Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология пәнінен емтиханға арналған тест сұра...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
99.84 Кб
Скачать

42) Антропопсихизм.

43) Нейропсихизм.

44) Панпсихизм. Барлық заттарға тән психология.

45) Психиканың даму көрсеткіштері. Іс-әрекет, іс-әрекеттің түрлері, орындау тәсілдері, нәтижелері.

46) Психиканың даму сатыларына не жатады? Адам психикасы дамуының сапалы өзгерістері.

47) Психиканың даму кезеңдеріне не жатады? Адам психикасының дамуын уақыт кесінділеріне бөлу.

48) Рефлекс анықтамасы. Сырттай немесе іштей келетін тітіркенушіліктерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы.

49) Психиканың ең төменгі формасы. Тітіркендіргіш

50) Психиканың ең жоғарғы формасы. Сана

51) Қозу мен тежелу процесі. Қозу- әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде нерв жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күйі, тежелу-нерв жүйесін тыныштандыратын процесс.

52) Динамикалық стереотип. Үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмнің төселуі.

53) Тітіркенушілік. Психиканың ең төменгі формасы.

54) «Ми рефлекстер» еңбегінің авторы. И.М.Сеченов

55) Жануарлардағы дағды. Инстинктке қарағанда өзгермелі, мінез-құлықтың икемді түрі;бірнеше қайталанудың негізінде қалыптасқан қайталаулар.

56) Жануарлардағы интеллект. Жануарлар психикасының ең икемді түрі; жануарлардың өз қажеттерін қанағаттандыру іс-әрекеті.

57) Сана адамға ғана берілген психиканың ең жоғарғы формасы.

58) Жануарлар мен адамдардың психикасының ерекшеліктері.(5) адамда сана бар,жануарларда сана жоқ.

59) Жануарлар іс-әрекетінің адам іс-әрекетінің өзгешеліктері.(5) жануарларда биологиялық сипатта болады; жануарлар табиғи заттармен ғана әрекет жасайды; адам іс-әрекеті міндетті түрде мақсатқа бағытталады; адам іс-әрекетінің орындалу тәсілі таңдалады; адам іс-әрекетінің нәтижесі жемісті болады, яғни қандайда бір өнім болады.

60) Зейін- адам санасының белгілі бір объектіге бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс.

Ушинский: «Зейін- білімді миға жіберіп отыратын есік»;

Титченер: «Зейін сыртқы әсердің негізінде ішкі түйсінуден пайда болады»;

Узнадзе: «Зейін- адамның бағыт-бағдарынан тұрады».

61) Түйсік-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерін қандай да бір сезім мүшесі арқылы жүйке жүйесін бейнелеу процесі.

62) Қабылдау- заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі.

63) Қиял- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайта жаңғыртып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән процесс.

64) Ес- адамның сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының мида бейнеленіп, қайта жаңғыртылып, танылып, ұмыту процесі.

65) Ойлау-жоғары таным процесі, шындықтың қайта өңделуі, жаңа білімді творчестволы бейнелеудің белсенді формасы, бар білімдердің творчестволы қайта өңдеу, дәл қазіргі уақытта шындықта жоқ және субъектінің өзінде де болмайтын нәтижені тудырады, заттар мен құбылыстардың мәнін түсіндіретін идеялардың туындысы, теориялық және практикалық әрекет сипаты.

66) Зейіннің түрлері: ырықты (ерікті), ырықсыз (еріксіз), үйреншікті.

67) Түйсіктің түрлері:

А) экстрорецепт (дененің сыртында)—көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, тері, сипап сезу.

Ә) интерорецепт (дененің ішінде)—органикалық түйсіктер.

Б) проприорецепт (бұлшық етте, сіңірде)—вибрациялық, кинестезиялық, статикалық түйсіктер.

68) Қабылдаудың түрлері: кеңістікті қабылдау, уақытты қабылдау.