Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бизнести бағалау.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
520.11 Кб
Скачать

2.3 Амортизацияны есептеу әдісі

  1. Бір қалыпты тікелей әдіс

АО (1ж) = Н * ПС

АО (1ж) = ПС:қызмет мерзімі

АО (1ж) = (ПС - ЛС): қызмет мерзімі

Н = 100 : қызмет мерзімі - өндіріс қаражаттары

Мұндағы,

АО – амортизациялық аударым

Н – амортизациялық аударымның жылдық нормасы

ПС – бастапқы құн

ЛС – жойылу құны

  1. Жылдамдатылған амортизация әдісі

А) Азаятын қалдық әдісі

АО (1 жылға) = (2 * Н) * ОС

Мұндағы,

ОС – жыл басына баланстық (қалдық) құн

Н – тікелей әдіспен есептелген, жылдық амортизациялық аударымның нормасы

Б) Сандық сома әдісі (кумулятивтік)

АО (1ж) = Қалған қызмет жылдың саны / S * (ПС - ЛС)

S = n * n+1 / 2

Мұндағы,

S – қызмет көрсету жылдың сомасы

n – қызмет көрсету жылдың саны

  1. Өндірістік әдіс (өнімдерді шығару көлемі бойынша)

АО (1ж) = Н * W

Н = ПС – ЛС / V

Мұндағы,

H – жылдық амортизациялық аударымның нормасы

W – жыл ішіндегі өнімдерді шығару көлемі

V – құрал-жабдықтар қызметінің мерзімі ішіндегі өнімділігі шығару көлемі

  1. Салық салынғаннан кейінгі ақша ағымы (инвестор табысы) – бұл салықтарды төлегеннен кейін қалатын, таза операциялық табыстың бөлігі.

  2. Берілген несие бойынша банк табысы.

  3. Жал келісім-шарты бойынша жалға берушінің табысы.

Ақша ағымы меншік айналым капиталдың кірісі мен жетіспеушілігіне міндетті түрде енгізу қажет.

Ақша ағымына мысал:

Салық төлегеннен кейінгі таза пайда;

+ амортизация;

± меншік айналым капиталының азаюы (өсімі);

± негізгі қаражаттарға капитал салымының азаюы;

± ұзақ мерзімдегі міндетінің өсімі.

Болжау мерзімінің соңындағы кәсіпорынды сатудан түскен пайда (реверсия)

Реверсия ақша ағымының тікелей капитализациясы арқылы есептеледі. Капитализация коэффициенті кәсіпорындар нарықтарының жағдайына қарап таңдалады.

Егер g темпінің өсуімен, табыстың болжамын болжап, ал алғашқы жылдың соңындағы ақша түсімінің мөлшері РМТі болса, онда ағымдағы құнның формуласы төменгідей анықталады:

PV= PMTi / i-g,

Бұл теңдік – Гордон моделі.

Бұл модельді: ақша ағымы тұрақты және бірдей қарқынмен өскен кезде ғана қолдануға болады. Гордон моделі әділетті болады, егер g-ң өсу қарқыны дисконттау коэффициентінен кіші болса.

Алынған кәсіпорынның қорытынды құнына 2 түзету енгізеді. Біріншісі – операциялық қызметтегі жарамсыз активтердің құны қосылады. Екіншісі – меншік айналым қаражаттарына артықшылыққа (+) жетіспеушілікке (-).

Меншік капиталының қайтарым нормасы бойынша капитализция

Кәсіпорын өзінің меншік қаржы қаражаттары есебімен қаржыландырылған жағдайын қарастырайық.

Қаржы ресурстарының экономикалық мәні мынада. Оларды қай көзден алса да, қаржы қаражаттарын пайдаланғаны үшін төлем төлеу қажет: меншік қаражаттары үшін дивидендттер түрінде немесе қарыз қаражаттары үшін пайыздық аударымдар түрінде.

Меншік қаржы қаражаттарын келесідей түрде көрсетуге болады:

Меншік қаржы қаражаттары

Кәсіпорын меншік иесінің ақшалай салымының бір бөлігі

Шаруашылық қызмет жүргізу нәти-жесінде пайда болатын жинақтаулар (бөлінбеген пайда+амортизация)

Ішкі ресурстардың мобилизация сомасы:

М=А-Н±К,

Мұндағы,

А - жоспарланған мерзімдегі айналым активтерінің бар болуы;

Н - мерзім ішіндегі айналым активтерінің жоспарланған қажеттілігі;

К - жыл ішіндегі несиелік қарыздардың өзгерісі.

Мобилизация мәні мынада: айналым қаражаттарының бір бөлігі негізгі қызметтен алынып, толық құрылысты қаржыландыруға жіберіледі.

Кәсіпорын капиталының құны мен капитал салымның пайдалылық нормасы

Капитал құны деп - өздерін ақтау үшін салынған жаңа капиталды салымдар алып келетін табыс.

Капитал құны – капитал сомасынан пайыздық ставка түрінде анықталады. Инвестор болып несие беруші, кәсіпорын акционері немесе кәсіпорынның өзі бола алады. Капиталды пайдаланғаны үшін төлеу қажет және сол төлемнің өлшемі болып капиталдың құны болып табылады.

Демек, капитал құны – бұл альтернативті құн, яғни капиталды салудан инвесторлардың күтетін табысы.

Кәсіпорынды бағалағандағы капитал құны дисконт ставкасы қызметін атқарады. Дисконт ставкасы – бұл қайтарымның пайыздық ставкасы. Оны кәсіпорын қызмет істеу процессінде тапқан қаржы қаражаттарын алуды жоспарлайды. Кәсіпорын өзінің инвестициялық қызметін жүргізе отырып, өзінің қаржы ресурстарының тиімді салу жолдарын таба алатынына сенімді болмайды. Бірақ сол ақшасын өзінің бизнесіне салып, капитал құнына тең болатын қайтарым ала алады. Сонымен, кәсіпорын капиталының құны – бұл қызмет жасау барысында тапқан қаржы қаражаттарының салымының минималды пайдалылық нормасы. Капитал құнына мынадай факторлар әсер етеді: басқа капиталдық салымның табыстық деңгейі, аталған инвестицияның тәуекелдік деңгейі, қаржыландыру көздері. Капитал құны – альтернативтік құн болғандықтан, аталған капиталдық салымның құны бағалы қағаздар нарығының ағымдағы пайыздық қойылымының деңгейіне байланысты болып келеді. Егер кәсіпорын неғұрлым тәуекелді бизнеске капиталын салуды болжаса, онда оған соғұрлым жоғары табыстылық деңгейі қамтамасыз етілуі қажет.

Шығындық әдіс

Шығындық әдіспен бағалау мақсаты

Мемлекет мүлігін шығындық әдіспен бағалау – бұл бағаланатын обьектінің қайта қалпына келтіру құны есебі кезіндегі ағымдағы құнын және бағалау күніне сәйкес функционалды, физикалық және техникалық жағдайын анықтау.

Обьектінің ағымдағы құнын жаңа құрылыс құнымен тозу есебінің жойылу құнының айырымы есебімен жүргізеді.

Обьектінің ағымдағы құнына тек қана мердігердің табысы ғана емес, сонымен қатар тапсырыс беруші инвестор немесе кәсіпкерлік табысын қосады.

Алдында айтылғандай қайта қалпына келтіру құны бұл меншік обьектісінің дәл көшірмесінің ұдайы өндіріс құны. Сонымен қатар, орынбасу құны- бұл бағаланатын обьектіге тең, бірақ оның көшірмесі болып табылмайтын обьектіні жасауға кеткен шығындар.

Кәсіпкерлік пайда- бұл құрылысшы пайдасы.

Тозу- бұл физикалық бұзылулардан, функциялары ескіруден және әр түрлі сыртқы факторлардан (экономикалық жағдайлардан, қоршаған ортаның жағдайларынан т.б) болатын кәсіпорын мүлкі құнының төмендеуі.

Шығындық тәсілдің басты белгісі- бұл элементтерге жіктеп бағалау, яғни бағаланатын мүліктік комплекс құрамдас бөліктерге мүшеленеді, әр бөліктің бағалауы жасалады, содан соң барлық мүліктік комплекстің құнын, оның бөліктерінің құндарын қосу арқылы анықталады.