Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ҚЗҚТ СРС

.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
43.65 Кб
Скачать

Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның индустриялды- инновациялық саясаты.ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық маңызы.

Тексерген: Болтаева С.Ж.

Орындаған: Өмірәлі Айкүміс

Алматы 2017

Қазіргі Қазақстанның индустриялды-инновациялық саясаты. ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық маңызы.

Жоспар:

І Кіріспе. «Инновация»

ІІ Негізгі бөлім: Қазақстан Республикасының инновациялық даму жоспары

ІІІ Қорытынды. «ЭКСПО-2017 көрмесі» Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бір көрінісі

«Инновация»  ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу», «жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді. Яғни жаңа өндірістік процесті, өнімді немесе қызметті игеру, қазіргі тілмен түсіндіргенде жаңалықты инвестициялау дегенге саяды. Ал тамыры тереңде жатқан термин латын тілінде жаңару, өзгеру сөздерімен баламаланып, бұдан бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктеме береді.Қазіргі уақытта әлемдік ғылыми-техникалық прогрессті инновациялық қызметтің интеллектуалдық өнімінсіз елестету мүмкін еместігіне байланысты бұл саланың өзіндік ғылыми жүйесі негізделуде. Осыған орай аталмыш сала қызметін жіктеуші ғалымдар “инновация – жаңа техника мен технологияға салынған капиталдан алынған материалдық игілік, қызмет көрсету, басқару және тағы да басқа жүйелер бойынша еңбек өндірісін ұйымдастырудың жаңа формалары” деген анықтама береді. Яғни, осы сипаттамаларды жинақтай келе инновацияның өтімділігі жоғары жаңа өнім ойлап табу екенін түсінуге болады. Бұл тұрғыдан алғанда барлық ашылған жаңалықтың инновацияға жатпайтынын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, іргелі міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептеледі Мемлекеттің ғылыми-техникалық прогрессті жетілдіру, инновация саласындағы ролі зор. Себебі  инновациялық-технологиялық даму тұрақты экономикалық өсудің негізгі факторы болып қана қоймайды, сонымен бірге басқа да экономика салаларының дамуына жүйелі түрде әсер етеді.

Ұлттық экономикадағы инновациялық-технологиялық дамуды тұрақты қамтамасыз ету үшін оған сәйкес макроэкономикалық жағдайлар мен реттеу құралдары қажет. Мемлекет экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесінде бастамашы, әрі жеке кәсіпорындарды инновациялық процестерге тарта отырып, сол арқылы өндірістік және бәсекелестік әлеуетін жақсартудың жәрдемшісі болуы тиіс.

2000 жылы «Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы», «2010 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспары», 2001 жылы «Қазақстан Республикасының инновациялық даму жоспары», «Қазақстан Республикасының 2030 жылғы кезеңге дейін арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы» қабылданды. 

Стратегияның негізгі мақсаты – шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Дүниежүзілік тәжірибеден өткен инновациялық даму тәсілдері Қазақстанда да қолданысқа енетін болады. Бұл тәсілдердің алғашқысы технология мен құрал-жабдықтардың халықаралық нарығын тартуға келіп тіреледі. Оның негізгі тетіктері – трансфер және технологияны бейімдеу орталықтары, лизинг бойынша құрал-жабдықтар алу, франчайзингті қолдану, бірлескен кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Екіншісі, төл ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға негізделеді. Бұл бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, ғылыми-техникалық өнімдерді түпкілікті өнім деңгейіне жеткізетіндей етіп өңдейтін орталықтарды қоса қамтитын мамандандырылған венчурлық инфрақұрылымды талап етеді.

Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті басқару ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес мынадай формаларда іске асады:

-   инновациялық-технологиялық дамудың басымдықтарын анықтау және инновациялық бағдарламалар жасау;

-   инновациялық бағдарламаларды іске асыруға қажетті қаржы көздерін тарту;

-   мемлекеттік бюджеттен арнайы қаржыландыру;

-   бәсекелестік қабілеті жоғары өндірістерді дамытуға мемлекет тарапынан қолдау жасау;

-   отандық инновацияларды сыртқы нарыққа шығару;

-   инновациялық процестердің заңнамалық базасын жасау;

-   инновацияның әлеуметтік және экологиялық бағытын қамтамасыз ету және т.б.

Еліміздің индустриялды-инновациялық дамуының бір көрінісі ретінде «ЭКСПО - 2017» көрмесін мысал ретінде алуға болады деп есептеймін.

«Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесі тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеуге бейімделген. Оның мақсаты – жаңармалы энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуды ынталандыру. Қазақстанның ЭКСПО-2017 өткізуге үміткерлігі Парижде 2014 жылы 24 сәуірде Халықаралық Көрмелер Бюросы атқарушы комитетінің отырысы шеңберінде мақұлданды.

«Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған «EXPO-2017» көрмесі Астанада 2017 жылдың 10-маусымы мен 10-қыркүйегі аралығында өтті. Аталмыш шараны 178 елден 4 миллионға жуық адам тамашалады.

Көрме мемлекетіміздің экономикалық дамуына оң әсерін тигізді: шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теңге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жандана түсті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайыздан аса көбейді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті.

«ЭКСПО - 2017» көрмесінің жабылу салтанатында елбасы Н.Ә.Назарбаев:

«Осымен EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін жабық деп жариялаймын. Біз бірінші күннен бастап қолға алғаннан кейін үлкен көрменің құрылысы бар болғаны үш жылға жетпейтін уақытта тұрғызылды. Қаланың ең көркем ауданы салынды. Көрменің сәтті өтуіне мыңдаған адам атсалысты. Осы идеяны қолдағаны үшін ең алдымен Қазақстан халқына шын ризашылығымды білдіремін. Бұл жерде EXPO құрылысына атсалысқан архитекторлар, инженерлер, құрылысшылар, менеджерлер, демеушілер, серіктестер, еріктілер бар. Көптеген мемлекеттер, компаниялар және халықаралық ұйымдар да өз үлестерін қосты. Барлықтарыңызға Қазақ жеріндегі айтулы шараға белсенді қатысқандарыңыз үшін шын жүрегіммен алғыс айтамын»,- деп айтып кеткен болатын. Елбасының сөздерінен байқағанымыздай, ЭКСПО көрмесі аясында Астана қаласында «ЭКСПО қалашығы» салынып, және тағы да басқа құрылыс нысандары салынған болатын. Бұл елордамыздың индустриялды дамуының көрісі деп есептеймін. Алдағы уақытта «ЭКСПО» көрмесінің нысандары толығымен инновациялық және орнықты дамудың мақсатында одан әрі қызмет ететін болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Инновациялық қызметті ұйымдастырудағы басымдықты бағыт ретінде инновациялық ортаны жетілдіру // «Орталық Азия одағынының ұлттық экономика жүйесінің мүмкіншіліктері мен интеграциялық болашағы» халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары, Түркістан қ, 27-29 сәуір 2012, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ

  2. Индустрия өндірісін қайта құрудың инновациялық құрылымдық негіздері // «Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғарту» атты Орта Азия елдерінің II Түркістан интеграциялық форумы. 29—30 сәуір 2013. Түркістан қ. ХҚТУ, 207-209б

  3. Экономикалық дағдарыс және оны шешу жолдары // Хабаршы. Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, №6(70) – Алматы, 2014. 8-11 б.

  4. Индустрия өндірісін интенсивті дамытудың инновациялық тетіктері // «Ізденіс –Поиск» №4-Алматы, 2015ж. 5-9 б

  5. https://massaget.kz сайты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]