
- •9.Сақтар археологиялық ескерткіштері
- •10.Ғұндардың тарихы
- •11. Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
- •17. Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •18. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.Ғ)
- •20. Қыпшақ хандығы
- •22. Көне түрік жазуының ескерткіштері.
- •23. Түркі тайпаларының наным- сенімдері мен салт-дәстүрлері.
- •25. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әл-Фараби, м.Қашқари, а.Иассауи, ж.Баласағұн және т.Б.
- •30. Монғол шапқыншылығының Қазақстан халқына тигізген зардабы.
- •31. Қазақстан аймағы монғол ұлыстарының құрамында
- •40. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •48.Қазақтардың этникалық территориясының қалыптасу кезеңдерін атап өт
- •49. 17Ғ Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы мен халықаралық ахуалын сипаттап беріңіз.
- •50.Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы қандай ерекшеліктерін атап көрсете аласыз.
- •51. Қазақ хандығының 16 ғ 2-ші жартысындағы сыртқы саясатындағы қандай ерекшеліктерді атап өт
- •73. Бөкей Ордасы
- •74.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі
- •77.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
- •81.Әкімшілік –сот реформасын аяқтау1886 – 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер.
- •83.XiXғ.Аяғы- xXғ. Басында орыс шаруаларын Ресейден Қазақстанға қоныс аудару
- •84.Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуының себептері, мақсаты, барысы.
- •87. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы және т.Б, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі мен маңызы.
- •88. Хх ғ басындағы қ-ң әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •89. 1905-1907Жж бірінші орыс революциясының қ-ға әсері.
- •91. ХХғ басындағы қазақ баспасөзі
- •92. Қазақстан Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •95. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.
- •96. 1917 Жылғы Қазан төңкерісі: мәні мен мазмұны. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы
- •97. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және оған Мұстафа Шоқайдың қосқан үлесі.
- •98. 1917 Ж. Екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұны және оның маңызы. Алашорда үкіметінің құрылуы.
- •99. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы
- •100. «Соғыс коммунизм» саясатының Қазақстанда іске асырылу ерекшеліктері.
- •109. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.
- •110. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және салдары нәтижелері.
- •110.Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.
- •124. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері.
- •125. Хх ғ. 30-40жылдарында қазақстанға кейбір халықтардың жер аударылуы,оның мақсаты, көлемі және салдары
- •127. Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық саяси өмірі
- •129. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру (1954–1958 жж.)
- •130. Ғылым мен білімнің дамуы(1946-1964жж)
- •131. Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.).
- •140 Қ.Р егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср –нің мемлекеттік егемендігітуралы декларация. Қ.Р –ның мем-к тәуелсіздігі туралы заң.
- •141. Қр мемлекеттік рәміздері
- •142. Тәуелсіз Қазақстанның 1993 ж Конститутциясы
- •143. 1995 Ж қр –ның Конститутциясы және қос палаталы парламентке сайлау
- •146. Қаазақстанның халықаралық аймақтық ұйымдарға қатысуы
- •147. Қазақстан халқы ассамблеясы мен форумдары
91. ХХғ басындағы қазақ баспасөзі
Азаттық күресіндегі қазақ интелегенциясының алғашқы ж\е табанды өкілдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Бақытжан Қаратаев, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұхаммед Хамдуллин,Мұстафа Шоқай ж\е т.б болды. Олардың кейбіреулері социалистік идеядарды ұсынды, социал-демократтармен, эссерлермен бірлесіп жұмыс істеді. Қазақ баспасөзінің өмірге келуі 1870ж 22 наурызында алғашқы саны жарық көрген «Түркістан уәлаяты» газетінен басталды. ХІХғ соңында өлкеде екі ғана газет «Түркістан уәлаяты» ж\е «Дала уәлаяты» ғана шыққан болса, ХХғ басында қазақ газеттері мен журналдарының саны көбейе түсті. 1907ж Петербургте редакторы Әбдірәшід Ибрагимұлы болған «Серке» газеті,1911ж қаңтардан бастап Троицк қаласында Мұхамеджан Сералиннің басшылығымен «Айқап» журналы шыға бастады. Жарық көрген 4 жыл ішінде «Айқап» журналының 88 саны оқырман қолына тиді. 1913ж бастап жарық көрген «Қазақ» газеті либералды-демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді. ХХғ басында қазақ тілінде жарық көрген басылымдардың басты тақырыбында егіншілік пен отырықшылдық, көшпелі өмірдің ерекшеліктері,әйел ж\е ұлт мәселелерімен қатар оқу-ағарту ж\е Қ-ң саяси ж\е шаруашылық өмірі де кең қамтылды.
92. Қазақстан Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында
Б.Д.С жылдарында туындаған қиыншылықтар өлкедегі жағдайды одан әрі шиеленістіріп отырды.Бұл қиыншылықтар ең алдымен қарапайым халықтың мойнына түседі. Соғыс Қ-ғада өз ауыртпалығын түсірді, салық 3-4 есе, ал кейбір жағдайларда 15 есеге дейін өсті. Арнайы соғыс салығы енгізілді. Қазақтардан арзан бағамен сиыр алынды. Егіс көлемі қысқарып, өнеркәсіп құлдырап, қымбатшылық пен ашаршылық туғызды. Көкшетауда,Верныйда ж\е Ақмола мен Семейде салдат әйелдерінің бас көтерулері болды.
93. 1916ж ұлт-азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі ж\е маңызы
1914ж 1 тамызда Ресей империясы Б.Д.С кірді. 1916ж алғашқы жартысынан-ақ пісіп жетілген ұлт-азаттық қозғалыстық басталуына патшаның «соғысып жатқан армиялар ауданына қорғаныс құрылыстары мен тыл жұмыстарына Орта Азия мен Қ-ң ішінара Сібірдің ер адамдарын шақыру туралы» 1916ж 25 маусымдағы жарлығы себеп ьолды. Алғашқы кезде стихиалы түрде ж\е жергілікті сипат алған бас көтерулер көп кешікпей бүкіл өлкені қамтыған қарулы көтеруге айналды. Патша өкіметі көтерілісті басу үшін жазалау отрядтары мен бірге басқа да әдістерді қолданды. 1916ж ұлт-азаттық көтерілістің жеңілуінің себебі оның бытыраңқылығы мен ұйымшылдықтың жеткілікті болмауы еді. 1916ж көтерілістің Қ тарихындағы маңызы зор ж\е бұл көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің құрамды бөлігі болып табылады.
94. Қазақстан 1917 ж. Ақпан революциясынан кейінгі кезеңде. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімдері.
1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. 1917 жылдың сәуір-мамыр айларында көптеген облыс-уезд орталықтарында аймақтық қазақ сиездері өткізіліп, қазақ комитеттері құрыла бастады. Олардың жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдары болған облыстық және уездік атқару комитеттерінің құрамына енгізілді. 1917 жылы Қазақ сиездері Орынбор (Торғай облыстық), Орал (Орал облыстық), Семей (Семей облыстық), Омбы (Ақмола облыстық) т.б. қалаларында болды. Қазақ сиездерін өткізуге ұлт зиялылары белсене кірісті. Орал облыстық қазақтардың 1-ші сиезі 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында өтті. Сиезді уақытша қазақ комитетінің төрағасы Ғұбайдолла Әлібеков ашып, құттықтау сөз сөйледі. Осы сиезде бірінші кезекте Мемлекетті басқару туралы, Уақытша үкімет туралы және жүріп жатқан импералистік соғысқа көзқарас туралы мәселелер қаралды. Сиез төрт күнге созылды, сиездің соңғы төртінші күні облыстағы оқу-ағарту, мәдениет және т.б. мәселелер қаралды. Сиез делегаттары Орал облысында қазақтар арасында бастауыш, орта, жоғары білім беру жүйесі қанағаттанғысыз деп тауып, төмендегі шешімдерді қабылдады: - мұғалімдер сиезін шақыру қажет; - Орал қаласында уақытша орта оқу орнын ашу қажет, ерлер гимназиясының бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақтар қаражатына салынған бұрынғы кәсіптік мектептің үйіне орналастыру жөн деп табылсын; - қазақ тілінде газет, брошюралар шығару қажет деп табылсын; Сиезде бұдан басқа да мәселелер қаралды, басқа қаралған мәселелерді қосқанда саны 23-ке жеткен. Орал сиезінің қарарында облыс орталығында орта мектеп ашу және кәсіби мамандардың қатысуымен халық ағарту ісін реформалау мәселелерін талқылау үшін мұғалімдер құрылтайын шақыру қажеттілігі көрсетілді [4]. Осы сиезде Жаһанша Досмүхамедов: «Біздің мақсатымыз – ел билеуді халықтың өз қольша беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде қазақты елдің тұрмысын, тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз», деп өз ойын білдіреді [5]. Жаһаншаның жалынды сөзінде мемлекеттің саяси құрылысы мен оның мемлекеттік тілі, оның қолдану аясы ашық түрде айқын айтылғанын біздер ұғынуымыз керек. Кешегі өткен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандары болған жастар да Жаһаншаның ой-пікірін қайталағанын біз еске түсірмей кете алмаймыз. ХХ ғасырдың басындағы алаш ардақтылары халықты ұлтаралық бірлікке шақырды, олар ұлтшылдықты арқау еткен жоқ, керісінше ұлтын сүйген ұлтжанды азаматтар екенін танытты.
Бірінші Жалпықазақ съезі
1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:
1) Мемлекет билеу түрі;
2) Қазақ облыстарында автономия;
3) Жер мәселесі;
4) Оқу мәселесі және т.б.
Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында [6]. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды [7]. Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған.