Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы емтихан.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
22.12.2018
Размер:
131.15 Кб
Скачать

81. Казакстан Республикасын мемлекеттик рамиздери.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. 1992 жылы республика гимніның мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт атақты ақын: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті. Қазақстан әнұранының әнін алғаш жазған авторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

82. Казакстаннын 1993-1995 жылдарындагы конституциялык реформалары.

1992 ж. маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары - Елтаңба, Туы мен Әнүраны дүниеге келсе, 1993 ж. 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі дербес, теуелсіз мемлекеттің түңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақстанның мемлекеттік теуелсіздігін нығайтуда, халыққа қызмет ететін, азаматтардың кең көлемді қүқықтары мен бостандықтарын т.б. жариялаудағы халықтың еркін білдіретін мемлекеттік жаңа органдар қүруда бүл Конституцияның зор маңызы болды. Сонымен бірге Казақстан Республикасың 1993 ж. Конституциясы жаңа мемлекетте пайда болған мемленеттік, экономикалық өмірдің, адам қүқығы мен бостандықтарының меселелерін толық шеше алмады. Жоғарғы Кеңестің екілдігіне шек қойылмады. Ал мүның өзі оны Президенттің Үкіметтің істеріне араласуына екеліп соқты. Сондықтан қоғамдық өмірдің өзі Конституцияны қайта қарау туралы мәселені алға тартты. Президент Н.Ә. Назарбаеетың басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы езірленіп, бүкілхалықтық талқыға салу үшін баспасөзде жарияланды. Талқылау барысында жоба бойынша көптеген ескертулер айтылды. Олардың ең елеулі дегендері ескеріліп, бүкілхалықтық дауыс берудің нәтижесінде 1995 ж. 30-тамызында Казақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ол 9 бөлімнен (1. Жалпы ережелер; 2. Адам және азамат; 3. Президент; 4.Парламант; 5. Үкімет; 6. Конституциялық кеңес; 7. Соттар және сот тертібі; 3. Жергілікгі мемлекеттік басқару және езін-езі басқару; 9. Кррытынды және етпелі ережелер) және 93 баптан түрады. Жалпы ережелерде Казақстан Республикасының президенттік басқару нысанындағы демократиялық, зиялы және біртүтас мемлекет, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі, мемлекеттік меншік пен жеке меншікгің танылатындығы және бірдей қорғалатындығы, мемлекеттік тіл - қазақ тілі, сонымен қатар мемлекеттік үйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару орындарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатындығы көрсетілген.