Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы емтихан.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
22.12.2018
Размер:
131.15 Кб
Скачать

42. Казакстаннын баскару жуйесинде жургизилген 1867-1868 жане 1886-1891 жылдарындагы реформалар. Қазақ халқына тигізген зардаптары.

XIX ғ. 60-жылдарының орта шенінде Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. 1822-1824 жж. жарғылар Қазақстанда хандық билікті жойып, мемлекеттік және казактық отарлауға жол ашқанымен, ғасырлар бойы қалыптасқан дестх/рлі басшылық жуйесін жоя алмады. Осыған байланысты Ресей Қазақстанда басқарудың бурынғы жуйесін тубірінен езгертуді ойластырды.1865 ж. Қазақстанды басқарудың жаңа реформаларын дайындау үшін арнайы Далалық комиссия қүрады. Далалық комиссия екі жыл бойы Сібір, Орынбор қазақтарының және Түркістан облысындағы жағдаймен танысып, реформаның жобасын дайындайды. 1867 ж. шілденің 11-інде II Александр патша Тырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ережені" 1863 ж. қазанның 21-інде "Торғай, Орал, Ақмола, Семей обылыстарын басқару туралы уақытша ережені" бекітті.

Реформаға сай бүкіл қазақ жері патша өкіметінің жеке меншігіне айналып, үш генерал-губернаторлыққа - Түркістан, Орынбор және Батыс Сібірге белінді. Облыстар уездерге, уездер - болыстарға белінді. Бөкей хандығы 1372 ж. Астрахан губерниясына, Манғышлақ пристаетығы еуелі Каеказ әскери округіне, кейін Закаспий обылысына қосылды. Бүкіл әскери және азаматтық өкімет билігі тугелдей генерал-губернатордың қолына шоғырланды. Облыстардың басында генерал-губернаторлар, уезд басында генерал-губернаторлар бекіткен офицерлер отырды. Әрбір уезд бастығының екі аға және кіші көмекшісі болды. Кіші көмекші ақсуйек о/лтандардан шыққан адамдар болды. Әрбір уезд рулық негізінде емес, жер аумақтық негізінде құрылған болыстардан тұрды. Шыңғыстың туқымдары - султандар салықтардан босатылып, өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілді. Сот қурылысы саласында әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар қурылды. Осымен бірге ауылдарда билердің соттары және Сырдария обылысында қазылар соты сақталып қалды. Үй басынан жылына Түркістан генерал- губернаторлығында 2 сом 75 т., Орынбор және Батыс Сібір генерал- губернаторлығында 3 сом салық алынды.

1867-1863 жж. Ережелер екі жылға, тежірибе ретінде ендірілген болатын. Бүл тежірибе іс жузінде 20 жылдан астам уақытқа созылды. 1836 ж. 2 маусымда Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереже, ал 1891 ж. 21 наурызда Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереже қабылданды. Түркістан өлкесінің қурамына Ферғана, Самарқанд және Сырдария облыстары кірді. Ал Орынбор мен Батыс Сібір генерал—губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы қаласы болған Далалық генерал-губернаторлығы қурылды. Ережеге сай генерал- губернатордың билігі бурынғыдан бетер кушейе түсті.

43. Орал, Торгай облыстарындагы (1869-1870жж.) жане Манғыстау (1870 ж.) аймагындагы казактардын көтерилиси.

1867-1863 жж. реформалар қазақ даласына отаршылдық езгіні терендете тусті. Қазақ даласы бойынша барлығына міндетті тутін салығы енгізілді. 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілген салық есіресе әлеуметтік қорғансыз жандарға тіпті ауыр болды. Жердің патша үкіметі меншігі болып жариялануы Қазақстанда ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық қатынастарды шиеленістірді. Осының бері 1863-1869 жылдары Орал мен Торғай облыстарында, 1870 ж. Маңғыстауда қазақтардың көтеріліс жасауына себеп болды.

Бүл көтерілістер отаршылдыққа қарсы бағытталды. Қазақ даласындағы буқаралық сипат алған көтерілістер отаршыл билеушілерді шошындырды. Нашар қаруланғаң араларында ауызбірлік болмаған кетерілістер аса қаталдықпен басылып, оған қатысушылар жазаланды. Соның салдарынан Маңғыстау кетерілісінің жетекшілері И.Тленбайулы, Д.Тежіулы, И.Келүлы бастаған 3 мың шаңырақ, Оралда Ханғалы Арыстанулы бастаған 57 мындай адам Хиуа хандығына өтіп кетті. 1863 ж. Жетісу облысының генерал- губернаторы Г.А. Колпакоескийдің бастауымен "Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер бекітілді". Осы ереже бойынша қоныстанушы ер жанға 30 десятина жер белінді және басқа да бірқатар жеңілдіктер қарастырылды.1833 ж. Жетісу облысына келушілерді, сондай-ақ Шығыс Түркістаннан қоныс аударған үйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы жаңа ереже бекітілді. Ережеге сай 1897 ж. Жетісудағы үйғырлардың саны 55999, дүнгендердің саны 14130 жетті. Патша үкіметінің қоныстандыру саясатының салдарынан Қазақстанның ауыл шаруашылығы дағдарысқа үшырап, демографиялық келбеті езгере бастады. Жерсіз қалған қазақ кедейлерінің едәуір белігі орыс кулактарына, казактарына жалданып жумыс істеуге межбүр болды.