Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык, лекции + таблица срсп.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
06.11.2018
Размер:
264.19 Кб
Скачать

Кәсіби бәсекелестік

ХХІ ғасырда тәуелсіз Қазақстанның болашағы білім мен ғылымда. Елбасы өзінің Жолдауында білім беру мәселесіне айрықша мән берген. Мемлекетіміздің инновациялық стратегиясын жүзеге асыруды – болашақтың бағдарламасы деп атаған.

Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында да, жаңа технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға  жол ашуда. Жоғары білімді дамытудың негізгі мақсаты мамандар даярлау сапасын арттыру, инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады.

Ұлы Абайдың адамның үш қасиеті “нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек” деген пайымы осы замандағы басымдықтарды – ғылым және білімді /ақыл-парасаттылық аспект/, инновациялық жүйені /қызметтік аспект/, ұлттың рухани әлеуеті мен мәдениетін /құндылықты аспект/ дамытудың қажетті шарттары болып табылады.

Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз – бұл әрбір қазақстандықтың, барша қоғамның және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі. Әрқайсымыз да бәсекелестікті үйренуіміз және бәсеке жағдайында жеңімпаз бола білуіміз керек.

Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – бұл әрбір қазақстандықтың, барша қоғамның және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі. Әрқайсымыз да бәсекелестікті үйренуіміз және бәсеке жағдайында жеңімпаз бола білуіміз керек.

Тапсырмалар

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, жаңа сөздерді аударыңыз.

2.Мәтінді аударыңыз.

3. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беріңіз.

4.Ұлы Абайдың «Адамның үш қасиеті» туралы сөздерін әңгімелеп беріңіз

5.Мәтіннен етістерді теріп жазыңыз.

Бәсекеге қабілетті азаматтар – Қазақстанның болашағы

 Әлемдік нарықта Қазақстанның қазіргі уақыт жағдайында басымдық негізгі бәсекесі жоғарғы білікті, шапшаң әрекет ететін адамдық капитал болуы қажет. Атап айтқанда, елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіші  - халық өмірінің жоғары деңгейі мен сапасы болып табылады.

Сондықтан елді дамытудың жаңа кезеңінде халықтың әлеуметтік жағдайын ауқымды жақсартудан басталып отыр. Қоғамдағы барлық бөліктердің өмір деңгейін жақсарту арқылы одан әрі ілгерілеу жолына түсеміз.

«Нұр Отан» партиясы  бәсекеге қабілетті адам капиталын дамытуға бюджеттік ресурстарды топтауды қамтамасыз етеді. Біздің мақсатымыз әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ғылым, басқару, инженерлік-техникалық элиталық жаңа формацияларды құру болып табылады.

Біз Қазақстан халқының тұрақты қосымша ақша қаражаттарының көздерін иемдену мүмкіндіктері – құнды қағаздарды басқарудан инвестициялық кіріс түсіру: акциялар, облигациялар ренттік кіріске ие болуына  күшімізді саламыз.

Қазақстандықтардың лайықты тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, тұрақты кірісінің болуы, сапалы білім алуы, медициналық көмек алуы, демалысқа және туристік қызметтерге қаражат жұмсауы және лайықты қарттықпен қамтамасыз етілуі қажет.

Тапсырмалар

1. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, аударыңыздар.

2. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

3. Мәтінге сұрақ дайындаңыздар

4. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, сөйлемдер кұрастырыңыздар.