
2.1 Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет.
1991 ж. желтоқсаында Советттік Социалистік Республикалар Одағы ССР Одағы құрамына кірген Одақтас республикалар егеменді тәуелсіз және дербес мемлекеттер құрды.
Советтік Социалистік Қазақ Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, олар жаңа мемлпекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға жататындар Қазақ ССР-ң мемлекеттік егемендігі туралы Деклорация, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң, 1993 ж жіне 1995 ж. Конституциялары. Аталған Конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құру турлы ойларды алға салады.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезінде қабылданған Констиуциялық зағңдардың қағидаларын тұжырымдап бір арнаға салды. Оның негізгі ережелері мыналар:
1. Халықтың билік етуі жарияланды. Қазақстан Республикасының Констиуциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден – бір қайнар көзі халық. Халыққа негізінен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы емес, сонымен қатар Қазақстанмен тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Қазақстан халқы дауыс беру арқылы (референдум) талқылау арқылы сондай-ақ тікелей және жанамалап Парламент депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Халық тікелей мемлекет басшысын президентті сайлайды.
2. Егеменді және тәуелсіздікті жариялау Қазақстан Республикасының Конституциясында егемендік пен тәуелсіздіктің негізгі белгісі деп аталған. Оларға жататындар: өзінің аумағының болуы, оның тұтасытығы, қол сұғылмауымен бөлінбеуінің жариялануы, өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік органдарының болуы, өзінің дара азамттығының болуы, Халық, Парламент, Президент және Үкімет қабылдайтын Заңдарының болуы, Қазақстан Республикасының дүние жүзі мемлекеттері жүйесінде терезесі тең жағдайда болуы. Тәуелсіздік егемендік деген Қазақстан көрші мемлекеттерден, басқа елдерден тәуелсіз.
3. Қазақстан Республикасының Констиуциясы адам және азамат құқықтарының артыөшылығын, басымдылығын баянды етеді. Оған дәлел Констиуцияның адам және азаматты алдыңғы қатарға қоюы. Констиуцияның баптарының 1/3 адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына арналған.
Әрине қоғамдағы демократизм және адамгершіліктің деңгейі Констиуцияда жариялануымен ғана анықталмайды оларды пайдаланып, жүзеге асыра алатындар азаматтарға жағдайлар туғызу керек. Ол үшін мемлекет органдары, лауазым иелері заң жүктеген өз міндеттерін қалтқысыз, адал орындаулары қажет.
Осы кітапта мемлекет органдарының лауазым иелерінің міндетіне байланысты заңдардан үзінділер берілген сонымен қатар әрбір адам көптеген құқықтармен қатар әрбір адам көптеген құқықтармен бостандықтарға ие бола отырып, қоғам, мемлекет, басқа адамдар алдында міндеттері де бар екенін түсінуі қажет.
Егер барша адамдар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын пайдаланумен қатар әдептік және құқықтық міндеттерін де орындаса, сонда ғана шын мәнінде құқықтармен бостандықтардың бар екеніне туралы айтуға болады.
4. Констиуцияда адамдардың ұлтына қарамай құқықтары мен бостандықтарының тең екендігі баянды етілген. Қазақстанда көптеген ұлттардың қкілдері тұрады. Ұлттардың теңдігі туралы ой Констиуцияның барлыө қағидаларына лайықты орын алған. Барлық ұлттардың өкілдері өз тілін пайдалана алады, ана тілінде де оқи алады.
Мемлекеттік қызметке ұлтына қарамай барлық азаматтар істей алады. Оқуға шектейтін ешқандай кедергі жоқ. Констиуцияда айтылғадай әр адам өзінің қлтын анықтауға, көрсетпеуге немесе көрсетуге еркі бар. Осының барлығы ұлттар арасындағы келісімді нығайтуға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының Констиуциясы – мемлекетіміздің негізгі заңы. Ол мемлекет өмірінің негізгі мәселелерін заң жүзінде ресмилендіреді. Оған жататындар – адам мен азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, мемлекеттің құрылымы және қоғамның экономикалық негізі.
Конституция заңдардың басқа да мемлекеттің құрылымы: кез – келген заң, Презиеденттің жарлығы, үкіметтің қаулысы, министрліктердің бұйрығы, жергілікті мемлекет органдарының шешімдері тек қана Констиуцияның негізінде, оның қағидалары ойлары және принциптерімен сәйкес қабылдануы қажет, оларға қайшы болмаулары қажет.
Егер олар Констиуцияның қағидаларына, нормаларына қайшы болса, олар Констиуцияға жат деп танытып, күші жойылады. Конституцияның нормаларын, ережелерін, мүлтіксіз сақтау талаптары тек қана мемлекет органдарына, лауазым иелеріне емес, сонымен қатар азаматтарға олардың бірлестіктеріне де қойылады.
Қазақстан Республикасының Констиуциясы мемлекетіміздің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы ба. Қазақстанның аумағы бес мемлекеттермен шектес: Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, қырғызыстанмен және Түркменстанмен. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды.
Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға бюолмайды. Мемлекетіміздің аумағына басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессия деп аталады. Агрессияны халықаралық құқық айыптайды. Констиуцияда жарияланғандай Қазақстан басқа мемлекеттермен тату, көршілес, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірінші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді.
Республикаға қарсы агрессия бола қалған күнде немесе сырттан тікелей қауіп төнсе, Президент республиканың барлық аумағында немесе кейбір жерлерде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды жариялайды.
Егемендіктің маңызды белгісі – оның мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын, жоғарғы билік, орган – Қазақстан Республикасының Парламенті.
Парламент екі палатадан: сенат пен мәжілістен құралады. Парламенттің негізгі қызметі- заң шығару.
Қазақстан мемлекеті ежелгі қазақ жерінде құрылды. Демек қазақ ұлты осы аумақта бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этнос болғандықтан мемлекеттің сол ұлттың атымен аталуы табиғи және заңды жағдай. Қазақ тілін бірден бір мемлекеттік тіл деп тануда түсінікті.
Қазақ тілі қазақтар Ресейге қосылғаннан бастап мемлекеттік тіл болудан қалған еді. Соның салдарынан бұл тілден саяси – құқықтық түсініктер мен терминдер пайдаланудан сырт қалды. Басқа ұлттардың тілі кемсітілді. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін - өзі басқару орындарында ресми түрде пайдаланылды.
Қазақстан Республикасының Констиуциясы ұлтына қарамай барлық азаматтарға тең құқық бере отырып, олардың бірігіп, тату тұруына заңдық негіз құрды. Сондықтан Қазақстан Республикасы- бүкіл халықтық мемлекет. Бұл жағдай Констиуцияда жазылған, мемлекеттің оның органдарының қызметінің принциптерінде анық айтылған.
Біріншіден мемлекет, оның органдары қызметінің атқарғанда қоғамдық татулықпен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге талаптануы керек.
Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат қылып дамып отыр.
Мұндай құрудың негізгі шарты – барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықты негізде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Констиуция «Халық» деген ұғым қолданады.
Демократияның бір көрінісі – азаматтардың қоғамдық бірлестіктеріне мемлекет органдарының заңсыз қол сұғуына тиым салу. Қоғамдық бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен құрады. Өздерінің саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.
Әрине қоғамдық бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен құрады. Өздерінің саяси, әлеуметтік, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.
Әрине қоғамдық бірлестіктер Констиуцияны, заңдарды сақтауы қажет. Олар әлеуметтік ұлттық діни, нәсілдік арандатушылықпен айналыспауы қажет. Олардың жұмысы мемлекеттің қауіпсіздігіне, констиуциялық құрылысты өзгертуге Қазақстан аумағының тұтастығына қарсы бағытталмауы керек.