
- •«Қазақстан тарихы» пәнiнен мемлекеттiк емтихан сұрақтары. (3 кредит)
- •Казакстан тарихы панинин басты миндеттери мен максаттары. Тарихи деректер, тарихнама.
- •2. Казакстан территориясындагы алгашкы кауымдык когам.
- •3. Казакстан территориясындагы кола дауир кезеніндегі тайпалар. Андронов және Бегазы–Дандибай мәдениеті.
- •Сак тайпалык одагынын қогамдык курылысы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •Уйсин, канлы, гун тайпалык одактарынын қоғамдық құрылысы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •Батыс-Турик, Турик қаганаттары. Алеуметтик – саяси, этникалық тарихы.
- •Туркеш қаганаты. Әлеуметтік – саяси, этникалық тарихы.
- •Кимак және Кыпшак мемлекеттери, Огыз конфедерациясы. Мекенi, әлеуметтiк-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •Карлук қаганаты. Карахан мемлекети. Мекенi, әлеуметтiк-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •10. Найман және Керейит мемлеккеттері. Мекенi, әлеуметтiк-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •Казакстан территориясындагы Улы Жибек жолы, ортағасырлық қалалардың саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегi ролi.
- •VI ғ. Басы мен XIII ғасырлардағы Қазақстанның материалдық мәдениеті.
- •VI ғ. Басы мен XIII ғасырлардағы Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •16. Алтын Орда курамындагы Казакстан. Ак-Орда. Территориясы, этникалық құрамы, әлеуметтік-саяси тарихы.
- •17. Моголстан. Мекени, алеуметтик-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.
- •18. Кошпели озбек мемлекети. Мекені, әлеуметтік-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.
- •19. Ногай Ордасы. Мекені, әлеуметтік-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.
- •20. Казак хандыгынын калыптасуы, ныгаюы мен дамуы (хү-хүі ғғ.)
- •21. Казак халкынын этногенези. Казак жуздери. «Казак», «ноғай», «өзбек» этнонимдері.
- •22. Хүіі- хүііi гасырлардагы Казак хандыгы.
- •24. Тауке ханнын мемлекеттик кызмети. «Жети жаргы» заңдар жинағы.
- •25. XVI ғ. Биринши жартысы мен XVIII гасырлардагы казак коғамынын алеуметтик курылымы.
- •26. XVII ғ. Биринши жартысы мен XVIII гасырлардагы казак халкынын жонгар шапкыншылыгына карсы согыстары.
- •27. Киши жуз казактарынын Ресей бодандыгын кабылдауы.
- •28. Абилхайыр ханнын аскери-саяси және мемлекеттік қызметі.
- •29. Абылайханнын ханның аскери-саяси және мемлекеттік қызметі.
- •33. Сырым Датулы бастаган Киши жуздеги котерилис.
- •34. Ишки (Бокей) орданын курылуы. Саяси тарихы, экономикасы және мәдениеті.
- •35. XVIII-XIX гасырлардагы Казакстаннын гылыми зерттеуи.
- •36. 1822, 1824 Жылдардагы Жарлыктар, казак даласына асер еткен алеуметтик-саяси салдары.
- •37. Кенесары Касымулы бастаган отарлауга карсы улт-азаттык козгалысы.
- •38. И.Тайманулы мен м.Отемисулы бастаган шаруалар көтерілісі.
- •39. Шокан Уалиханов – корнекти казак галымы және ағартушысы.
- •40. Ресейдин Улы жузди жаулап алуы. Казакстаннын Ресейге косылу процессінің аяқталуы.
- •41. Жанкожа Нурмухамедулы бастаган казактардын котерилиси.
- •42. Казакстаннын баскару жуйесинде жургизилген 1867-1868 жане 1886-1891 жылдарындагы реформалар. Қазақ халқына тигізген зардаптары.
- •43. Орал, Торгай облыстарындагы (1869-1870жж.) жане Манғыстау (1870 ж.) аймагындагы казактардын көтерилиси.
- •44. Хіх гасырдагы Казакстаннын агартушылык саласынын дамуы. Ыбырай Алтынсариннін педагогикалык кызмети.
- •46. Х1х ғасырдағы Қазақстанның материалдық мәдениеті.
- •47. Хіх ғасырдағы Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •48. Казакстан Ресей экономикасынын жуйесинде. Казактардын шаруашылык өмириндеги, алеуметтик курылымындагы өзгерістер (XIX - XX ғ. Басы).
- •49. Казакстандагы капиталистик катынастардын дамуы (хix ғ.).
- •54. Казакстан биринши дуние жузилик согыс жылдарында. Казакстандагы 1916 жылгы улт-азаттык көтеріліс.
- •55. Хх ғ. Басындағы қазақ мерзiмдi басылымдардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлi.
- •56. 1917 Жылгы Акпан революциясы жане Казакстан. «Алаш» партиясы.
- •57. Казан карулы котерилисинин (1917 ж.) Қазақстанға тигізген әсері. Қазақстанда Кеңестер үкiметiнiң орнауы.
- •58. II Букилказак съези. “Алашорда” автономиясынын курылуы.
- •59. Қазақстандағы ұлттық және кеңестік автономиялар (1917-1920 жж.).
- •60. Қазақ асср-нiң құрылуы. “қасср еңбекшiлерiнiң құқық декларациясы”.
- •61. Казакстандагы азаматтык согысы (1918-1920 жж.). Аскери коммунизм саясаты.
- •62. 1920-1922 Жылдарындагы экономикалык дагдарыс. 1921 жылғы Жер-су реформасы.
- •63. Жана экономикалык саясаты, онын Казакстандагы ерекшеликтери, натижелери.
- •64. Казакстан, Орта Азия шекараларынын улт-аумактык межеленуи. Қазақ жерлерiнiң бiрiктiрiлуi (1924-1925 жж.).
- •65. Хх ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстанның мәдени құрылысы.
- •66. Казакстанды индустрияландыру: ерекшеликтери, киыншылыктары, негiзгi нәтижелерi, халықтың әлеуметтiк құрылымының өзгеруi.
- •67. Хх ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.
- •68. Хх ғ. 30 ж.Ж. Жаппай құғынға ұшыраушылық (репрессия) және оның салдары.
- •69. Казакстандагы куштеп жургизилген ужымдастыру: максаттары, негизги кезендери, әлеуметтiк – саяси және демографиялык салдары.
- •70. Хх ғ. 20-40 жж. Қазақстан территориясына халықтардың депортациясы.
- •71. Казакстаннын Улы Отан согысы женисине коскан улеси.
- •72. Улы Отан согысы жылдарында казакстандыктардын майдандарга катысуы.
- •73. 1946-1953 Ж.Ж. Қазақстандағы экономикалық, қоғамдық – саяси жағдай, мәдениет және ғылым.
- •74. Казакстанда тын жане тынайган жерлерди игеру: экономикалык, демографиялык, экологиялык салдары.
- •79. Казакстан “Кайта куру” жылдарында (1985-1991 ж.Ж.). Оны жузеге асырудагы кайшылыктар.
- •80. Тауелсиз Казакстан Республикасынын курылуы. Егеменді мемлекеттiліктiң дамуы.
- •81. Казакстан Республикасын мемлекеттик рамиздери.
- •82. Казакстаннын 1993-1995 жылдарындагы конституциялык реформалары.
- •83. “Казакстан 2030” стратегиялык багдарламасы. Даму багдарламанын негизги приоритеттери.
- •84. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мәдениеті, негізгі тенденциялары мен бағыттары.
- •85. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы (1991 жылдан біздің күнімізге дейін.)
- •86. Казакстан Республикасынын сырткы саясаты.
- •87. Қазіргі Қазақстанның саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстары
- •88. Тауелсиз Казакстаннын когамдык-саяси жагдайы (1991 жылдан биздин кунимизге дейин.).
- •89. Хх ғ. 90 жж. Екінші жартысынынан біздің күнімізге дейінгі Қазақстанның саяси жұйесін демократизациялау кезеңдері.
- •90. Тунғыш президентіміз н.Ә.Назарбаевтиң саяси портрети.
39. Шокан Уалиханов – корнекти казак галымы және ағартушысы.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835—1865) — қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шын аты — Мұхаммед Қанафия. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген. «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады. Бұдан кейін 1847-1853 жылдары оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусында оқытады. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген. Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.
40. Ресейдин Улы жузди жаулап алуы. Казакстаннын Ресейге косылу процессінің аяқталуы.
ХVIII ғасырдың аяғы – Х1Х ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай оның қалған бөліктеріндегі жағдайдан ерекше болды. Х1Х ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан ортаазиялық феодалдық мемлекттер –Хиуа, Бұхара жəне ең үлкен дəрежеде – Қоқан экспанциясының объектісіне айналды. 1810-1866 жылдар аралығында Қазақстанның оңтүстігінде олардың үстемдігі орнады. Ұлы жүз руларының басым көпшілігі Қоқан ханының қол астында болды. Қоқан хандары басып алған жерлерінде тек феодалдық тонау мақсатын көздеп қана қойған жоқ, сонымен бірге сауда-саттық мүддесін де ойлаған. Қоқан хандығына бағынышты қазақтар өте ауыр салық езгісін бастан кешті. Қазақтардан алынатын салық екі түрге бөлінді: малдан – зекет, егістіктен – харадж. Қазақтарға олардан басқа да міндеткерліктер жүктелді. Мəселен, олар жер жыртуға, бау-бақша өңдеуге, қамал қабырғаларын жөндеуге т. б. мəжбүр болды. Əскери іс-қимыл кезінде əрбір қазақ өз атымен Қоқан бегіне келуге міндетті болды, ал сол əскери қызметі үшін ешқандай ақы алмады.
41. Жанкожа Нурмухамедулы бастаган казактардын котерилиси.
Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап, Ырғызды қыстайтын. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болады. И.Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қалаларының бектері Отыншы, Сушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуін өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады. 1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан кейін Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алады. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтірген өтеуі үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандаған. 1856-1857 жылдары қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылады. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожа сатқындық жасаған рубасылары мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды өлтіріп кетеді.