Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы емтихан.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
22.12.2018
Размер:
131.15 Кб
Скачать

35. XVIII-XIX гасырлардагы Казакстаннын гылыми зерттеуи.

Белгілі ғалым әрі Батыс Сібірдің әкімшілік қызметкері В.В. Велъяминов-Зернов XVI—XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихын мұқият зерттеді. Ол «Қасымов патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу», «Кырғыз-қайсақтар туралы тарихи деректер» деген еңбектер жазды.

Торғай облысының мал дәрігері А.И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздері негізінде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбек жазып қалдырды. Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалар егжей-тегжейлі толық сипатталған. Автор XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар барысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған.

Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек «Кіші қырғыз Ордасындағы орын алған, қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтық әдет-ғұрыптар» деген атпен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллюзек Қазақстанда қызмет еткен кезінде орыс шенеуніктеріне қазақтың билері мен сұлтандарынан дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнінде тапсырма беретін. Ол сондағы жиналған материалдарды өндеп, кітап етіп шығарды.

XIX ғасырдың орта кезінде M M. Красовский «Сібір қырғыздарының аймағы» атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы қазақтардың өмірінен көптеген егжей-тегжейлі тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілген. Аса көрнекті орыс ғалымы, тарихшы әрі этнограф Н.Н Аристов «Түркі тайпаларының этностық құрамы туралы жазбалар», «Үлкен орда қырғыз-қазақтарының және қырғыздардың этностық құрамын анықтау тәжірибесі» сияқты тағы басқа да теңдесі жоқ тарихи-этнографиялық еңбектер жазып қалдырды. XIX ғасырдың орта кезіне қарай Қазақстан саяси жер аударылғандар тұратын орынға айнала бастады. Декабристер, петрашевшілдер үйірмесінің мүшелері, Польшнадағы ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқандар жер аударылып келді.

Орыс акыны А.Н. Плещеев 1850-1859 жылдары он жылға жуық Қазақстанда саяси айдауда болды. Ол Ақмешітте жүрген кезінде қазақтармен бірге болып, Қоқан хандығына қарсы күреске қатысты. Ол қазақтарға зор кұрметпен қарады, олар туралы былай деп сүйсіне жазды: «Қазақтарга қызыға қараудан көз тоймайды. Жарқын жүзді, жомарт жүректі жандар. Оларды сыйламау мүмкін емес...» Ол бүкіл өмір бойы қазақ халқына деген шын пейілді ыстық махаббаты мен құрметін атап айтумен өтті. Көрнекті қазақ ақыны, публицист, этнограф және ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Семей облысының Баянауыл сыртқы округында дүниеге келген. Бұхарадағы Көкілташ діни мед- реседе оқып, жоғары мұсылмандық білім алған. Бірнеше жыл туған өлкесінде мұғалімдік қызмет атқарып, қазақ балаларының мұсылманша сауатын ашқан. Ол 1872 жылдан бастап қазақтардың халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауға кіріседі. Осы мақсатпен Омбы, Павлодар, Семей, Петропавл, Атбасар сияқты тағы басқа да қалалардың маңындағы казақ ауылдарын көп аралады.

36. 1822, 1824 Жылдардагы Жарлыктар, казак даласына асер еткен алеуметтик-саяси салдары.

1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді. 1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды. Орта жүздің әкімшілік құрылымы:

ОКРУГ

(15-20 болыс)

Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан

БОЛЫС

(10-120 ауыл)

Басқарушысы-болыс сұлтаны

АУЫЛ

(50-70 шаңырақ)

Басқарушысы- ауыл старшыны

1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды. Әкімшілік-саяси реформаның салдары:

-Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп,өзара рулық қырқыстарға соққы берді.

-Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады.

-Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты.

-Хандық билікті жойды.

1824 жыл Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. Ескеретін нәрсе, Кіші жүзді үшке бөліп (батыс, отра, шығыс), ішкі басқару жүйесінде хандықты жойғанымен 1824 жылы басқару жүйесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолында қалды.

Сонымен, 1822 және 1824 жылдардағы әкімшілік-саяси реформалар патша үкіметінің отарлау саясатының нәтижесі болды.