Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы емтихан.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
22.12.2018
Размер:
131.15 Кб
Скачать

33. Сырым Датулы бастаган Киши жуздеги котерилис.

Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді.

Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептері болды.

Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайтыла түсті. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бір руласы жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұстап алып, айыптауға болатын еді.

Екіншіден, Орал қазақ әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады.

Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметінің қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады.

Мәселен, Нұралы хан Орынбордан жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерінше және өз пайдаларына қалай қаласа, солай бөліске салды. Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кіші күздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің байбақты руынан шыққан ірі тұлға болатын. (Датұлы Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің барысында өзін шебер дипломат, әскери қолбасшы әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Көтерілісшілердің жетекшісі әрі шешен, әрі би ретінде өз даңқын асырған еді. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін бала кезінде-ақ «Бала би» атанған болатын. Қалыптасқан жағдайда патша үкіметінің алдында тұрған ендігі міндет Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа түрлерін ойлап табу еді.

1784 жылы Орынбор губерниясының бастығы болып О.Г. Игельстром келді. Ол аймақты басқару жөніндегі икемді саясат жүргізуге қабілетті адам ретінде белгілі болатын. Кіші жүз қазақтары арасындағы жағдайды тез түсініп үлгерді. Билікті билер кеңесіне беруді жақтаған Сырым батырдың ықпалын әлсіретуге тырысты.

1786 жылы О. Игельстром хан билігін реформалаудың жобасын ұсынды. Ол реформаның мәні хан билігін толығынан жою, Орынборда Шекаралық сотбилігін орнату еді. Кіші жүзді рулық-тайпалық жүйе бойынша — Әлімұлы, Байұлы және Жетіру етіп үшке бөлу ұсынылды. Оның әрқайсысында сот билігін жүзеге асыратын әкімшілік органдар - ру ақсақалдары кіруге тиісті «расправалар» құрылатын болды. Оның құрамына төраға, оның ақсүйектерден тағайндалатын екі орынбасары және бір молда енгізілетін болды. Олардың атқаратын жұмысы үшін қазына есебінен жалақы төлеу көзделді.

34. Ишки (Бокей) орданын курылуы. Саяси тарихы, экономикасы және мәдениеті.

КІШІ жүзде шаруашылықтың құлдырауы, жердің таршылығы 1801 жылы Бөкей немесе Ішкі Орданың құрылуына әкелді, ол Жайық және Еділ өзеңдерінің төменгі ағысында пайда болды. Бұл аймақ Ресей құжаттарында XVIII ғасырдың аяына дейін Астрахань даласы деп аталды. Мұнда кешпелілердің тұрақтары аз болды, онда көбінесе Астрахань татарлары, қалмақ және қазақтар тұрды. Жеке қазак қоныстары және шаруа дворлары Жайық өзені мен теңіз жағалауын бойлай орналасты. ХVШ ғасырдың соңында жердің тарылуына қазақтардың екі өзен аралығындағы ежелгі қоныстарына қызығуы күшейді. Ертеде қысқы мерзімде тек сұлтандардың жылқы үйірлерін өткізсе, енді Сырым Датұлының көтерілісін басып тастағаннан кейін көшу процесін бақылау қиын болды. Үкімет қазақ көшпелі ауылдарының талаптарына құлақ алып, ішкі территорияға көшуге рұқсат берді, өйткені бұл жерлер 1771 ж Еділ қалмақтары Жокғарияға қашқаннан кейін бос қалған еді. Ресей осы арқылы Кіші Жүздегі әлеуметгік күрестің шиеленісін басуды ойлады. Қазақтардың екі озйн аралығына тұрақты қоныстану ниеті патшалықтың отарлау саясатына сейкес келді, ол Кіші жүз күшін әлсіретті, қазақтың жарты бөлігін Ресейге толық бағындырды жөне қазақтардан салық алып, сауда қатынастарын дамытуға мүмкіндік берді. Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя). 1828 жылы Жәңгір өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік-династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару-жарағын жинастырып, қару-жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл — қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей болатын.

1841 ж. желтоқсанның 6 Нарынқұмда Қазақстан тарихында ең түңғыш қазақша-орысша білім беретін мектеп ашылды. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі — қазақтан шыққан ғалым-этнограф Мұхамедсалық Бабажанов. Оның қазақтар жөніндегі зерттеулері, тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылы Орыс жағрапиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен білім бастауын алған жүзден астам ғалым-зерттеушілер, Асан Тайманов сынды жиырмадан астам академиктер шықты.