Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы емтихан.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
22.12.2018
Размер:
131.15 Кб
Скачать

26. XVII ғ. Биринши жартысы мен XVIII гасырлардагы казак халкынын жонгар шапкыншылыгына карсы согыстары.

Қазақ хандығындағы Тәуке тусындағы біршама тыныштық ұзаққа созылмады. Қазақ жерлеріне жоңғарлардың шапқыншылығы қайтадан 1710- 11, 1713 және 1713 жж. етек алды. 1723 ж. олар қазақ тарихына "Ақтабан шубырынды" деген атпен енген шешуші шабуыл жасап, қазақтарды атамекенінен қуып, тоздырып жіберді. Шапқыншылықтың басты ауыртпалығы Ұлы жуздің Жетісудың халқына тусті. Жау араға көп уақыт салмай Орта жуз бен Кіші жуздің жеріне жетті. Босқынға үшыраған халық Орта Азияға қарай шубырды. Осы ауыр жылдарда қазақтың қаралы ені 1,Елім-ай" дүниеге келді.

Жаппай босу, аштық қазақтардың қайрат-жігерін уштады. 1726 ж. Кіші жуздің айтулы батырларының бірі Тайлақ және оның жиені Ұлы жуздің Ошақты руынан шыққан Санрық батыр бастаған қазақ жасақтары Бүланты өзенінің жағасындағы мҚара сиыр" деген жерде қалмақтарға есеңгірете соққы берді. Жеңіске қол жеткен жер кейін ғҚалмақ қырылған" деп аталды. Жеңіс туралы хабар қазақ даласына тарап, алты алаштық рухын көтеріп оларды күреске шабыттандырды.

1729 ж. кектемде Балқаш көлінің маңында қазақтың үш жузінің біріккен қолы қалмақ ескерлеріне екінші рет куйрете соққы берді. Бүл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кетті. Жоңғарлардың ескері Іле өзені бойымен Шығысқа қарай шегіне бастады. Бірақ осы туста Тәуке ханның баласы Орда иесі Болат хан қайтыс болып, қазақ хандары Ордадағы билікке таласып, жоңғарлар толық талқандалудан аман қалады.

27. Киши жуз казактарынын Ресей бодандыгын кабылдауы.

Қазақ даласының Ресей экономикасы үшін алатын орыны ерекше болды. Өйткені Орта Азияға баратын жолдар Қазақстан арқылы етті. Ресей мемлекеті қазақ хандықтарына барған сайын кеп көңіл аударып, Петр І-нің нусқауымен қазақ жерін зерттеу жумысы басталды. 1716 ж. Омбы, 1717 ж. Железинск қамалы, 1713 ж. Семипалатинск қамалы салынды. Осылайша Ресейдің шығыстағы шекарасы Қазақстан жеріне жақындай түсті. Енді ол Қазақстанды біртіндеп жаулап алуды ойластырды. Бұл кезде қазақ хандығының ішінде феодалдық бытыраңқылық күшейіп, ер жуздің өзінің ханы болды. Өз кезегінде ру басшылары мен султандары хан билігіне бағынбай, беліне бастады. Жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасынан кейін Кіші жуз ханы Әбілқайыр, Ресеймен мәмілеге келуді ойластырып, 1731 ж. ақпан айында Ресейге Сейітқүл Күндағүлүлы мен Күтлымбет Қарштайүлы бастаған елшілік жібереді. Әбілқайырдың елшілігі Ресей үкіметі үшін кутпеген олжа болды. Орыс патшасы Анна Иоанновна Әбілқайырдың Кіші жузді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы үсынысын қабыл алып, Қазақстанға А.И.Тевкелов басқарған елшілік жібереді.

Әбілқайырдың бүл шешімін Кіші жуздің ру басылары толық қолдай қойған жоқ. Барақ сүлтан түбірінен қарсы болса, Богенбай батыр орыс үкіметінің билігін мойындағанымең Кіші жуздің дербестігін сақтап қалуға тырысты. Тіпті, орыс елшісін елтіруге бел байлағандар да болды. Осыған қарамастан 1731 ж. қазан айының 10-ы жүлдызында Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Әбілқайырдың бүл шешімі қазақ өлкесінің Ресей құрамына қосылуының алғашқы қадамы болды. Екі жақтың да көздеген мақсаты болды. Әбілқайыр Ресей үкіметінің қолдауына сүйеніп, езінің қарсыластарын влсіретуге тырысты. Патша үкіметі Кіші жүз ақсүиектерінің алауыздығын пайдаланып өзінің әкімшілік және саяси шараларымен Қазақстанның батыс аудандарын отарлауды көздеді.