше назар аудартады. Территорияның 40% шөл және 23% жартылай шөл экожүйелерге жатады. Көгал мен жайылымдарда әртүрлі мақсатқа және тың көтеруде көп күш түсіргендіктен, демалыссыз пайдаланылғандықтан қазір ол жерлер өз қалпына келе алмайды. Беткі шөп қабаты бұзылып жатыр, жайылым эрозиялық топыраққа, құмға айналады. Әсіресе, Нарын, Қызылқұм, Қарақұм және басқа құмдардың жағдайы өте қиын. Шөлдену нәтижесінде биологиялық түрлер азаяды, ауа райы өзгереді, су ресурстары қысқарады, соңында азық-түлік ресурстардың жетіспеулігіне ұшырайды. Шөлденудің жылдам темпі Арал және Каспий өңірінде жүріп жатыр.

г) Топырақтың батпақтануымен күресу.

Топырақ эрозиясы дегеніміз желдің немесе судың әсерінен топырақтың бұзылуы. Топырақ эрозиясын су эрозиясы және жел эрозиясы деп бөледі. Су эрозиясында бұзатын күш ретінде ағын суы болып табылады, ал жел эрозиясы - ауа ағымы.Адамның әсерінен эрозиялық процестер күрт өсті. Мысалы: XX ғ. 50 жылдары эрозиялық алынуына жылына 3 млрд. т. болса, 70 жылдары-24 млрд. жеткен, 2000 ж. 55-60 млрд. т. болды. Қазіргі кезде жел эрозиясына 1,7 млрд. т. топырақ алынады. Эрозия көбінесе, табиғи өсімдік жамылғысы жоқ жерде болады; Себебі, біріншіден, өсімдіктер топырақты тамырлармен бекітеді, екіншіден, жер бетіндегі бөліктері су мен ауаның әсер ету күштерін азайтады.