Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский в1, 177 тест 2 сем 2016.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
28.12.2017
Размер:
41.65 Кб
Скачать

74. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Галереядағы суреттердің ... табиғат туралы екен.

A) бәрі

75. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Арал экологиясы - ... әлемнің мәселесі.

B) барша

76. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу -... адал азаматтың отансүйгіштігінің белгісі.

A) Барша

77. Жалпылама мәнді сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

C) Туған жердің тауы да, тасы да - бәрі де ыстық маған.

78. Көп нүктенің орнына тиісті нұсқаны қойыңыз.

...дің қатесі - ...ге сабақ.

A) Біреу

79. Белгісіздік мәнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

C) Сөзін әлденеше қайталап, нықтап отыратын.

80. Белгісіздік мәнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

D) Бұл түйінді басқа біреу шеше алмайды.

81. Қимыл иесі белгісіз нұсқаны көрсетіңіз.

A) Кейбіреулер ісіне енжар қарайды.

82. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Адам үшін өмірден бағалы ... жоқ.

B) ештеңе

83. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Кішкентай баласымен ... бара алмай қалды

C) ешқайда

84. Болымсыздық мәнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

B) Ауылдағы ешбір жан сайлауға салғырттықпен қарамады.

85. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ол қандай мәселелерді талқылау керектігін ....

C) айтыпты

86. Бұрын орындалған іс-әрекетті көрсетіңіз.

B) Таңертең теледидардан қызық хабар айтылыпты.

87. Бұрын орындалған іс-әрекетті көрсетіңіз.

C) Әпкем таңғы асқа тәтті тоқаштар мен сусындар әзірлепті.

88. Бұрын орындалған іс-әрекетті көрсетіңіз.

B) Анам кешкі асқа манты пісіріпті.

89. Сөйлемді толықтырыңыз.

Бүгін күн ... .

B) бұлттанып тұр

90. Көп нүктенің орнына қажетті тіркесті қойыңыз.

Ол дүкеннен азық-түлік ....

A) алып тұр

91. Осы сәтте орындалып жатқан іс-әрекетті білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

D) Алмас оны туған күнімен құттықтап, тілек айтып тұр.

92. Осы сәтте орындалып жатқан іс-әрекетті білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

A) Біздің сынып Наурыз мерекесіне дайындалып жатыр.

93. Мақалды толықтырыңыз.

Ас қадірін тоқ...,

Ат қадірін жоқ....

D) білмес

94. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Еліміз ғылым-білімсіз алға ... .

D) жылжымайды

95. Орындалмаған іс-әрекетті көрсетіңіз.

C) Жас маман әлі жұмыс жайын жақсы түсінбеді.

96. Болымсыз мәнді сөйлемді көрсетіңіз.

B) Шынайы сезім болмаса, махаббат та болмайды.

97. Көп нүктенің орнына қажетті тіркесті қойыңыз.

Енді ол досымен жиі ... .

D) кездеспек

98. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Осыдан кейін ол ауыр жұмыс ... емес.

B) істемек

99. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Жас кезінде мерекелерді отбасында атап өткенді ....

C) ұнататын

100. Көп нүктенің орнына қажетті тіркесті қойыңыз.

Сен оны ... .

D) танымайтын боларсың

101. Іс-әрекеттің болашақта жүзеге асу-аспауы күмәнді екенін білдіретін сөйлемді табыңыз.

C) Ол жұмысқа кешікпей баратын болып отыр.

102. Сөйлемді аяқтаңыз.

Мүмкін олар ертең саябаққа ....

A) баратын шығар

103. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Оның мансабы ... көтеріліпті

C) жоғары

104. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Мәжілісте орынбасары бастығынан сәл ... отыр екен.

C) төменірек

105. Көп нүктенің орнына мекендік ұғымды білдіретін сөзді қойыңыз.

Бақыт інісін таппаған соң, ... кетті.

A) Кері

106. Мекендік ұғымды білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

B) Үйдің астында, төменде өздері жасаған спорт залы бар.

107. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Бауыржан Момышұлы ... қызықты аңыздар көп.

B) туралы:

108. Асты сызылған сөздерді мәндес сөздермен алмастырыңыз.

Ауылды дамытуға арналған ауқымды жаңа бағдарламалар қабылданып жатыр.

A) Ауылды дамыту үшін

109. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Сая оқуға түсу ... дайындалып жүр.

A) үшін

110. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Өзі ана болғанға ... анасын түсінбеген екен.

B) дейін

111. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Бақыт ойланып қалды да кабинетіне ... бет алды.

C) қарай

112. Бағытты білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

A) Алматыға дейін ұшақпен жетті.

113. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Оқушылар сабақтан… бата қайырды.

A) кейін

114. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Шығыс Қазақстан өңірі өзінің өзен-суларынан ... оңтүстік аймақтарындағы биік тауларымен де ерекшеленеді.

A) гөрі

115. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

2017 жылдан ... елімізде қазақ тілін меңгергендер саны 80 пайызға жетеді.

A) соң

116. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Дастарқанға шаймен ….. ыстық самса да қойылды.

A) бірге

117. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Қыркүйек айының ортасында Азамат әкесімен ... Италияға жол жүрмек.

B) бірге

118. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Апта соңында «Жеті күннің» басты жаңалықтарымен ... ғаламтордағы жаңалықтармен де танысамын.

B) қоса

119. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ол өз сіңлісімен… келе жатқан қызды танымады.

C) қатар

120. «-ау» арқылы берілген сөйлеушінің көңіл күйін анықтаңыз.

- Балам-ау, денсаулығыңды неге ойламайсың?

A) ренжу

121. Көп нүктенің орнына көмекші сөзді қойыңыз.

Бұл әнді сіз осымен бірнеше рет естідіңіз ... .

C) ғой

122. Көп нүктенің орнына көмекші сөзді қойыңыз.

Сен- ... осы үнемі шаршап жүреді екенсің.

A) ақ

123. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Компьютерде көп отырма, ... көзіңе салмақ түседі.

B) себебі

124. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Мен тауық сорпасын ұнатамын, ... ол жеңіл тамақ.

A) себебі

125. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Қажетті құрал-жабдықтар жеткізілмеді, ... жүргізуші жұмысқа келмепті.

C) өйткені

126. Себеп мәнді сөйлемді көрсетіңіз.

B) Жамбыл облысында қант қызылшасының алқабының көлемін кеңейту керек, өйткені осы өңір бұл дақылды өсіргенге өте қолайлы.

127. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Мен кездесуге сағат 10-ға жазылғанмын, ... тосып отырмын.

C) сол себепті

128. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Кеше болған жоқпын, ... сенен сұрап жатырмын.

D) сондықтан

129. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Тұрмыстық техника бөлімінде кезекте тұрған адам көп, ... күте тұруға тура келеді.

D) сондықтан

130. Іс-әрекеттің салдары көрсетілген сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ас тұзы қымбаттаса, халыққа қиын, сондықтан оған мемлекеттік қолдау қажет.

131. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Бұл мәселені мен ..., бүкіл ұжым шеше алмады.

D) тұрмақ

132. Көп нүктенің орнына қажетті көмекші сөзді қойыңыз.

Аз ... ғұмырда тату-тәтті өмір сүргенге не жетсін!

D) ғана

133. Көп нүктенің орнына қажетті көмекші сөзді қойыңыз.

Қарбыздың денсаулыққа пайдалы екенін үлкендер ... бала да біледі.

C) түгілі

134. Көп нүктенің орнына қажетті көмекші сөзді қойыңыз.

Сауда орындарының саны ..., атынан да жаңылысып қаламыз.

D) тұрмақ

Соседние файлы в предмете Казахский язык