
- •Студенттің өздік жұмыс жоспары
- •2011-2012 Оқу жылы I-семестр
- •Мемлекеттік тіл мәртебесі
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •В.Г. Белинский
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Мемлекет және біз
- •Менің отаным - қазақстан
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Қазақстанның қорықтары
- •Қазақстанның халқы
- •Тарихи мұра - алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ғарыштың қос қыраны.
- •Тоқтар оңғарбайұлы әубәкіров
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Мен қазақстан азаматымын
- •Ә.С.Сағынов - академик, ғалым
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – Қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы,мемлекет қайраткері
- •Жастар – қазақстанның болашағы
В.Г. Белинский
-
Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.
2. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.
3. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.
4. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.
4-тақырып Ұлы іс отаншылдықтан туады. Атамекен. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Жұрнақ: сөз тудырушы, сөз түрлендіруші. Фонетика (үндестік заңы).
Практикалық сабақтың жоспары
1.Ұлы іс отаншылдықтан туады. Атамекен. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.( тақырыптарына байланысты жаңа сөздермен таныстыру).
2. Жұрнақ: сөз тудырушы, сөз түрлендіруші. Фонетика (үндестік заңы)-еске түсіру, жаттығулар орындау.
Ұлы іс отаншылдықтан туады
Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін еткен еңбек пен ерліктен туады.
Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық - әр адамға керекті ұлы қасиет. Ал отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады. Өйткені өз әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек. Екеуі аспан мен жердей.
Намыс - азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада намыс болады. Ер жігіттің елі - ата-анасы. Отаны - өз үйі.
Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруақор, адал, әділ болып өседі. Іс деген – осы. Патриотизм осыдан басталады.
(Бауыржан Момышұлы).
Тапсырмалар:
1.Мәтіннен жаңа сөздерді аударыңыздар.Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
2.Мәтіннен сөз тудырушы жұрнақты сөздерді тауып оқыңыз.
3.Мәтіндегі сөз түрлендіруші жұрнақтарды табыңыз.
4. Отаншылдық ,сүйіспеншіліктен, ұлтшылдықпен, бауырларымен, азаматтың сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.
5. Мәтіннен кейінді ықпалды сөздерді табыңыз.
АТАМЕКЕН
Сөзін жазған: Қадыр Мырзалиев.
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев.
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем!
Қайырмасы:
Қайда жүрсең, атамекен
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен!
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан
Қазағымның мәртебесі деп білем!
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем!
Тапсырмалар:
1.Өлеңді мәнерлеп оқыңыз.
2.Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңыз: қазағымның, аспаныммен, ойнаймын.
3.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңыз: самал, атамекен, асқар тау, күннің нұры.
4.Өлеңнен тәуелдік жалғауларды табыңыз.
5.Өлеңнен сын есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.
6.Өлеңді жаттап алыңыз.