Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қызылорда облысы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
162.76 Кб
Скачать

Мазмұны

I КІРІСПЕ

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы алаңның болуы.................5

2. Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз ету ..............................................7

3. Тұрғын үй қорының тұрғын алаңы ........................................................9

III ҚОРЫТЫНДЫ

IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Осы әдістемеде келесі анықтамалар қоданылады:

1) Тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысанындағы тұрғын жайлар;

Қазақстан Республикасы тұрғын үй қорына мыналар кіреді:

жеке тұрғын үй қоры - жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға және олардың бiрлестiктерiне меншiк құқығымен тиесiлi тұрғын жай; мемлекеттік тұрғын үй қоры -  мемлекеттік меншік құқығына тиесілі және жергілікті атқарушы орган қарауындағы (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) немесе мемлекеттік кәсіпорын қарауындағы (мемлекеттік кәсіпорын тұрғын үй қоры) тұрғын жай.

Тұрғын үй қорына тұрғын үйдегі тұрғын емес жайлар кірмейді.

2) Тұрғын жай – техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін тұрақты тұруға арналған және қолданылатын, жеке тұрғын бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);

3) Тұрғын үй (тұрғын ғимарат) - негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлік болып табылатын өзге де бірліктерден тұратын құрылыс;

4) Үй - жай – тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады;

5) Тұрғын үй - жай (пәтер) - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын жайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай;

6) Тұрғын емес үй - жай – тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлік болып табылатын бөліктерін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, дәмхана, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар);

7) Тұрғын жайдың пайдалы алаңы – тұрғын жайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы;

8) Тұрғын жайдың тұрғын алаңы - тұрғын жайдың тұрғын алаңы - тұрғын жайдағы (пәтердегі) тұрғын бөлмелердің (жатын бөлменің, мейманжайдың, балалар бөлмесінің, үйдегі кабинеттің және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы;

9) Тұрғын жайдың тұрғын емес алаңы - тұрғын жайдағы (пәтердегі) ішкі қосалқы бөлмелердің (ас үйдің, ванна бөлмесінің, дәретхананың, кіреберістің, дәліздің, пәтер қоймасының және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы;

10) Тұрғын жайдың жалпы алаңы - тұрғын жайдың пайдалы алаңының және нормативтiк-техникалық актiлерге сәйкес төмендететiн коэффициенттер қолданылып есептелетiн балкондар (лоджиялар, дәлiздер, террассалар) алаңдарының жиынтығы;

11) Халықты тұрғын үймен қамсыздандыру – тұрғын үйлердің жалпы ауданының (шаршы метрмен) сонда тұратын тұрғындар санына қатынасы ретінде анықталады;

12) Тұрғын үй қорын абаттандыру – абаттандырудың жекелеген түрлерiмен тұрғын үйлердi жабдықтау (су құбырымен, кәрізбен, орталық жылытумен, газбен, ыстық сумен, ванна бөлмелерiмен және т.б.).

13) Сыртқы қабырғалар материалдары – үйдің сыртқы қабырғасы салынған құрылыс материалдары. Егер үй қабырғасы бірнеше материалдардан тұрғызылса, басым материал көрсетіледі.

Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімі туралы жалпы мағлұмат

Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімі (ТҚТ) тұрғын-үй қорының статистикасын қалыптастыру және үй шаруашылықтарын зерттеу үшін іріктемелерді қалыптастыруға тұрғын үйлер және тұрғын жайлар бойынша деректерді қалыптастырып жинау мақсатында жасалған.

ТҚТ жүргiзудің негiзгi міндеттері мыналар: тұрғын үйлер және тұрғын жайлар туралы деректер жинау;

тұрғын-үй қоры бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастыру және көкейкесті ету (бар болуы, жағдайы, iске қосу, қатардан шығару);

іріктеме зерттеулерді өткiзу және статистикалық әзірлемелерде қолдану;

үй шаруашылықтарында іріктеме зерттеулерді өткiзу;

ТҚТ есепке алу бірліктері Қазақстан аумағындағы барлық тұрғын үйлер және тұрғын үй-жайлар болып табылады. Оларға жататындар:

пәтер;

бiр пәтерлi (жеке) үй;

екi пәтерлi үй;

үш және одан да көп пәтерлі үй.

Тіркелімнің құрылымы. Тіркелім республиканың тұрғын үй қоры туралы және пәтерлерде тұратын адамдар саны туралы деректерді құрайды. Тұрғын-үй қорының деректер қоры екі кестеден тұрады:

ҮЙ - негiзгi кесте, жалпы тұрғын үйлер бойынша ақпараттардан тұрады;

ПӘТЕР - қосымша кесте, тұрғын үйдiң әрбiр пәтерi туралы ақпараттардан тұрады.