Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы емтихан.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
22.12.2018
Размер:
131.15 Кб
Скачать

37. Кенесары Касымулы бастаган отарлауга карсы улт-азаттык козгалысы.

XIX ғ. 30-жылдарында патшалық Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатына ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым хан болды. Ол бұл куресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Бірақ оның үміті ақталмай, Қоқан өкіметі оның үлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейінірек езін елтірді. Көнесары турмеге қамалды. Абақтыдан аман құтылған Көнесары ездерінің ата-мекені Ұлытауға келіп қоныстанып, езінің бар өмірін қазақтың теуелсіз ел, дербес мемлекет болуы жолындағы күреске арнады. Көнесары Қасымұлы бастаған көтеріліс 1837 ж. басталып, 1847 жылға дейін созылды. Көтеріліске үш жүздің де қазақтары, сонымен бірге қарақалпақ, түрікмен, қырғыз, езбек халықтарының өкілдері қатысты.1833 ж. кектемінен бастап Көнесары жасақтары патша ескеріне қарсы дейекті күрес жүргізді. Көнесарының аты бүкіл қазақ даласына тарап, 1841 ж. ол бүкіл қазақ халқының ханы болып сайланды. Көнесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тертібі езгеріп, алым-салық реформасы іске асады. Көнесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізіп, оларды келіссөз жүргізуге межбүр етті.1844-1845 жж. қазақ даласындағы үлт-азаттық қозғалыстың ең өрлеген кезі болды. Патша ескерлері 1844 ж. жазындағы шайқаста ешқандай нетижелерге жете алмады. Осы жағдай Орынбор әкімшілігін Көнесарымен келіссөз жүргізуді бастауға межбүр етті. Көнесары қазақ жерлеріндегі округтік приказдарды жоюды, қазақ жерлерін қайтаруды, алым-салық жинауды тоқтатуды талап етті.

Келіссөздер нәтижесіз аяқталып, 1845 ж. Көнесары Ұлы жүз жеріне қоныс аударды. Ол Ұлы жүз халқын бірікгіруді, қырғыздармен одақ қүрып Қоқан хандьнына шабуыл жасауды, сөйтіп қол астындағы қазақтарды босатуды көздеді. Алайда екіжүзді саясат үстаған қырғыз манаптары Көнесарыны қолдай қоймады. Сондай-ақ Жетісу бойындағы қазақтар бері бірдей оны қабыл алмады.

Осындай жағдайда 1847 ж. Көнесары қырғыз жеріне басып кірді. Бішкекке жақын Майтөбе деген жерде қырғыз манаптарының ескерімен шайқаста Көнесары жеңіліс тапты. Көтерілістің жеңілуіне қазақ халқының жіктелуі, қазақ сұлтандары мен билерінің орталықтанған қазақ мемлекетін қүруға мүдделі болмауы есер етті. Кетерілістің маңызы зор. Көтеріліс бүкіл үш жүзді қамтыған қазақтардың патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы бағытталған соғыс болды. Көтеріліс патша үкіметінің Орта Азияны жаулап алуын біраз кешеуілдетті. Көнесары қозғалысы жеңілгенмен, қазақтардың қарсылығы басылмады.

38. И.Тайманулы мен м.Отемисулы бастаган шаруалар көтерілісі.

Көтерілістің негізгі себептері:

- Ақшалай салықтың өсуі;

- Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі;

- Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны , орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі;

- Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.

1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы-көтеріліске түрткі болды.

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші-шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.

Ел ауызындағы әңгімеде Исатай Тайманұлы Атырау облысы, Қызылқожа ауданы, Жанкелдин совхозы Тайман жолы деген жерде 1791 жылы көшпелі шаруа отбасында дүниеге келген.

Истайдың жастық шағында оған өте үлкен ықпал жасаған адамның бірі немере ағасы Жабал Бегәліұлы болған. Ол Истайдың өсіп, азаматтық көзқарасының қалыптасуына, жетілуіне ықпал жасап, тәрбиелеген.

Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында Беріш руының Жайық бөлімінің старшины етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы старшындыққа бекітті. 1817 жылдан бастап, батырдың патша чиновниктерімен байланысы салқындай бастады. 1817, 1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен сотқа тартылды. Исатайдың ең жақын серігі –ақын, Беріш руының старшины Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.).

1829 жылы 15 шілде - 1830 жылы қыркүйек аралығында Махамбет Калмыков түрмесіне қамалды. Оған халық арасында хан иелігінен кетуге және жайықтын сол жағасына өтуге үгіт жүргізді деген айып тағылды. Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф Р.И.Дальмен және оқымысты саяхатшы Г.С. Карелинмен тызыз қарым-қатынаста болды. Оның өлеңдерінен Кіші жүзді қамтыған көтерілістің мақсаттарын, басты талаптарын айқындауға болады.

Көтерілістің басты мақсаты:

1. Хан озбырлығына шек қою.

2. Шаруалар жағдайын жақсарту.

3. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.

4. Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.

Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық отаршылдыққа қарсы.

Көтерілістің барысы. Көтерілістің кезеңдері- үш кезеңге бөлінді.

Бірінші кезең: 1833-1836 жылдырға келеді және қарулы көтеріліске әзірлік кезеңі ретіңде сипатталады.

Екінші кезең: көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап олардың жеңіліске ұшырауына дейінгі-1837 ж. қарашаның орта шеніне дейінгі кезең.

Үшінші кезең: Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтық сол жағалауына өтуінен (1837 жылдын желтоқсанынан 1838 жылдың шілдесіне дейін көтерілістің жеңілуі).