Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык, лекции + таблица срсп.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
06.11.2018
Размер:
264.19 Кб
Скачать

Қазақстанның қорықтары

Елімізде өсімдіктер мен жануарларды арнайы қорғайтын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған. Елімізде 9 мемлекеттік қорық бар. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер үкімет қамқорлығында.

Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Катонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында жүзеге асады.

Марқакөл қорығы - Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы мемлекеттік қорық. 1976 жылы ұйымдастырылған. Негізгі мақсаты-бағалы хайуанаттарды, құстарды, балықтарды және сүтқоректілер мен өсімдіктерді табиғи қалпында сақтау мақсатында құрылған. Орманы аң мен құсқа бай. Онда балықтың-4, сүтқоректілердің-59, құстардың-250-ден аса түрі мекендейді. Қорық жерінде алуан түрлі палеонтол, қазба байлықтар көп. Бүгінде қорық аумағындағы табиғи кешендерді ғылыми тұрғыдан тексеріп, бұрынғы қалпында сақтау жұмыстары жүргізілуде.

Қорғалжын қорығы - Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 жылы ұйымдастырылған. Оған Теңіз - Қорғалжын көлдері енеді. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы -41 -42°С суық болса, шілдеде температура -38 -39°С-қа жетеді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, қос мекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тірішілік етеді. 1960жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45-60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10-15 мыңдай ғана қалды. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді. Осындай аймақтарға байланысты көп жылдан бері «Табиғат шежіресі» күнделігі жазылып келеді.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, жаңа сөздерді аударыңыз

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Қорық деген не?

  • Еліміздегі басты қорықтарды атаңыздар. Өзіңіз қайсысында болдыңыз? (болсаңыз қысқаша әңгімелеп беріңіз).

  • «Наурызым» қорығы туралы әңгімелеп беріңіз.

  • Экологиялық аймаққа қандай облыстар жатады?

  • Орталық Қазақстанның табиғаты туралы баяндаңыз.

  • Қорықтар туралы әңгімелеңіз?

3. Мәтіннен сын есімнің шырайларын тауып, анықтаңыз.

4. Мына сын есімдермен шырай түрлерін жасаңыздар: бай, әдемі, көп, суық

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.

2. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.

3. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

4. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

9-тақырып Жер тұрғындары. Қазақстанның халқы. Тарихи мұра – Алтын адам. Есімдік.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Жер тұрғындары. Қазақстан халқы. Тарихи мұра – Алтын адам.(сұрақтар дайындау, жаңа сөздермен таныстыру).

2.Грамматикалық тақырыпқа мысалдарды мәтіндерден табу