Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№11. Қостанай облысы

Құрылған мерзімі – 1936 жыл.

Жер аумағы – 196 мың шар. шақ.

Халқының саны – 995,2 мың адам.

Әкімшілік орталығы – Қостанай қаласы.

Облыс аумағында 16 аудан, 5 қала, 799 ауыл бар.

Қостанай облысы 1936 жылы құрылды. Торғай мен Орал ойпатының шеңберінде негізінен далалық аймақта орналасқан. Облыс Қазақстанның төрт және Ресейдің үш облысымен шектеседі.

Облыстың ауа-райы тез өзгермелі, жазы қуаншылықты ыстық, қыста қар аз түседі.

Ең ірі өзендер: Тобыл,Торғай.

Ең ірі көлдер: Құсмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл.

Тобыл өзенінің жағасында орналасқан Қостанай 1879 жылы салынды.

Облыс анықталған тарихи-мәдени – 1963, соның ішінде археологиялық – 28, тарихи – 196, сәулеттік – 217, іргелі өнерлік – 522 ескерткіш бар.

Облыс аумағында б.з.д. XVIII-XI ғасырдағы қола дәуіріндегі қалашықтың табылуы елеулі археологиялық табыс болды. Архитектура жайлы айтқанда, XIX ғасырдың соңы ала тас және ағаш дәстүрінде салынған ғимараттардың алуан түрін атап өтуге болады.

Қостанай өңірі қазақ халқының көптеген ұлы адамдарының туған жері болып табылады. Олардың ішінде ағартушы Ыбырай Алтынсариннің, ғалым Шоқан Уәлихановтың, суырып салма ақын Айсұлу Орысбайқызының, ақын Нұржан Наушабаевтың, көрнекті қоғам қайраткерлері Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Елдес Омаровтардың есімдері елге белгілі.

№11.1 Соколов-сарыбай кен байыту комбинаты

Аталған комбинат Қостанай облысында, Рудный қаласында орналасқан. Оның құрылысы 1954 басталған. 1960 жылы Сарыбай карьері іске қосылды. Негізгі өнімдері: жылына 8,4 млн. тонна темір рудалы жентектер, темір мөлшері 66 процент болатын концентрат және аломерациялы руда шығару. Комбинат жылына 170 млн. тонна кен массасын, 35 млн. товар өнімін өндіреді. Құрамында 33 цех бар. Сарыбай карьерінде қуатты жабдықтар, бұрғылау станоктары, элеваторлар, автосамосвалдар қолданылады. Электрлендірілген қуатты темір жолы бар. Карьер 1960 жылы іске қосылған.

№11.2 Темір жол вокзалы

Ғимарат 1974 жылы салынған. Архитекторлары – В.Батырев, А.Сухорукова. Ғимараттың жалпы пішімі жолаушылардың жүріп-тұруына вокзал жұмысын ұйымдастыруға ыңғайлы етіп құрылған. Транспорт жолаушыларына қызмет көрсететін зал (билет сату, почта, телефон байланысы бөлімдері) архитектуралық-жоспарлау жобасының құрылымдық орталығы болып табылады. Ғимараттың ұзындығы 200 метр, басты кіре берісіне қисық сызықты темір-бетонды қалқа орнатылған.

№11.3 Торғай ауылындағы мешіт

Қостанай облысындағы Жанкелді ауданына қарасты Торғай ауылындағы мешіт, жергілікті халықтардың қаржысына салынған. Мешіттің жанындағы медреседе қазақ қыздары діни білім алады. Мешіт 1992 жылы 20 тамызда ашылды. Оның ашылу салтанатына Рәтбек қажы, Халифа Алтай, жазушылар Ә.Кекілбаев, Т.Әбдіков, Ә.Сығаев және т.б. қатысты. 1992 жылы 21 қыркүйекте мешітке Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев келді.

№11.4 Шақшақ жәнібек атындағы мұражай

Шақшақ Жәнібек атындағы мұражай 1993 жылы салынған. Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы – батыр, қолбасшы, дипломат болған. Мұражай Шақшақ Жәнібектің туғанына 300 жыл толуына орай салынып, 1993 жылы 27 тамызда пайдалануға берілген. Мұражайда екі экспозициялық зал, қонақ және әкімшілік бөлме орналасқан. Мұражайдың экспозициясында Оренбург мұражайынан алынған Ш.Жәнібектің саяси қызметіне қатысты құжаттың көшірмесі бар. Соның ішінде Ш.Жәнібектің Екатерина ІІ патшайымға жазған хатының және патшайымның Ш.Жәнібекке тархан атағын беру туралы бұйрығының көшірмесі де кіреді. Сонымен қатар, мұражайда Абылай хан, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер және Қабанбай, Бөгенбай батырлар туралы құжаттардың көшірмелері сақталынуда.

11.5 ЕГІН АЛҚАБЫ

Қостанай облысындағы жердің жалпы ауданы – 19600 мың га. Жайылым алқабы – 12072 мың га, яғни 66 пайыз. Қалған жерлер ауыл шаруашылығына пайдалануға берілген.