
- •6.Ұлы Жібек жолының тариха-мәдени маңызы.
- •8. Қытай жазба деректері.
- •11. Түрік қағанаты (552-603ж)
- •12.Батыс Түрік қағанаты (603-704)
- •14. Түркеш мемлекеті.
- •15.Қарлұқ қағанатының тарихы.
- •25. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.
- •26) Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне қатысты деректері мен тарихнамасы.
- •27. Монғол жаулауы қарсаңындағы Жетісудың, Орта Азияның және Дешті Қыпшақтың саяси жағдайы
- •28) Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулаудағы әскери тактикасы.
- •29) Шыңғыс-ханның Қазақстан мен Орта Азияға жаулауы.
- •32.)Қазақстан 13-15 ғ Алтын Орда құрамындағы Қазақстан
- •33) Ақ Орда
- •37.15 Ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •40.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы.
- •42) Хаkназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы. (1538-1580 ж ж.).
- •65) Ресей империясының құрамына кіру кезеңдері (XVIII ғ. Бірінші ширегі - XIX ғ. Ортасы).
- •88) Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы.
- •91.ХХғ. Басындағы қазақ баспа сөзі.
- •93) 1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.
- •100) ”Соғыс коммунизм ”саясатының Қазақстанда іске асырылу ерекшеліктері.
- •102) 1921-1922 Жж.Жер-су реформасы және оның нәтижелері.
- •149) Астана – Қазақстан Республикасының астанасы
- •165) «Жаңа әлемдегі жаңа қр» жолдауы
- •172) Қазіргі Қазақстанның көші-қон саясаты
- •173) Қазақстан Республикасы Президенті н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан халқына Жолдауының мәні мен мазмұны
- •174) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшуінің негізгі кезеңдері. Проблемалары, қайшылықтары, жетістіктері мен нәтижелері.
- •175) Қр Президентінің Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы
- •176) Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы
- •177) Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі реформалар
- •178) Қазақстан – әлемдік қауымдастықта
- •179) Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына (бұұ) және басқа да халықаралық ұйымдарға кіруі
91.ХХғ. Басындағы қазақ баспа сөзі.
20 ғасыр басы қазақ баспасөзінің енді-енді ғана дүниеге келіп, халықтың арасына тарай бастаған кезеңі, әрі халықтың тар жол тайғақты кезеңі. Осындай аласапыран кезеңде халық тағдыры мен қоғам өмірінің шындығын бүкпесіз батыл жариялаған қазақ баспасөзінің қызметі орасан зор болды. Бітіру жұмысының өзектілігі сол – ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің атқарған қызметтері, міндеттері, көздеген мақсаттарының қандай болғандығы жөнінде тарихи тұрғыда қаралып, мәлімет беруінде. Бітіру жұмысының тарихнамасы. Бір жарым ғасырға таяу ғұмыры бар қазақ баспасөзі халқымыздың тағдырымен біте қайнасып, бірге жасасып келеді. Осы мезгіл ішінде түрлі кезеңдерді бастан кешіп, біресе алға басып дамыса, енді бірде жүрісін баяулатып, тіпті тоқыраған тұстары да болмай қалған жоқ. Қазақ баспасөзінің де халықтың саяси ой – пікірін оятып, дүниетанымын байытуға едәуір әсері болды. Революцияның жаңадан өрлеуі кездерінде 1910-1914 жылдары Қазақстанда мерзімді большевиктік баспасөз органдары қалыптаспаған еді. Бұған реакция кезінде олардың қатарының кетуі, партия ұйымдарының аздығы мен бытыраңқылығы себеп болды. Бірінші империалистік соғыс кезінде де жергілікті большевиктік газеттер мен журналдар шыққан жоқ. Дегенмен олар жергілікті баспасөз беттерін пайдалана білді. Елдегі революциялық ситуация қазақтың демократиялық баспасөзінің пайда болуына жағдай жасады. Орда мен Орал «Қазақстан» газеті (1911-1913 ж) және Тройцкіде «Айқап» журналы (1911-1915) басылып тұрды. Газеттердің беттерінде қалайда большевиктік идеялардың жекелеген ұшқындары көрінді. Буржуазияшыл ұлтшылдар өз табының түбегейлі мүддесін қорғап, демократиялық басылымдарға қарама – қарсы өздерінің баспасөз органын құруға кірісті. Қоғамдық өмірдің мәселелері жөнінде «Айқап» журналына кереғар Орынбор қаласында 1913 жылы февральда «Қазақ» газеті шыға бастады. Серке» – 1907 жыл, «Қазақ газеті» –1907 жыл, «Дала» «Қазақстан» –1911-1913 жылдар, «Ешім даласы» – 1913 жыл. Осы аталғандардың қатарына Ә.Бөкейханов сынды қайраткер азамат әр жылдары шығарып тұрған “Голос степи», «Омич» газеттерін де қосу керек екендігін айтады. Қазақ тіліндегі алғашқы газеттерінің бірі – «Қазақстан». Газеттің бұлай аталуының өзінен жаңа заман лебі сезілгендей. Алғаш Орда қаласында, одан араға алты ай салып, Орал қаласында қайтадан бірінші саннан бастап шығуы бұл газеттің көп қиындыққа душар болғанын көрсетеді. «Серке» газеті 1905-01907 жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз түрінің бірі. «Серке» газеті 1907 жылы қазақ оқушыларына арналып, Петербургте шығып тұрған. Бұл басылымдардан сәл кейін дүниеге келген «Қазақ» – 1913 – 1918 жылдар, «Алаш» – 1916-1917 жылдар, «Бірлік туы» – 1917 жыл, «Сарыарқа» – 1917-1918 жылдар, «Ұран» – 1917 жыл, «Үш жүз» – 1917 жыл, «Тіршілік» – 1917 жыл және тағы басқа газет – журналдар қазақ халқының дүниетанымына әсер етіп, көзқарастарын кеңейтіп, прогрессивтік ағартушылық бағытта үлкен қызмет атқарғаныны байқауға болады. Қазақ баспасөзінің қарлығашы «Түркістан уәләяты» газеті1870 жылдың 10 мамырында осы газеттің алғашқы саны жарық көрді. Бұл басылым «Туркестанские ведомости» газетінің қосымшасы ретінде шықты. Газет жергілікті жерде патша өкіметінің саясатын бұқараға түсіндіретін ресми басылым еді.
92) Қазақстан I Дүние жүзілік соғыс жылдарында.Бірінші д.ж.лік соғыс 1914 ж. 19 шілдеде басталды. Соғыс басталған соң жалпы Империяда ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте бірте кеми берді.Яғни Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты.Соғыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерстер енгізді.Ең алдымен ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Ер азаматтарды жаппай майданға алу шаруашылықтың да құлдырауына әкеліп соқты.Ұсақ мал көбірек ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Мал санының қырқауы ең алдымен қазақ халқының армия қажеттеріне мәжбүрлеу тәртібімен етберуге міндетті болғандығынан орын алды.I Д.ж.лік соғыс басталған соң Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді.Успен және Сасық Қарасу кеніштерінен темір кенінөндіру арта түстіБұл кенштерден 1914 ж. 246құт,ал 1916 ж. 1551құт темір кені өндірілді.Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды. Көмір өндіру Семей,Торғай, Ақмола, обл.да жүргізілді және Екібастұз кен орындары елеулі роль атқарды.Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың,қалалардағы еңбекшілердің жағдайы күрт нашарлады.жұмысшылар тәулігіне 10-12 сағат ал кейде 16 сағатжұмыс істеді.Селолар қалалар мен ауыл.р еңбекшілер жағдайының нашарлауы 1914-ж.өзін ақ Қарағанды,Екібастұз шах.да теміржол жұмысшылары арасында бас көтерілулер мен ереулдерге алып келді. Нәтижесинде бұл жағдайлар қазақтардың ұлт азаттық қозғалысына зор ықпал жасады. Бірінші дүниежүзілік соғыс және оның Қазақстанға әсері.
1914 жылы 1 тамызда Ресей бірінші дүниежүзілік соғысқа тартылуы Қазақстан халқына ауыр соққы болып тиді. Қазақ халқына "өз еріктерімен қаржы жинау", мемлекеттік заемдарды зорлап жаздыру, соғыс салығы түріндегі барлығы 10-ға жуық түрлі салықтар мен баж салығын төлеу міндеттелді.
Қазақ халқын тонау одан әрі жалғасты, соғыс жүктерін (астықты) теміржол станцияларына жеткізу үшін олардың көлік күштерін зорлықпен пайдаланды. Соғыс уақытында Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе тасып әкетілді. Тек Жетісудан ғана 1914 жылы 34 млн. Сомның малдары мен мал шаруашылығы өнімдері тасып шығарылды. Әскерге алынғандардың жанұясына көмек көрсету желеуімен еңбек ету міндеті енгізілді, қазақтар жұмыс күші ретінде келімсектер деревняларының жерін жыртып, тұқымын сеуіп, өнімін жинап беруге тиісті болды.
Қаладағы еңбекшілердің, өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың жағдайы күрт нашарлап кетті. Халықтың соғысқа наразылығын, үкіметтің Қазақстанның барлық облыстарына "төтенше соғыс жағдайын" енгізуі де күшейтіп жіберді. 1915 ж. Маусымда Екібастұз бен Қарағанды көмір кендерінің, Қырғыз тау-кен қазу өнеркәсібі акционерлік қоғамының, Спасск зауытының қазақ жұмысшылары ереуіл жасады.
1916 ж. жазында жұмысшы қозғалысы Риддер рудниктерін, Ембі мұнай кәсіпшіліктерін, Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерін, Орынбор, Ташкент темір жолдарын қамтыды. Мұндай жаппай наразылықтардың нәтижесінің бірі 1916 жылғы көтеріліс болды.