- •Оқытушылар туралы мәлімет:
- •Пәннiң мазмұны Дәрiс сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтардың мазмұны
- •Соөж мазмұны және орындалу кестесі
- •Сөж мазмұны мазмұны және орындалу кестесі
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Глоссарий
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Философия пәнінен глоссарий
- •«Философия» пәнінен 1-ші аралық бақылау сұрақтары
- •«Философия» пәнінен II аралық бақылау сұрақтары
- •Философия мәдениет феномені хақысында
- •§2. Мифология (грекше мифос-аңыз, шежіре; логос-сөз, ілім)-алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли - ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.
- •Ежелгі Қытай және Үнді философиялық ойлары.
- •§3.Дүние мен қоршаған ортаны бейнелеудегі қытайлық көзқарасқа тән қасиеттер:
- •§1. Буддизм - Үндістанда (б.З.Д.V ғ. Кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ііі ғ. Кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни - философиялық ілім.
- •§2. Будда төрт ізгілікті (арийлік) ақиқатты айқындайды:
- •§3. Будда философиясы адамның өзіндік кемелденуі, Ұлы Азаттану- Нирванаға жетудің жолдарын көрсетеді. Бұл сегіз сатылы, сегіз буынды ұстаным, сегіздік жол:
- •§4. Буддизмнің бес өсиет-бағдары:
- •Көне грек өркениеті және көне философиялық дәстүрдің ерекшелік сипаты.
- •§2. Сократқа дейінгі кезеңге мыналар жатады:
- •§3. Сөйтіп, антикалық (ежелгі грек) философияға мына ерекшеліктер тән:
- •§2. Софистерге тән сипаттар:
- •Ортағасырлық еуропалық мәдениеттегі философияның мәртебесі. Араб шығыстық ортағасырлық философиясы.
- •Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия
- •Философия және ғылым: жаңа еуропалық мәдениетіндегі философияның өз тағдырын өзі шешу мәселесі.
- •Декарттың рационалдық философиясы.
- •Жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.
- •Еуропалық философиялық дәстүрді дамытуындағы неміс классикалық философиясы және оның рөлі.
- •Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.
- •XX ғасыр және xxі ғасыр философиясы. Қазіргі философия идеялар мен тұжырымдамалардың динамикалық жиынтығы ретінде.
- •Болмыс философиясы. Онтология. Дүниені философиялық ұғыну.
- •Сананы философиялық ұғыну.
- •Философиялық білім жүйесіндегі гносеология. Эпистемология.
- •§2. Танымның (ойлаудың) екі формасы:
- •Философиялық антропология.
- •Әлеуметтік философия. Қоғам және табиғат.
- •§5. Демография (грек., демос – халық, графе – жазамын) – Жер шарындағы халықтардың саны, тууы, өлімі, өсімі, дамуы туралы ілім. Бұл терминді 1855 жылы француз а.Гийар енгізді.
- •Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Студенттердің өзіндік жұмыс орындау үшін таратпа материалдары
- •1. Ортағасырлық философиясының бағыттарына талдау жасау
- •Ницшенің идеяларын жазып шығып, сипаттама беру.
- •Философия пәнінен тест
Ежелгі Қытай және Үнді философиялық ойлары.
Мақсаты мен міндеттері: Философия тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі. Ежелгi шығыс философияның ерекшелiктерiнiң қарастыруы бұл қазiргi шығыс менталитетiнiң негiзi ретінде қарастыру.
Жоспар:
Философия тарихын оқып үйрену дегеніміз не
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері мен сипаты., мектептері.
Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері, негізгі даму кезеңдері және мектептері.
Әдебиеттер тізімі:
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
3. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.
4. Ғ. Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 2004.
5.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002
6.Хрестоматия по философии РнД., 1997
Древнекитайская философия. В 2-х т. М., 1972.
7.История китайской философии. М., 1989
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қытай философиясы өзінің даму барысында үш негізгі кезеңнен өтті:
Б.з.д. VIIғ.-б.з.ІІІғ.- ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы;
ІІІ-ХІХ ғ.ғ. Үндістаннан Қытайға буддизмнің (б.з.ІІІғ.)енуі және оның ұлттық философиялық мектептерге ықпалы;
ХХІ ғ.-қазіргі заманғы кезең- Қытай қоғамының біртіндеп ашыла бастауы, қытай философиясының еуропалық және дүние жүзілік философия жетістіктерімен сусындауы.
Қытайдағы ежелгі ұлттық философиялық ілімдер:
даосизм;
конфуцийшілдік;
легизм.
Онша көп таралмаған ілімдер:
моизм;
натурфилософия;
номинализм.
Қытайға буддизм (ІІІ ғ.) енгеннен кейінгі және ХІХ ғ. соңына (екінші кезең) дейінгі қытай философиясының негізін қалаған ілімдер:
чань-буддизм (ұлттық қытай буддизмі);
неодаосизм;
неоконфуцийшілдік.
ХХ ғасырда қытай ұлттық философиясы мына әлемдік философиялық идеялармен байыды:
христиандық діни философия;
марксизм;
еуропаның көрнекті философтарының идеялары;
американдық прагматизм философиясы.
§3.Дүние мен қоршаған ортаны бейнелеудегі қытайлық көзқарасқа тән қасиеттер:
өз елі Қытайды-шындықтағы дүниенің орталығы деп қабылдау;
жеке оқиғаларды, тарихты жалпы циклдік процестер ретінде ұғыну;
жердегі ғарыштық циклдердің дұрыс жүруіне, Аспан мен Жер алдында адамның өзіндік жауапкершілігін сезінуі;
адам, табиғат және ғарышты бірыңғай тұтастық деп қабылдау;
сананың консерватизмі, өткенге оралу, өзгерісті қаламау;
жеке адам, тұлғаның ұжымнан бөлінбеуі, дараланбауы;
табиғат апаттарымен күресте жеке адамның дәрменсіздігін сезіну;
еңбектің жаппай (ұжымдық) формаларына басымдылық беру (Ұлы Қытай дуалын салу, каналдар қазу, бөгеттер тұрғызу, су тасқынымен күресу және т.б.);
жеке адам, ұжым, мемлекет пен қоғамды бөлінбес тұтастық деп қабылдау;
қоғамда вертикалдық байланыстарды (билік пен бағыну), субординацияны, бастықты сыйлауды, мемлекет басшысын ( императорды) ең жоғарғы мәртебе, мемлекетті біріктіруші күш ретінде ұғынуды қалыптастыру;
қарым-қатынаста конформизмді, келісімпаздықты, мәмлегерлікті, тыныштық пен жайбарақаттылықты қалау;
өмірді ең алдымен тән қабығындағы рух өмірі деп ұғыну; фәни өмірді бақи дүниеден жоғары қою; ұзақ өмір сүруге әрекет жасау (дене шынықтыру, шөп дәрілерін ішу және т.б.)
о дүниелік күштердің болуын мойындау, өлгендердің жандануы;
ата-аналарды, үлкендерді сыйлау, ата-баба, аруақтарды("шэн") қастерлеу.
БУДДИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ.